Sb5+ катионының сапалық реакциялары 1.NaOH, КОН, NH4OH әсері Сілтілер мен аммиак ерітіндісі сурьма (V) тұздарымен әрекеттесіп SbO (OH)3↓ ақ тұнбасын түзеді:
H[SbCl6] + 6NaOH → SbO(OH)3↓ + 6NaCl + 2H2О H+ + [SbCl6]- + 6ОН-→ SbO(OH)3↓ + 6Cl- + 2H2О SbO(OH)3↓ тұнбасы сілтінің артық мөлшерінде және күшті қышқылдарда ериді:
SbO(OH)3↓ + NaOH + H2O → Na[Sb(OH)6] SbO(OH)3↓ + 6HCl → H[SbCl6] + 4H2О Тәжірибе: Сурьма (V) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы NaOH, КОН немесе NH4OH ерітіндісін қосып, тұнбаның түзілгенін бақылайды.
2. Гидролиз реакциясы. Сурьма тұздарын су қосып сұйылтқан кезде ақ тұнба түзіледі (сурьманың негіздік тұзы):
H[SbCl6] + 2Н2О → SbО2Cl↓ + 5HCl [SbCl6]- + 2Н2О →SbО2Сl↓ + 4Н+ + 5Сl- Тұнба көп мөлшердегі тұз қышқылында және шарап қышқылы мен оның тұздарында ериді.
Тәжірибе: Сурьма (V) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 4-5 тамшы дис-тилденген су қосып, су моншасында қыздырады және тұнбаның түзілгенін бақылайды.
3.Күкіртсутегінің H2S әсері Күкіртсутегі сурьма(V) иондарымен қышқылдық ортада қызыл-сары түсті тұнба түзеді:
2H[SbCl6] + 5H2S → Sb2S5↓ + 10HCl + 2HCl 2[SbCl6]- + 5H2S → Sb2S5↓ + 10H+ + 12Сl- Сульфид-ионының артық мөлшерінде Sb2S5↓ тұнбасы еріп, тиотұз түзеді:
Sb2S5↓ + 3S2- → 2SbS34- Сурьма(V) сульфиді (NH4)2S,(NH4)2S2, Na2S, NaOHерітінділерінде ериді, бірақ NH4OH, (NH4)2CО3ерітінділерінде ерімейді:
Sb2S5 + 3(NH4)2S → 2(NH4)3SbS4 4Sb2S5+ 24NaOH → 5Na3SbS4 + 3Na3SbO4 + 12H2О немесе 3Sb2S5+ 6NaOH → Na[Sb(OH)6] + 5NaSbO3 Түзілген тиотұздар тұрақсыз, олар кышқылдық ортада ыдырап, сурьма (V) сульфидін түзеді:
2(NH4)3SbS4 + 6HCl → Sb2S5↓ + 3H2S + 6NH4Cl 2SbS43- + 6H+→ Sb2S5↓ + 3H2S Сурьма (V) сульфиді 6н HCl ерітіндісінде қыздырғанда бос күйіндегі күкірт түзеді және сурьма (V) сурьма (ІІІ) дейін тотықсызданады:
Sb2S5 + 12HCl → 2H3[SbCl6] + 3H2S↑ + 2S↓ немесе Sb2S5 + 8HCl→2H[SbCl4] + 3H2S↑ + 2S↓
Тәжірибе: Сурьма (V) тұзы ерітіндісінің 4-5 тамшысына 1-2 тамшы 6н НСl ерітіндісін (немесе концентрлі НСl), және тамшылатып (NH4)2S Na2S қосады немесе күкіртсутегін жібереді. Тұнбаның түзілгенін бақылайды. (Реакция сорғыш шкафта орындалады.)
4. Металдар - мырыш, калайы, магний, темірSb5+ катионына Sb3+ катионына әсер еткендей қасиет көрсетеді. Металдар сурьма (V) иондарын қара түсті бос күйіндегі сурьмаға дейін тотықсыздандырады:
2H[SbCl6] + 5Fe = 2Sb↓ + 5FeCl2 + 2HCl 2[SbCl6]- + 5Fe = 2Sb↓ + 5Fe2+ + 12Сl- Тәжірибе: Сурьма (V) ерітіндісіне бір түйіршік темір немесе мырыш салып қара тұнба түзілгенін бақылайды.
5. Сия көк метил тұз қышқылының қатысында Sb5+ катионымен реак-цияға түсіп ерітіндіні күлгін түске бояйды.
Тәжірибе: Сынауыққа анализдейтін ерітіндіден 2-3 тамшы тамызып, оған 2-3 тамшы тұз қышқылын (d=1,19 г/см3), 1-2 тамшы натрий нитридін NaNО2 қосады. Содан соң 3 тамшы қаныққан несіп қышқылын (мочевина) қосып, аздап қыздырады. Осы дайындалған ерітіндіден 2 тамшы сынауыққа тамы-зып, оған 1 мл (0,01%) реагенттің сулы ерітіндісін құйғанда ерітінді күлгін-көк түске боялады.
Тәжірибе жүргізу шарттары: 1) Sb (III) тотықтыру үшін натрий нитритін қосу керек (ең дұрысы нитрит түйіршігін алу NaNО2;
2) NО2 ионын кетіру үшін қаныққан несіп қышқылы ерітіндісін қосу керек;
3) міндетті түрде тексеру тәжірибесін жүргізу керек.
14-кесте. Кейбір реактивтердің V аналитикалық топ катиондарына әсері
MgHPO4, Mg3(PO4)2 ақ тұнба, NH4OH қаты-сында NH4MgPО4 ақ тұнба
(SbO)3 PО4 ақ тұнба
SbO(OH)3ақтұнба
ВіРО4 ақ тұнба
МnНРO4, Мn3(РO4)2 ақ тұнба
FеНРO4, Fе3 (РO4)2 жасыл тұнба
FеРO4 сары тұнба
Сумен сұйыл-ту (гидролиз)
-
SbOCl ақ тұнба
SbO2Cl ақ тұнба
ВіОСl ақ тұнба
-
-
Жалынның бояуы
-
көгілдір
көгілдір
жасыл
-
-
-
Vаналитикалық топ катионының қоспасының анализі Бесінші топ катиондарын анализдеу барысында олардың қосылыстарының ерекшеліктері ескеріледі: висмут және сурьма тұздарының гидролизденуі, сурьманың негіздік тұздарының қымыз қышқылында ерігіштігі, марганец ок-сидінің сұйытылған азот қышқылында ерімеуі, магний гидроксидінің аммо-ний хлоридінде ерігіштігі.
Fе2+, Fe3+катиондарын анықтау Fe2+ катионын K3[Fe(CN)6] ерітіндісінде анықтайды, Fe3+ катионының K4[Fe(CN)6] тұзында тұз қышқылы ортасында V топ катиондары қатысында анықтауға болады.
Sb3+, Bi3+ катиондарын анықтау
Тұнба бар болса оны тұз қышқылында ерітеді, ерітіндіні рН=4-6 дейін жеткізеді. Содан соң 5 көлем дистилденген су қосады. Сурьманың және вис-муттың түзілген негіздік тұздарын фильтрлейді. Ерітіндіге 1н қымыздық қышқылын қосады. Негіздік тұздар және сурьма гидроксиді қымыздық қыш-қылында ериді. BiOCl тұнбада қалады. Алынған қымыздық қышқылы ері-тіндісінде сурьманы анықтайды. Ең қолайлысы күкірт сутек суында. Вис-муттың негіздік тұзын дистилденген сумен жуып концентрлі тұз қышқы-лында ерітіңдер. Ві3+катионының қалайы (II) хлоридімен сілтілік ортада немесе басқа сапалық реакциясы арқылы анықтаңдар.