Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


SiО32- - силикат анионының сапалық реакциялары



бет93/125
Дата28.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#170468
түріҚұрамы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   125
Байланысты:
²³. Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó

SiО32- - силикат анионының сапалық реакциялары


1. ВаС12 барий хлориді SiО32- анионымен BaSiО3 барий силикатының ақ тұнбасын түзеді:
ВаСl2 + Na2SiО3 → BaSiO3↓ + 2NaCl
Ва2+ + SiО32 → BaSiО3
2. Сұйытылған қышқылдар концентрленген силикат ерітінділерімен ақ қоймалжың кремний қышқылының тұнбасын түзеді:
2НСl + Na2SiО3 → H2SiО3↓+ 2NaCl
2H+ + SiO32-→ H2SiО3
Егер суықта тұнба түзілмесе, ерітіндіні қыздыру керек.
3. Аммоний тұздары силикат ертінділерінен кремний қышқылын түзеді. Гидролиз түзілетін иондардың ОН- ионы мен NH4+ ионының байланысын күшейтеді:
SiО32- + 2Н2О → H2SiО3 + 2ОН-
2ОН+ + 2NH4+ → 2NH4OH
SiО32- + 2Н2О + 2NH4+ → H2SiО3↓ + 2NH4OH


Тәжірибе:
Сынауыққа 4-5 тамшы Na2SiО3 натрий силикаты ерітіндісін алып, оған 4-5 тамшы дистилденген су қосып, 2-3 түйір NH4Cl салып, қыздырады. Осы кезде кремний қышқылы ақ қоймалжың тұнба түрінде түседі.
Реакция жүру жағдайы:
1) реакция NH4Cl артық мөлшерінде жақсы жүреді;
2) қыздыру гидролизді тездетеді және тұнбаның түзілуін жылдамдатады.
F-- ионына тән сапалық реакциялар


Фторидтердің қасиеттері. F-- ионы бір негізді фторсутек қышқылының анионы (pK = 3,21). Сулы ерітінділерін кейде плавик қышқылы дейді. Фторидтердің көпшілігі, соның ішінде AgF-ді де суда жақсы ериді. Қорғасын және сілтілік жер металдардың фторидтері ерімейді. Ерімейтін фторидтерді сілтілік жер металдардың карбонаты және SiО2 қоспасымен балқыту арқылы ерігіш күйге айналдыруға болады.
F,ионыың сулы ерітінділері түссіз, гидролиздене алады, қалыпты жағдайда тотықпайды.
F--ионы комплекс түзгіш: [SiF6]2-, [AlF6]3-, [BeF4]2-, [FеF6]3-, [ZnF6]2-, [BF4]2-, [ТіF6]2-. Осылардың ішіндегі тұрақтысы цирконий және берилий комплекс-тері.
Фторидтермен және фторсутекті қышқылдармен жұмыс істегенде НF-дың әйнек шыныларды ерітетінін естен шығармау керек. Сондықтан фтор-сутек қышқылдарымен жұмыс істегенде платина, қорғасыннан, бакалиттен немесе полиэтиленнен жасалған ыдыстарды қолдану қажет. Силикаттан жасалған ыдыстарды қолдануға болмайды!
1. Барий хлоридімен ракциясы. Фторид-ионы F- барий хлоридімен ақ түсті барий фториді BaF2 тұнбасын түзеді:
2F- + Ba2+ BaF2
Тұнба қыздырғанда HCl және HNO3, сондай-ақ аммоний катионы катысында ериді.
Тәжірибе:
Сынауыққы 3-4 тамшы натрий немесе калий фторидінің ерітіндісін және барий хлоридінің тамшысын ақ тұнба түзілгенше қосады.
2. Темір роданидін түссіздендіру реакциясы. Қызыл түсті [Fe(NCS)n(H2O)6-n]3-n, мұндағы n = 1, 2,... , 6, темірдің тиоцианатты комплексі фтор ионы қатысында түссіз тұрақты гексацианоферрат(ІІІ) комплексті қосылысына [FeF6]3- өтеді:
6F- + [Fe(CNS)n (H2O)6-n]3-n →[FeF6]3- + nSCN- +(6-n) (H2O)
немесе
Fe(CNS)3 + 6F- →[FeF6]3- + 3SCN-
Бұл реакцияны кобальт катионын анықтауда (көк түсті кобальттың тиоционатты комплексті қосылысы түрінде) темір(ІІІ) ионынының кедергісін жою үшін қолданады. Егер ерітіндіде натрий катионы болса, онда аз еритін комплексті тұздың Na3[FeF6] ақ тұнбасы түзіледі.
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы темір(ІІІ) тұзының ерітіндісін және 1 тамшы сұйытылған калий тиоцианатының KNCS ерітіндісін құяды. Темірдің тиоцианатты комплексі түзілу нәтижесінде ерітінді қызыл түске боялады. Алынған ерітіндіге калий фторидін тамшылатса түссізденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет