48
аударылса,
Cherokee – черок, чероктар, черокездер
деп аударылады. Атаулардың қазіргі
таңға сай аудармалары –
шайендер
және
чероктар
болады, өйткені осы атаулар ғана
ағылшын тіліндегі дыбысталуына ұқсас.
Әдетте мұндай реалийлер, яғни бастапқы тілдің басты тілдік бірлігі аударма мәтінінде өзінің
толықтай шет тіліндегі түрінде болады, максималды «шетелдіктен» бастап бірнеше сатылы
жолдан өтеді. Мәселен, бастапқы балама транскрипциядан толық ассимиляцияға дейінгі
бірліктер тілдің сөздік қорына енеді. Аудармашылардың үлкен тобы мен түпнұсқа авторлары
аударманың екі түріне жүгінеді: шетелдік бірлікті семантикалық аудармамен бірге не
түсіндірмемен сақтау немесе транскрипцияны түсіндірмемен бірге қолдану. Әсіресе,
осындай реалийлер туралы түсінік түрлері қазіргі таңдағы рок музыка туралы мәтіндерге сай
келеді:
«Кейін
«Ридинг – фестиваль»
келіп,
Хиптар
онда бағдарламаны басқарып,
«Innocent Victom»
альбомынан жаңаларын ойнатып, әлемге
«Free Me»
- коммерциялық рок үлгілі шығарма
синглын
танытты».
Осы кішкене үзіндіде асты сызылған сөздер белгілі бір халықаралық рок музыка әлемінің
реалийлерін білдіреді. Олардың толық аудармасыз шетелдік түрінде не аударма
транскрипциясы не аралас аударма түрінде берілгені кездейсоқ емес.
Тағы бір транскрипция тәсілі арқылы аударылатын мәдени-реалийлер түрі – фольклорлық
және әдеби шығармаларда кездесетін фантастикалық тіршілік иелері атаулары мен есімдері.
Алдар Көсе – Aldar Kose
Hobbit – Хоббит
Goblin – гоблин және т.б.
Дегенмен, осындай есімдердің біраз бөлігі, әсіресе объектінің белгілі бір шынайы қасиетін
білдіретін мағыналық құрамдары барлары аралас аударма не калькалау арқылы аударылады.
Соңғы транскрипция тәсілі арқылы аударылатын тілдік бірліктерге терминдер жатады.
Мұнда транскрипцияға негізгі термин қандай негізде екендігіне сай анықталатын грек, латын
немесе ағылшын бірліктері алынады: cable – кабель, restitution – реституция, reconstruction –
реконструкция, т.б.[4, 237].
Достарыңызбен бөлісу: