292
перделермен жабу, хай-текке тән емес. Сол себепті жалюзиді қолданған дұрыс. Ол жарықты
реттеуге көмектеседі. Сонымен қатар қабырғаларды айтатын болсақ, оларды әр түрлі
түстерге бояп, түсқағаздарды қолданбаған дұрыс.
Хай-тек стиліндегі интерьерді жобалау барысында оның қарапайымдылығын ескере
отырып, барлық элементтер дұрыс және ойластырылып таңдалуы керек. Кез келген
таңдалмаған, орынсыз ыдыс немесе қабырға суреті барлығын бұзуы мүмкін. Жиһаз, мата,
ыдыс, барлығы тегіс және жылтыр болу қажет. Жылтыр кеңістікті үлкейтіп, жарықты қосып,
кеңдік әсерін береді. Олар жақтаусыз болуы мүмкін, бірақ оларды қайда ілу керек екендігі
әбден ойластырылу керек. Қарапайым жапқыштар мұндай жерде ыңғайсыз болады. Ал кез
келген жалюзи үйлесімді бола кетеді. Әрине мұндай жерде фарфор мен хрусталь орынсыз.
Стильдің таңдауы - әйнектен немесе жылтыр, бір түсті, суреттерсіз, нақты геометриялық
шар, цилиндр, конус формаларындағы «техно» ыдыстар.
Отбасылық дәмхана лофт стилінде болған жағдайда ішкі интерьер дизайнының
ұйымдастыру өнері басты орын алады. Интерьер дизайнын қалай және немен орындау деген
сұрақ техникалық жағынан емес эстетикалық мағынасымен маңызды. Сондықтан лофт
стилінде отбасылық дәмхана интерьерін орындағанда, ең алдымен, тапсырыс берушінің
қалауын анықтап алу керек. Сән тұрақсыз, ол әрдайым өзгеріп тұрады. Барлығы алдын-ала
ойластырылып, функционалды негізделіп, әдемі орындалу керек. Лофт стилінде отбасылық
дәмхананы безендіруде универсалды кеңестер жоқ. Бірақ фантазия кеңістігі мен қазіргі
заманғы мүмкіндіктерге қарамастан, мұнда өзінің ұсақ құпиялар бар.
Дизайн-жоба отбасылық дәмхана интерьерінің құрылымын, оның қайта
жоспарлануын, қажетті аксессуарлардың таңдауын қарастырады. Лофт стилінде отбасылық
дәмхананың дизайн-жобасына тапсырыс берушілердің сұранысын ескере отырып тәжірибелі
дизайнермен құрылады. Тапсырыс берушінің рұқсатымен ғана жоба іске асырылады.
Дизайнерлер тапсырыс берушіге дайындалған дизайн-жобаның эскиздерін, фотоларын,
сызбаларын көрсетеді. Тапсырыс берушінің ұсыныстарын ескере отырып, жобаны бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: