Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Ғылыми жетекші : Ж.И.Сұлтан



Pdf көрінісі
бет46/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Ғылыми жетекші : Ж.И.Сұлтан 


43 


УДК 81'276 
 
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 Наурызова А.Б. 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 
 
Аннотация: 
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің мақал- мәтелдерде 
қолданыс сәйкестіктерін ғылыми тұрғыдан дәйектеу, олардың ағылшын және қазақ 
тілдерінде қолданылу қызметіне жан-жақты талдау жасау болып табылады.
 
Кілт сөз
: фразеология,
 
мақал- мәтелдер, тіл, грамматика 
 
Ағылшын 
тілдеріндегі 
фразеологизмдердің 
құрамын 
зерттегенде 
семантика-
грамматикалық құрылымы, жасалу тәсілдеріне өзгешеліктен гөрі жалпылықтарының көп 
екендігі байқалады. Мәселен, ағылшын тіліне байланысты А.В. Куниннің [1, 82] 
фразеологизмдердің негізгі белгілері деп көрсеткен төрт белгісі кез келген тілге тура келеді: 
1.
Фразеологизмнің мағынасы; 2. Олардың грамматикалық үлгісі; 
3.
Сөздік құрамы; 4. Қолданылу аясы. 
Жалпы, А.В. Куниннің фразеологизмдер жөніндегі еңбектерін басынан аяғынадейін 
зерттегенде аңғарылатын негізгі мәселе фразеологизмдердің негізгі белгісі тұрақтылық 
белгісін ту етіп ұстайды: қолданылу тұрақтылығы; құрылымдық-семантикалық тұрақтылық; 
семантикалық тұрақтылық; лексикалық тұрақтылық; синтаксистік тұрақтылық; 
Бұл жерде айтпақшы болған ойымыз-мақал-мәтелдердің лингвистикалық теориялық 
негіздерінің жақындығы. 
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен 
қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат 
табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі. Адам және оның 
қасиеттеріне байланысты қазақ және ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдер өте көп. Мысалы, 
A bargain is a bargain.
Уәде-жанның азығы; 
Calamity is man’s true touch stone.
Дос, басыңа істүскенде танылады; 
Сонымен қатар, адам бойындағы асыл қасиеттерді айқындайтын мақал-мәтелдер 
баршылық. Онда ақылдық, адамгершілік, адамның ішкі рухани дүниесінің әсемдігі көрініс 
тапқан. 
Кісінің шырайына қарама, райына қара. 
The face may hide a foul heart;
A fair face may hide a foul heart. 
Адамды түсіне қарап таныма, істеген ісіне қарап таны. 
Handsome is that (as) handsome does. 
Тау таумен қауышпайды, адам адаммен қауышады.
Men may meet but mountains never, Friends may meet but mountains never. 
Осы бір мақалды талдап көрелік. 
«
Тау таумен қауышпайды
». Бұл мәселені мақалдың өзі-ақ шешіп тастаған сияқты. Ал 
«
адам адаммен қауышады
» деген тармағының жүгі өте ауыр. 
Демек, адам баласы әлемнің қайсы бұрышында жасаса да, бір-бірімен кездесуі, көрісуі 
мүмкін деп дәл айтқан. Бұл пікір біздің халықта мықты дамыған:
«
Ат баспаймын деген жерін үш басады, ер көрмеймін деген жерін үш көреді
». 
Жақсының өзі өлгенмен, ісі өлмейді.
True blue will never stain. 
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. 


44 
He who says what he likes, shall hear what he does not like. 
Ұрлық түбі қорлық. 
Mills of God grind slowly but sure. 
Бұл келтірілген мақал-мәтелдер адамдардың «
Адам деген ардақты атқа
» сай, теріс 
қасиеттерден аулақ болып, ақылды, батыр, ержүрек, байсалды, адамгершілігі мол, кішіпейіл 
болуды екі халыққа бірдей насихаттайды. 
Еңбек-тіршіліктің қайнар көзі, өмір сүру тәсілі. Ал кәсіп болса еңбекке негізделген. Адам 
баласы пайда болғаннан бастап тынымсыз еңбек етіп келеді. Тарихқа үңілетін болсақ, 
адамдар еңбек құралдарын үздіксіз жетілдіре отырып, тынымсыз еңбек етудің нәтижесінде 
қазіргі кездегі жетістіктерге жеткен. Осы жайында Фридрих Энгельс «Адамды адам еткен-
еңбек» - деп дәл айтқан. 
Еңбек етсең еленерсің, қызығына бөленерсің. Еңбек етте мақтан, ойнап күлде шаттан. 
All work and no play makes Jack a dull boy. 
Еңбек түбі-береке, көптің түбі-мереке. 
The end crowns the work. 
Еңбектің наны тәтті.
Nothing to be got without pains. 
Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда. 
Where there’s a will, there’s away. 
Ғылым – қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз 
ғылымның дүниені танып, игерудің, данышпандық пен зерде-ліктің қайнар көзі екенін жақсы 
білеміз. 
Білім дегеніміз – материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы 
әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс бейнеленуі. Ғылым, білім, 
өнер туралы мақал-мәтелдер қазақ және ағылшын тілдерінде көп кездеседі 
Күш – білімде. – Knowledge is power. 
Өмір бойы үйрен. - Live and learn. 
Сонымен қатар, ағылшын тіліндегі сияқты өмір, өлім, тағдырға байланысты мақал-
мәтелдер бар.
 
Өмір тәжірибесі – ақыл-ойдың көзі.
Experience is the mother of wisdom. 
Қиыншылық. – Үміт. – Ақыл. – Кеңес. – Тәлім-тәрбие тақырыптары 
ағылшын халықтарына жат емес. Оны мына мақал-мәтелдерден көруге болады:
 
Игіліктің ерте-кеші жоқ; 
 Ештен кеш жақсы.
Better late than never. 
Өнеге – өте тиімді өсиет.
Example is better than precept. 
Біруге ор қазба, өзің түсерсің.
He that mischief hatches mischief catches 
Махаббат пен достық – адам бойындағы асыл қасиеттердің, сезімдердің жиынтығынан 
тұрады. Махаббат пен достық жайында көптеген ақын-жазу-шыларымыз ой 
толғаған.Ендеше, осы белгілі ақын-жазушылар жырлаған махаббат, достық жайлы қазақ 
және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер мол, соларды талдап көрейік.
 
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
A friend in court is better than a penny in purse. 
Жүрекке әмір жүрмейді. 
Love cannot be forced. 
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі,» - деп Т. Карлейль айтқандай, денсаулық 
– адам үшін ең қымбат, бағалы [2]. Адамның ең бірінші байлығы-денсаулық туралы мақал-
мәтелдер де жеткілікті. Мәселен,
Денсаулық – зорбайлық. Good health is above wealth; 


45 
Haelth is better than wealth. 
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра отырып, оларда тіл және сөз өнеріне 
байланысты мақал-мәтелдер бар екенін анықтадық.
Адамды сөзінен емес, ісінен таны. 
Actions speak louder than words. 
Аз сөйле де көп тыңда. 
Hear much speak little. 
Көпсөз – көмір, азсөз –алтын. 
Speech is silver, but silence is gold. 
Л.Н. Толстой: «Тіл – миллиондаған ұрпақ жасаған жанды зат,» - деген екен [3]. 
Өз үйім – өлең төсегім. 
There is no place like home. 
Өмір бар жерде үміт бар. 
While there is life, there is a hope. 
Не ексең, сонны орарсың. 
As you sow, you shall mow. 
Қорыта айтқанда, қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерге үңіле қараған сайын, 
оның қоғамның барлық саласын қамтитындығын аңғарасың. Бұл мақал-мәтелдердің басқа 
мәдениет қорынан ерекшелігі көлемі жағынан қысқа, мазмұн жағынан тереңдігінде ғана 
емес, көңілге ерекше қонымды, ұжымдылығында және барлық халыққа бірдей 
ортақтығында. Демек, ағылшын және қазақ мақал-мәтелдері бірін-бірі тікелей қайталамаса 
да, біріне-бірі ұқсас болатынын байқауға болады. 
Сөйлеу кезіде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында қолдану жағынан мақал-мәтелдер 
фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізінен екі бөлімді боп келеді де, алдыңғысында іс-
әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. 
Мақал-мәтелдің көпшілігінде тұжырымды оймен қатар, бейнелі ишарат жатады. «Ит 
тойған жеріне, ер туған жеріне», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңе ұлтан бол» 
дегендердегі «ит пен ер», «туған ел» бір-біріне қарама – қарсы шендестіріп қолдану арқылы 
тұжырымды оймен бірге астарлы мағына беріліп тұр. Өзінің құрамы жағынан 
фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын. Мақал белгілі бір ұғымды 
тікелей білдірсе, мәтел жанамалап, меңзеп, тұспалдап айтады. Мысалы: Ағама жеңгем сай. 
Көрмегенге көсеу таң т.б. [4, 27]. 
Фразеологизмдердің мағыналары астарлы бейнелеу мәнде келеді.
Ал мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. 
Мақал, мәтелдер, фразеологизмдер сан ғасырдың жемісі, ұрпақтан ұрпаққа жеткен тілдің бай 
мұрасы. Бірақ мақал-мәтелдер фразеологизмдерге қарағанда әр заманның талабына сай 
күнбе-күн пайда болып, мазмұн, мағына жағынан уақыт бедері әр кезде аңғарылып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет