Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет122/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
Орысша оқушылар // Қазақ, 1913, 15 август. 
2.
Қамзабекұлы Д. «Алаш және әдебиет». –Астана. Фолиант, 2002, 472б. 
3.
Жұмабаев М. Шығармалар. –Алматы. Жазушы, 1989.-448б. 
4.
Жұмабаев М. Шығармалары. 3-томдық. 1-том. –Алматы. Білім, 1995-256б. 
5.
Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін]: анықтамалық.-А: Ана тілі.-2004.-392 бб. 
Ғылыми жетекшінің аты-жөні: 
филол. ғ.к., доцент Ғ. М. Ниязова
БІЗДІҢ ТІРЕГІМІЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК 
 
Жолдыбай Г. М. 
 Ақтөбе гуманитарлық колледжі 
Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орналған, бір ауыздан 
айтылып, кең көлемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, 
бар уақыттада қан тамырымыздың лүпіліндей естіледі бізге. Иә,бұл – бүкіл қазақ жұртының, 
дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар 
асыл лебізі. Ол – өлең, ол- сұлулық, ол- асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген 
сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да, тыныштығымыздың да 
қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан. Талай – талай қас батырлар жанын қиып, 
қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өткінші жандар 
мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз - 
Қазақстан! 
Қазақстан – Тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?!
Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Біз үшін, ең ауыр болған сұрапыл 
оқиға тәуелсіздіктің дүрбелеңі. Қазір сол қиын кездің бәрі ұмтылып, бізге тарих болып қала 
бермек. Біз тәуелсіздікті ақыл мен ата-баба жолымен алдық деп ойлаймыз. 
Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, 
ынтымақтастық пен татулықтың күні. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде 
көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік.
Тәуелсіздігімізге көз тимесін! 
Тәуелсіздігімізге сөз тимесін! 
Мақтандық! Мақталдық! Асар асулар әлі алда. «Санаулы күндерден кейін біз азаттық 
туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз.Бұл – 
тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін 


135 
қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. 
Тәуелсіздігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі,
өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді» деді күні кеше Президент халқына
арнаған дәстүрлі Жолдауының алғы сөзінде . Рас – ақ! Талай даңғылдарды шолып, асуларды 
алуымыз қажет! 
Өткен жылы дамыған елу елдің қатарынан орын тепсек, енді отыздық межені 
бағындыруға тиіспіз. Осы мұратқа жетуді екі жылдан кейін Астана шаһарында өтетін 
«ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі жақындата түсу керек. Өйткені, оған әлемнің әр 
мемлекеті ат салысады, әр елдің өкілі бас қаламызға қонақ болады. Иә, біздің 
айбынымызбен танысып, асқақтағанымызға таңдай қағады. 
«Сәт сайын құбылған алдараспан заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – 
уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді 
белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері 
гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік ел» ету!» деді Жолдауда Елбасы. 
Ендеше біздің дамуымызды алпауыт елдердің тізесін дірілдеткен қандай дағдарыс та тежей 
алмайды. Бұған 2008 – 2010 жылдардағы эканомикалық «кризис» кезінде көз жеткізгенбіз.
Басшымыздың дара саясаты бұл жолғы қиындықтан да жаңа жолға, жаңа дамуға, жаңа 
белеске бастап шығады деген зор үміттен жаңылмаймыз.
2016 жылымыз енді бастау алып жатыр, бір жылда 365 күн болса, соның ішіндегі 
айтулы мерекелердің кереметі – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы екендігіне ешкім дау айта 
қоймас. Міне, осы айтулы жылдың басын Елбасы еліне арнаған көнелі сөзінен бастады. Ұлт 
арманы қалай өріліп, баба қазақтың түсінде көрген бостандықтың уызына тойған бүгінгі бала 
қазақтың өзгелермен еңсесі теңеліп, рухы биіктеп, қасқайып тұруы үшін неге ұмтылуы 
керектігін айтыпты. Мына егемен ел, тәуелсіз мемлекет болғанға дейін мың өліп, мың 
тірілген халықтың бүгінгі өскелең ұрпағы әр таңы арайлап атқан қазіргі кезеңде, ең бақытты 
шағында мемлекет тағдырына әсерін тигізер келелі істерді қалай бастауы керектігін, неден 
бастауы керектігін айтыпты. 
Бүгінде іңгәлаған нәрестеден бастап, мектебіне білімге құлшынған алты жасар 
еліміздің ертеңгі тірегі бүлдіршінінен, басын ақ қырау шалған аталарымыз бен ақжаулықты 
– тұтас елдің анасына айналған әр ауыл, әр аймақ, әр үйдегі кең пейілді кейуанаға дейін 
«Менің Қазақстаным» деп кеудесін керіп еркін демалады. Ал оның ұрпақтардан ұрпақтарға 
жетіп, Ұлы Даланың мәңгілік мұратына, сөнбес шырағына айналуы бізге байланысты. 
Біз ежелден елім деп еңіреген, оның тізгінін берік ұстап жарқын болашақтарға 
бастаған алып тұлғаларын пір тұтып, соның артынан лайықты түрде ере білген елміз. Ал 
қазіргі қазақ халқы қолдап отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі – сыртқы саясаттағы 
Абылайдай айбынды қадамына әркез қолдау көрсетуді парыз санайды. Өйткені, ел мұраты 
да, ер мұраты да бір. Ол – ұлттың арманына жетуі. [5.2.] 
Міне, біз осынау өлкенің ұрпағы өнерде де, білімде де, салт пен санада да, еңбекте де 
тек бүгініміз емес ертеңіміз нұрлы боларына сенімді ұрпақ – барымызды бағамдап қастерлей 
білетін топтанбыз. Ал мұндай елде тұрып өмір сүру кім – кімге де болсын бақыт! Бақыттың 
бақшасында ұл – қыз өсірген әр шаңырақтың тілегі де, тілеуі де осы. Ендеше, елім менің –
Қазақстаным жасай бер, жайнай бермек . Ел рәміздеріміз – көкбайрағың алып бүркіт 
көтерген туың жығылмасын. Пырақты қос арғымағын жоғары өрлеткен Елтаңбаңның еңсесі 
түспейді. Асқан үнді Әнұраның мәңгі шарықтайды. Өйткені, бұл өзі әлемге танытқан алып 
елім. Менің Қазақстаным, тілімнің тірегі, елімнің жүрегі болғай, алтын бесік жақұтты 
мекенім Қазақстаным! 
Биылғы жылы өз Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығының тарихи кезеңіне жеткен 
қазақ елінің алдына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға 
бастайтын жол» мақаласы арқылы жауапты әрі асыл міндеттер қойып отыр. Әр ұрпақтың өз 
арманы бар болса, бүгінгі ұрпақ арманы – XXI ғасырда Қазақстанды әлемнің көшбасшы отыз 
мемлекетінің қатарына жеткізу екендігін ұғынамыз. «Ата – бабаларымыздың көптеген 
ұрпақтары үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді. Біз олардың азат және 


136 
тәуелсіз Отанды аңсаған көпғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық», - деген 
Президентіміздің пайымды ойында көз алдымыздағы тарихи ақиқат жатыр. Қазақстан 
Тәуелсіз ел болып қалыптасты, әлемді мойындатты! Бұл, әрине біздің Тұңғыш Президентіміз 
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның даму жолын көрегендікпен дұрыс таңдап, айқындай 
білуінің арқасында болған жағдай. Бұл ешбір талас тудырмайтын ақиқат! [2.4.] 
Жиырма бес жылда жүріп өткен құтты жолымыздағы ел бірлігі мен ел ынтымағы 
сияқты қос құндылығымыз біздің берік ұстанымызға айналды. Жаһанды алаңдатып 
отрғырған дағдарыс жайында Қазақстанның өсуі мен өркендеуін қамтамасыз етуді Елбасы 
біздің алдымызға тегіннен тартып отырған жоқ. Біздің еліміздің зор мүмкіндігі бар. Ең 
бастысы, біздің елімізде Қазақстан экономикасының жыл сайынғы нақты табыстары мен 
ұлттық байлық халық игілігінің өсімімен нығая түсуде.
Сонымен бірге, тәуелсіздік алған кезеңдерден бері елімізде бірқатар сайлаулар өтті. 
Ал биылғы 2016 жыл – Қазаұстан тарихында ерекше жыл. Яғни, Қазақстан 
Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Екіншіден, осы жылы «100 нақты қадам» - 
Ұлт Жоспарын жүзегеи асыру қолға алынды.
Осы ауқымды жұмыстарды іске асыру бағытында бізді аса көп нақты іс- шаралар 
күтіп тұр, Бұл сайлаудың ең басты мақсаты – Елбасымыздың алға қойған тапсырмаларын 
басшылыққа ала отырып, бүкіл қазақстандықтардың бірлігін қазіргіден де нығайта түсу. Ол 
үшін, әрине, келісім мен ынтымақ керек. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар 
сайлауларынан барлығымыз осыны күтіп отырмыз. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі 
мәслихаттар сайлауларын бір күнде өткізу еліміз үшін, халқымыз үшін барлық жағынан 
тиімді. Сондықтан, біз Мемлекет басшысының бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін 
тарату және Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын 
толықтай қолдаймыз, сондай – ақ, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлаулары
ұйымдасқан түрде ойдағыдай өтетініне сенімдіміз. [4.7.]
Өткен жылдардағы тарихымызға көз жіберсек, Нұрсұлтан Әбішұлы 1995 жылы 
мемлекеттің, ондағы әр азаматтың тағдырына қатысты жауапкершілікті өз иығына артып, 
бірнеше айдың ішінде 150- ден астам заңға қол қойып, ол Қазақстанның әрі қарай дамуына
жол ашты. Сол кезде Ата Заңымыз қабылданды. Жас мемлекет, өзінің қажет 
институттарының заңдық негізін енді қалай отырып, төл теңгесін дүниеге әкеліп, 
бәсекелестікке толы әлемде алдына қойған кеуделі мақсаттарын жария етті.
Президенттің бағдарламалық мақаласында барлық бағыт айқын көрсетілген. Оның 
әрбір пунктінің мәні ерекше, маңызы жойқын. Мемлекетті кәсібилендіру, құқық тәртібі және 
заңдылық, индустрияландыру және экономикалық өсу, қоғамға есеп беретін ашық мемлекет, 
ұлт бірлігі сынды маңызды мәселелердің барлығы қамтылған . Себебі, мақалада Елбасының 
басты мақсаты – әлеуметтік жетілген, экономикасы қуатты, өсіп – өркендеуші Қазақстанның 
дамуы халықтың біртұтастығында екендігі көрініп тұр. Сондықтан да Мемлекет басшысы 
бағдарламалық мақаланың бір бөлімін «Реформалар табысы – ұлт бірлігіне бастар жол» деп 
атайды. [3.5.] 
Біз барша қазақстандықтардың Ұлт Жоспарын жан – жақты қолдап отырғанына, оны 
елдің кемел болашағына жол ашатын нақты қадамдар деп қабылдағанына қуаныштымыз.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан ағамыздың «Ұлт 
Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын оқи отырып, мен өзімнің 
бақытты елде тұрып жатқанымды барында түсініп, бізге осындай сұңғыла саясаткерді 
сыйлаған Жаратқанға мың да бір тағзым етіп, алғыс айтамыз.
Қаншама мәселелер қамтыған, қаншалықты тереңнен қозғалып, түсінікті жазылған 
ғаламат маңызды жобалар әлем президенттері мен ірі саясаткерлердің қол жетпейтін аңсаған 
арманы дер едім. Біз – арманы асқақ елміз. Біз – бәсекеге қабілетті ұлтпыз. Біздің елде ұлт 
пен ұлыстар және көптеген этностар болғанымен, мақсатымыз ортақ, мұратымыз – бір. Ол 
елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды – Мәңгілік Ел ету! 
Елбасымыздың сөзімен айтар болсақ «Біз тәуелсіз Қазақстанды Ұлы Дала елі ретінде 
жаңадан қалыптастыра алдық. Енді осы бағытымызға күш – қуат беріп, елімізді әлемдегі ең 


137 
озық 30 мемлекеттің біріне айналдыру тұрғысында ұлы мұратты іске асыруға батыл қадам 
жасап келе жатырмыз. Сол ұлы мұратты іс жүзіне асыратын ұлы Ұлт Жоспарымыз да бар. 
Бұл жоспар барлық жаңартуларға, жаңаруларға серпін беретін жоспар. Егер біз бірлік пен 
татулығымызды біріктіріп қимыл жасасақ, Қазақстан халқының алмайтын қимылы, 
аспайтын асуы жоқ деп ойлаймыз». 
Себебі, біздің тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – Тұрақтылық, білегіміз – Бірлік. 
Жиырма бес жылда жүріп өткен құтты жолымыздағы ел бірлігі мен ынтымағы сияқты қос 
құндылығымыз біздің берік ұстанымызға айналды. 
2016 жылдың 16 желтоқсанында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық 
мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. 
Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына 
қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай 
жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет 
басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімнен бұрын жүзеге асып 
келеді. Осы кезең ішінде не тындырдық? 25 жылда жеткен жетістіктеріміз қандай? Биыл осы 
сұрақтарға жауап беретін, өткен жылдарға қорытынды жасап, Мәңгілік Ел болуға бекінген 
мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы десек 
қателеспейміз.
Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арналған Жолдауында Елбасымыз 
Н.Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды 
айта келіп: «Бұл тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық 
белесін қорытындылайтын мерейлі сәт».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет