Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет286/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   330
Байланысты:
3 том (1)
0c319226bb704f368d1dc8e9b87c0c63, Келимбердина Дария. Гылыми жумыс 2019 шу қаласы
Abstract 
Abstract: 
The exterior of the family cafe is made in the style of hi-tech simple and beautiful, and 
people of any age should be satisfied. In the area of the family cafe there is a summer cafe area. The 
building of the family cafe is made of 2 colors made using modern high techn appearance in 
accordance with our style. Accordingly, the exterior furniture was so chosen characteristic for this 
style, to rest, all according to ergonomics is a very favorable environment for people. As for the 
family cafe, the interior of the building consists of 2 floors. On the first floor there is a living area, 
service areas, a dining room, a bathroom, storage and a refrigerator compartment. Each number is 
made depending on the style of transition from one zone to the second zone is almost not observed. 


291 
The interior of the rooms is in the style of a loft and minimalist style, with the intervention of the 
main style of minimalist style and with obvious signs of loft style. The color decision taken in 
accordance with this style uses colors that are opposite colors, and these colors are chosen in 
furniture. On the second floor there is an office, a waiting room and a bathroom. This floor is made 
in minimalism and loft respectively the strength of the building.
 
Ең алғаш дәмхананың қалай пайда болғанын қазіргі таңда ешкім нақ басып ата 
алмайды. Дәмхана ең алғаш Парижден бастау алған деген пікір қалыптасқан. Алғашында 
олар тек қала қонақтары мен саяхатшыларға қызмет көрсеткен, себебі, тұрғылықты 
тұрғындар онда тіптен бармаған. 
XVIII ғасырдың басында бұндай орындар құлдырауға дейін барды, себебі, адамдардың 
талаптары көбейді және аспазшының тағамды үйде дайындауын қалады.
1718 жылы Париж үстімен өтіп бара жатқан жолаушы осындай мекеменің біріне 
мынадай пікір айтқан: «Үстелдері алыстан келген қонақтарға қолайсыз, бірақ мұнда одан 
басқа үстел жоқ болатын. Ас құралдарын өзің алып, көптеген бейтаныс адамдармен бірге 
отыруға тура келеді. Сыпайы және әдепті адам мұнда тіптен тамақтана алмайды. Үстелдің 
ортасына күнделікті келушілер отырып, тоқтамастан әртүрлі әзілдер айтып отырады. 
Ұялшақ адам тамаққа енді кірісе бергенде, пысықтар сол мезетте – ақ үстел үстіндегі 
тамақты тауысып тастайды,» - деген пікір қалдырған. Содан кейін ғана халыққа жаңаша 
тамақтану орындары ашылды, келушілерге қызмет көрсетілді. Осылайша олар дәмханаларға 
айналды. Алғашында дәмханада сорпа, ет тағамдары және жұмыртқа берілген. Мұндай 
дәмхананың бірінің иесі Буланже болды. Ол 1765 жылы Лувр маңайындағы Рю Де Пулиде 
ашылды. Дәмхана саны жылда өсті, бірақ олардың бір – бірінен ешқандай айырмашылығы 
болмады. 
Келесі ашылу 1786 жылы болды. Бұл жылы ағылшын тавернасы Пале – Рояль алғашқы 
сәнді дәмханаға айналды. Бұл тавернаның иесі бұрын граф Провансальскийде бас аспазшы 
болып жұмыс жасаған Антуан Болливер болды. Болливер барлығын келушілерге ыңғайлы, 
әрі жайлы болатындай етіп жасауға тырысты. Оның дәмханасы өзінің әсемдігімен және 
сәнділігімен ерекшеленді. Үстелдері қызыл ағаштан, хрусталь аспашамдар, әдемі 
өрнектелген дастархандарымен ерекшеленді. Сонымен қатар көптеген дәмді тағамдар 
дайындалды. Сол жылдың 8 маусымында дәмхана иелеріне келушілерді қыста сағат 23-ке 
дейін, ал жазда сағат 14-ке дейін қабылдауына үкімет өз рұқсатын берді. Алғашқы қадам 
әрқашанда қиын, бірақ негізі қаланғаннан кейін, дәмханада кәсібі шапшаң дами бастады. 
Көптеген жаңа дәмханалар ашылды, онда көбіне стиліне, қызмет көрсетуіне көңіл бөлінді 
және ас мәзіріне басқа елдердің тағамдары да кіргізілді. Сол кезден бастау алған дәмханалар
дами келе қазіргі таңдағы, өзіміз көріп жүргендегідей дәмханаларға айналды. Мұндай 
жерлерде жақсы демалумен қатар, жақсы тамақтана аламыз және осы мүмкіндікті бізге 
қазіргі заман дәмханалары қамтамасыз етіп отыр. 
Сәулет өнерінің негізгі белгісі – адам өміріне қажетті ортаны қалыптастырып, қоғам, 
мәдениет, ғылым мен техниканың жетістіктері мен жайлылықтығы дәрежесімен анықталды.
Архитектурада және дәмхана интерьерінде хай-тек стилін қолдану үйді немесе 
дәмхананы модуль, функционалды блок етіп көрсетеді. Дәмхана өмір белсенділігін сезіндіру 
ролін атқарады. Себебі хай-тек стилінің басты мақсаты қонақтардың ыңғайына 
функционалды және талғамды аксессуарлар мен жиһаздар таңдалады.
Интерьер дизайнері маманының маңызды міндеттерінің бірі – талғамның жоғары 
дәрежеде болуы, мүмкіндігіне сай композициялық ойлау қабілетін қалыптастыру және 
экономикамыздың дамуына байланысты заттың сапасы және моделі тұтынушылардың 
көңілінен шығуы тиіс. Бұл әдістік көрсеткіштер маман иегерінің оқу-сарамандық 
процестерде үздіксіз дайындықта қолдануды өзіне мақсат етеді. Әсіресе, дизайн жобасында 
жоспарлы шешімге, талғамға баға беру, жиһаздардың пішіндік шешімін жасау және кез-
келген дизайн интерьердің кәсіби шеберлігінің қабілеттілігі жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. 
Хай-тек стилінің негізін кеңістік пен жарық құрайтыны айта отырып, жарықтың негізгі 
көзі терезелерді ұмытуға болмайды. Дегенмен терезелерді жапқыштармен немесе 


292 
перделермен жабу, хай-текке тән емес. Сол себепті жалюзиді қолданған дұрыс. Ол жарықты 
реттеуге көмектеседі. Сонымен қатар қабырғаларды айтатын болсақ, оларды әр түрлі 
түстерге бояп, түсқағаздарды қолданбаған дұрыс. 
 
Хай-тек стиліндегі интерьерді жобалау барысында оның қарапайымдылығын ескере 
отырып, барлық элементтер дұрыс және ойластырылып таңдалуы керек. Кез келген 
таңдалмаған, орынсыз ыдыс немесе қабырға суреті барлығын бұзуы мүмкін. Жиһаз, мата, 
ыдыс, барлығы тегіс және жылтыр болу қажет. Жылтыр кеңістікті үлкейтіп, жарықты қосып, 
кеңдік әсерін береді. Олар жақтаусыз болуы мүмкін, бірақ оларды қайда ілу керек екендігі 
әбден ойластырылу керек. Қарапайым жапқыштар мұндай жерде ыңғайсыз болады. Ал кез 
келген жалюзи үйлесімді бола кетеді. Әрине мұндай жерде фарфор мен хрусталь орынсыз. 
Стильдің таңдауы - әйнектен немесе жылтыр, бір түсті, суреттерсіз, нақты геометриялық 
шар, цилиндр, конус формаларындағы «техно» ыдыстар. 
Отбасылық дәмхана лофт стилінде болған жағдайда ішкі интерьер дизайнының 
ұйымдастыру өнері басты орын алады. Интерьер дизайнын қалай және немен орындау деген 
сұрақ техникалық жағынан емес эстетикалық мағынасымен маңызды. Сондықтан лофт 
стилінде отбасылық дәмхана интерьерін орындағанда, ең алдымен, тапсырыс берушінің 
қалауын анықтап алу керек. Сән тұрақсыз, ол әрдайым өзгеріп тұрады. Барлығы алдын-ала 
ойластырылып, функционалды негізделіп, әдемі орындалу керек. Лофт стилінде отбасылық 
дәмхананы безендіруде универсалды кеңестер жоқ. Бірақ фантазия кеңістігі мен қазіргі 
заманғы мүмкіндіктерге қарамастан, мұнда өзінің ұсақ құпиялар бар. 
Дизайн-жоба отбасылық дәмхана интерьерінің құрылымын, оның қайта 
жоспарлануын, қажетті аксессуарлардың таңдауын қарастырады. Лофт стилінде отбасылық 
дәмхананың дизайн-жобасына тапсырыс берушілердің сұранысын ескере отырып тәжірибелі 
дизайнермен құрылады. Тапсырыс берушінің рұқсатымен ғана жоба іске асырылады. 
Дизайнерлер тапсырыс берушіге дайындалған дизайн-жобаның эскиздерін, фотоларын, 
сызбаларын көрсетеді. Тапсырыс берушінің ұсыныстарын ескере отырып, жобаны бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет