Iii нұсқа 1-билет ХV-ХVІ ғасырлардағы ақын- жыраулар.



бет35/37
Дата06.02.2022
өлшемі9,24 Mb.
#39450
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
29-билет
1. Сақтардың діни наным сенімдері
2. 1930-шы жылдарындағы кино өнеріндегі жетістіктер
3. Терминдердің мағынасы

  1. Сақтардың діни наным сенімдері

  • Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.

  • Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен.

  • Таулы Алтай мен Қазақстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамынын ерекше аксүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау колданылғанын көрсетеді.

  • Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Жуантөбе, Сы- пыра-оба, Қараоба,Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай кешпелі мал шаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөлді-далалық аудандарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы 2—4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Халықтың кеші-қонымының көптігіне және коныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу дәстүрлері қалыптаспаса керек.

  • Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдындағы уақыттың ғүрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас қоршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу тон болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: өлікті ортеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатқызып жерлеудің орнына шалқасынан созылта салып жерлеу шығады.

  • Жерлеу ғүрыптарының салттарында да бірсыпыра айырмашылықтар орын алып, олар шағын және уақытша сипатта болған. Мәселен, Оңтүстік Орал сырты мен БатысҚазақстанның савроматтары тайпаластарың бетін ағашпен жапқан тар немесе кеңтік бұрышты шұнкырларға көмген. Осы аумақтағы кейбір тайпаларда шаршы және шеңбер түріндегі кабірлерге жерлейтін болды, ұзын қабырғаларының жақтауынан шығарылған кертпешелері немесе ойықтары бар қабірлер ұшырасады.

  • Арал маңы сақтарында түбін айнала шамалап орлаған, жерден ойып нар жасаған және түбінің бұрыш-бұрышына не оны айналдыра орнатылған діңгектердің орны бар өзінше бір үлгідегі кабірлер кездеседі. Жетісуда және Алтайда ауқатты адамдар сол кездегі жердің бетіне салынган не жерді қазып орнатқан үлкен ағаш қималарға қойылатын болған. Бұл аудандарға қарапайым адамдарды бір қабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең казылмаған қабірлерге бірінен кейін бірін жерлеу ғұрпы да тон. Орталык Қазақстанда жалпақ тақтатастармен жабылып, жерден қазылатын сопақша жерлеу тұрақты дағдыға айналды, нақ осында тас кешенді обалар түріндегі мола құрылыстардың ерекше үлгісі де болған. Тайпалардың жерлеу ғұрпындағы айырмашылықтар оларда біртүтас жүйелі діни ұғымдардың болмағандығын көрсетеді.

2. 1930-шы жылдарындағы кино өнеріндегі жетістіктер

  • Қазақстандағы тұңғыш кино түсіру жылнамасына 1925 жыл жатады. Бұл жылы киноға Қызылорда каласында өткен Қазақстан кеңестерінің I съезі түсірілген. Осы жылы «Қазақ АКСР-і құрылуының бес жылдығы» деп аталатын екінші деректі фильм көрсетілді. Ол кезде бүкіл республика бойынша Ағарту халкомының көшпелі киносы болды - Ақтобе, Қызылорда, Темір және Шымкентте, 1928 жылы астана Қызылордадан Алматыға көше бастады. Сол кезде Мәскеуден жаңа астанаға «Востоккино» тресінің өкілдері келіп, республикада өз бөлімшелерін ашуға кірісті. 1928 жылы бірінші «Алматы және оның төңірегі» деп аталған деректі фильм түсіріліп, жергілікті жерде зертханасы болмағандықтан, фильмді өңдеу жөне монтаждау Мәскеуде жүргізілді. 1929 жылы республика экрандарында «Соңғы жаңалықтар» киножурналы көрсетіле бастады. Қазақстан жайлы тұңғыш көлемді деректі-көркем фильм «Түрксіб» деп аталды. Сценарий авторы мен режиссері В.Турин. Осыдан кейін «Востоккино» Қазақстан туралы тағы үш фильм түсірді: «Дала әні» (1930 жыл), режиссері А.Лемберг, «Жұт» (1931 жыл), режиссері А.Коростин, «Қаратау құпиялары» (1933 жыл), режиссері А.Дубровский.

  • 1935 жылы басқа республикалардағы сияқты Қазақстанда да қажетті материалдық базасымен қоса деректі киностудия ашылды. 1935 жылы маусымда «Кеңестік Қазақстан» киножурналының алғашқы нөмірлері шыға бастады.

  • Қазақстан тақырыбына түсірілген алғашқы көркем фильм Д.Фурмановтың романы бойынша режиссер С.Тимошенко 1929 жылы «Ленфильмде» түсірген «Бүлік» фильмі. 1935 жылы қазақстандық жазушы И.П.Шуховтың романы бойынша «Мосфильм» киностудиясы «Жау соқпағы» фильмін түсірді.

1938 жылы «Ленфильм», «Амангелді» фильмін түсірді. Ол Қазақ академиялық драма театрының әртістері күшімен қазақ және орыс тілдерінде түсірілді. Фильм режиссері М.Левин, сценарийін В.Иванов пен Ғ.Мүсірепов жазды. Фильмдегі басты рөлдерді Е.Өмірзақов, Ш.Жиенқұлова ойнады. Фильмнің музыкасын А.Жұбанов жазған. 1940 жылы М.Левин М.Әуезовтің сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмін түсірді. Музыкамен көркемдеген сазгер В.Великанов болатын
3. Терминдердің мағынасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет