40
деонтикалық модальділік директивті және оптативті болып бөлінеді `directive and optative)
[2].
Дж.Лайонез модальділіктің 3 шкаласын бөліп көрсетеді. Шартты рай арқылы берілетін
тілек; сенімділік пен мүмкінділік және қажеттілік пен міндеттілік. Жалпы алғанда шетел
лнгвистерінің модальділік категориясы жайлы пікірлері сәйкес келмейді [3].
Салыстырмалы зерттеу аспектісінде осы жұмыстың терең қарастырылғаны
Ф.А.Агаеваның жұмысы дәлел болмақ. Ол өз жұмысында ағылшын және түркімен тілдерінде
көркем әдебиет негізінде модальділік категориясын және оның берілу жолдарын ағылшын
және түркімен тілдерінде салыстыра қарастырған. Осы зерттеліп және салыстырылып
отырған екі тілде модальді мағыналарды ажыратуда просодиканың 3 компоненті: тональді,
динамикалық және темпоральді компаненттері екі тілде де
бірдей маңызды болып шықты
[4,685].
Э.У Илебаевтың жұмысында ағылшын және қырғыз тілдеріндегі модальділік
категориясы және оның берілу жолдары зерттелген. Осы жұмыста деңгейаралық категория
ретінде модальділіктің көлемі, мазмұны және табиғат, берілу тәсілдері, саластырылып
отырған екі тілдің де модальділіктің берілу тәсілдерінің классификациясы анықталған.
Қырғыз тілі үшін модальдліктің ең негізгі берілу тәсілі синтетикалық жолмен құрылған
морфологиялық тәсіл, ал ағылшын тілі үшін көбінесе аналитикалық конструкциялар арқылы
берілетін синтактикалық тәсіл деп анықталды [5].
Е.И.Беляеваның монографиясы ағылшын және орыс тілдеріндегі модальділік
категориясының
функционалды-семантикалық
сипаттамасына
арналған.
Негізінен
коммуникативті қатынастың модальділікті білдіру барсындағы 3 түрлі қатынасқа
бағытталған.
Заттық,
эпистемиялық
және
тілек
модальділіктері.
Модальділік
категориясының күрделілігіне және көпаспектілігіне байланысты автор осы 3 модальділіктің
қолданылу аясын зерттеумен шектеледі [1].
Л.Михневич ағылшын тілі материалы және олардың поляк және орыс тілдеріне
аудармасының негізінде модальділікті грамматикалық категория ретінде мәтін модальділігін
зерттейді. Ғалым модальділікті тек қана таза
тілдік категория деп білмей, сонымен бірге
көптеген тәсілдермен беріле алатын сөйлеушінің жеке бағалауының ақпары ретінде
қарастырыла алады. Ағылшын, орыс және поляк тілдеріндегі модальділік компоненттерінің
ерекшеліктері көрсетсе, Н.В.Головина ағылшын және орыс тілдеріндегі императив және
оның берілу жолдарының семантикасын талдайды [6], [7].
Қазақ тіліндегі модальділік категориясын зерттеген жұмыстар саны ағылшын және
орыс тілдерінде жазылған жұмыстарға қарағанда аз болып келеді. Бұған дәлелдеме ретінде
тіпті «модальділік» терминінің біресе «модальділік» деп жіңішке айтылып, біресе
«модалдылық» деген фонетикалық нұсқаларының сәйкес келмеуін де келтіре аламыз.
«Модальділік» терминінің өзі қазақ тілінен шықпаған. Көріп отырғанымыздай осы сөздің
пайда болу тарихы ежелгі Аристотель, Эйнштейн сынды ғалымдармен байланысты.
Алғаш
рет модальділік термині философия, журналастика, логика, психология сынды ғылымдардан
шыққан және түрлі ғылымдарда түрлі мағынаға ие болған, демек оның түбірі басқа тілден
келгендіктен оны қазақ тіліне жалпыға бір аударманың болмағандығынан болып отыр.
Алайда орыс тіліндегі модальность және ағылшын тіліндегі modality сөзін қазақ
тіліндегі буын үндестігіне сай ь белгісінен кейін л жіңішке болып тұрғасын, модальділік деп
алған дұрыс деп санадық.
Модальділік категориясы белгілі деңгейде қазақ тілші ғалымдарын да қызықтырды.
Қазақ тіл білімінің негізін салушысы жұмыстарында өкініш, болжам сияқты мағыналар рай
категориясымен берілетіндігін айтқан. Ол өз жұмысында рай категориясының 14 түрін атап
көрсетеді. Алайда қазақ тілінде детальді түрде тек модальділік катгеориясының әр түрлі
аспектіліері зерттелген. Болжамдылық, қажеттілік, тиістілік және т.б. модальді мағыналары
А.Искаков, И.Маманов, Е.Жанпейісов, О.Төлегенов, Н.Оралбаева және тағы басқа
ғалымдардың жұмыстарында зерттелген.
41
Е.Н.Жанпейісов өзінің зерттеу жұмсында қазіргі қазақ тіліндегі модальділік
категориясы негізінен рай категориясы, модаль сөздер және демеуліктер арқылы беріледі
деген. Ол модаль сөздердің именной және глагольный екі түрлерін атап көрсетсе,
А.Н.Нұрмаханова модальділік категориясын жалпы түркологиялық шеңберде қарастыра
отырып,
оның лексикалық, морфологиялық және синтаксистік берілу жолдарын көрсетеді.
[8].
Зерттеуші О.Төлегенов модальділік категориясын утверждение және отрицание
аспектісінде зерттеген. Ғалымның пікірі бойынша осылыар әр түрлі құрылымды
сөйлемдердің негізігі модальділік түрлері болып табылады. Ол модальділік деп сөйлеуші
тарапынан айтылғанның шындыққа қатынасын білдіретін грамматикалық мағынаны атап
өтсе, Г.А.Медетова түркі тілдеріндегі мүмкінділік модальділігін және оның берілу тәсілдерін
зерттеген. Зерттеуші 2 топ түркі тілдерін: қарлұқ (өзбек және ұйғыр) және қыпшақ (қазақ
және қырғыз) салыстырған. Осындай тілдерді салыстыру арқылы түркі тілдерінде
модальділіктің негізгі берілу тәсілі ретінде модаль сөздер деп алып қарастырды және модаль
сөздер шақтың кез келген формасында ашық райда тұрып болжамдылықты білдіре алады
деген қорытынды айтылды [9], [10].
З.К.Ахметжанова қазақ тіліндегі аспектілік және модальді мағыналардың тығыз
байланысын көрсете біліп, 7 топ аспектуальді-модальді тәсілдерін бөліп көрсеткен және онда
модальділіктің екі түрі: атқаратын іске субьективті қатынасы және істің реальділігі мен
ирреальділігін атап көрсеткен. Олар: интерруптивті (жарылып кете жаздады), фаллацивті
(өлген болып жатты), гипотетикалық (жүргелі отыр), аккуративті емес (жаба салды), ілеспелі
(жүре тұр), коммодтық (сұрап алды), консекутативті (келісімен, келе сала) [11,408].
Л.С.Дүйсенбекова қазақ тіліндегі бұйрық райдың функционалды-семантикалық
аспектісін зерттеген. Оның толық пардигмасы анықталған және семантикалық
классификациясы анықталған. Сонымен бірге семантикалық табиғаты анықталды.
Коммуникативті актідегі бұйрық рай функциясы анықталған. Бұйрық рай арқылы берілетін
барлық анықталған 28 семантикалық реңктері анықталды [12].
Т.Абдығалиева қазіргі қазақ тіліндегі жоққа шығарудың (отрицание) семантикасын
және оның берілу тәсілдерін зерттеген. Оның ғылыми жұмысында терістеудің барлық берілу
тәсілдері анықталған. Терістеудің барлық семантикалық құрылымы анықталған.
Құрамындағы орталық және перефириялық элементтерін анықталған. Етістік арқылы теріске
шығарудің төмендегідей нұсқалары анықталған: келіспеу, бас тарту, қарсы болу, тыйым
салу, қарсы шығу, ескерту және т.б. [13].
Қазақ тіл білімінде сөйлемді құрудың негізгі сипаты ретінде модальділік
категориясының орны және рөлі анықталмаған және модальділіктің берілу тәсілдері аяғына
дейін жүйеге келтірілмеген. Қорытындылай келе, қазақ тіл біліміндегі тілші ғалымдардң
зерттеу жұмыстарынң жаңашылдығына қарамастан қазақ
тіл біліміндегі модальділік
категориясы аз зерттелген болып саналады.
Модаль сөздер - тілдегі модальділік пен предикаттылық құбылыстарымен тығыз
байланысты тіл-тілдердің барлығында бар, тілдік бірліктерге жататын сөздер тобы. Модаль
сөздер сөйлемде айтылған ойдың мазмұнына, болған шындыққа айтушының көзқарасын
білдіреді. Қазақ тілінде модаль сөздер сөз таптары қатарына кірмейтін сөйлемнің сан алуан
экспрессивтік және эмоционалдық мәніне байланысты сөйлем мәні құрамына енгенін, оның
анықтығын көрсетумен қатар, күмәндылығын не болжамдылығын білдіреді. Бұндай сөздерге
қазақ тілінде мүмкін, шамасы, рас, әрине, тәрізді, сияқты, әлбетте, бәлкі сөздері жатады.
Профессор С.Исаев атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және
одағай сөздер мен модаль сөздер жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке
лексикалық мағыналары болмаса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық
мән үстейді.
Қазақ тілінде бар, жоқ, керек, көп, аз, әрине, бәсе, мүмкін, бәлки, әлбетте, қажет деген
сияқты біраз сөз бар. Бұл сөздер басқа топтарға қарағанда сан жағынан аз болғанымен,
мағынасы мен қызметі жағынан тіпті ерекше деп айтуға болады. Осы ерекшеліктеріне қарай
42
негізгі сөздер мен көмекші сөздердің аралығында тұратын өз алдына категория модаль
сөздер деп аталады. Модал сөздер адамның өзі айтпақшы болып отырған ойына қалай
қарайтынын, көзқарасын, қандай пікірі барлығын білдіреді. Мысалы:
терезені ашу керек,
терезені ашу қажет деген сөйлемдердегі керек, қажет сөздері арқылы сөйлеген адам терезені
ашудың керек, қажет екендігін айтып, өзінше пікір түйеді, бірақ не ашылады деп
хабарламайды не аш деп бұйырмайды немесе ойға қатысты мәндер қосатын сөздер екенін
айтып, оны көмекші сөздер қатарына қосады.
Модальділік сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын және сөйлем мазмұнының
ақиқат шындыққа қатысын білдіреді. Тіл білімінде модальділік категория сыртқы
синтаксистік модальділікке жататын обьективті, субьективті және ішкі синтаксистік
модальділік мағына тұрғысында қарастырылады. Обьективті модальділік мағына
сөйлеушінің ақиқат шындыққа реалдылық-бейреалдылық көзқарасын, ал субьективті
модальділік мағына сөйлеушінің мүмкін, қалауы, қажетті,
міндетті, бұйрықты іс-қимыл
ретіндегі бағасы беріледі.
Модальділік категориясы-негізінен субьектінің обьектіге, ақиқат шындыққа деген
сенімін, күмәнін, тілегін, болжамын, қалауын т.б. Осы сияқты әр түрлі қатынастарды
білдіретін категория. Басқаша айтқанда, айтушының сөйлем мазмұнына немесе сөйлемнің
баяндалу мазмұнына, сөйлеуші жаққа. Ондағы ақиқат шындыққа деген субьективтік
көзқарасының көрінуі. Өйткені сөйлеуші сөйлеу жағдайы мен сөйлем мазмұнына, оның
құрылысына әрдайым өз қатынасын білдіріп отырады. Бұл қатынас ақиқат шындыққа деген
айтушы қатынасы немесе модальділік қатынас болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: