9-билет Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезеңдері.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға қатысты қойылған. Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте, үйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын орындардың көқпшілігі – обалар. Андрондықтардан ерекшелігі:Беғазы –Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршықтастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген. Бұл мәдениетке жататын қыш құмыралардың ернеуі тік,бүйірі шығыңқы болып келеді. Беғазы-Дәндібай құмыраоары әртүрлі өрнекпен безендірілген. Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер көп кездеседі.