Ііі қорытынды ІV пайдаланған әдебиеттер



бет5/5
Дата08.11.2023
өлшемі28,98 Kb.
#190292
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат
21.1 diffraction interference-cie ial physics-qp theory, Документ Microsoft Word (2), Документ Microsoft Word (2), белсенді және пассивті тасымалдаудың мағынасын сипаттау, описание энергий цели Души низ матрицы, ҚБ, Қосымша 1, дидактикалық материалдар 1-2 сабақ 9 сынып Улы металдар 4 апта 2020-2021 оқу жылы, Документ, 8c 5 2-3 2022, 2022 10 22 17 54 Office Lens, СОР 2 (1), 9Т2 2-апта 3-4-сабақ, 9 Т2 БАҚ-тың жастарға әсері, 2.02.2022 10с
ЦБР топтамасының мазмұны:
Ақпаратты алу блогы: ғылыми-танымал мақалалар, қайнар көздерінің мәтіндері, оқулықтардың үзінділері, иллюстрациялар, анимациялар, басқа да мультимедия компоненттері, мультимедиялық сабақ-презентациялары. Виртуальды галерея: бейнеүзінділер, анимациялар, нақты және синтездік бейнелер. Дыбыстық объектілер.
Виртуальды лаборатория: интербелсенді модельдер, интербелсенді анимациялар, виртуальды лаборатория.
Анықтамалық материалдар: графиктер мен диаграммалар, ғалымдардың өмірбаяндары, түйіндемелері бар Интернет-сілтемелер.
Терминдер, анықтамалар және заңдардың сөздігі.
Аттестация: сұрақтар мен есептердің жиынтығы, зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар.
ЦБР жиынтығында шартты түрде мынадай блоктарды атап көрсетуге болады: итербелсенді компоненттер; демонстрациялық графика; мәтіндер; мұғалімге арналған материалдар. [8]
Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әдістері: Біріншіден, жаңа материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс.
Екіншіден, оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастырғанда. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары пайдалы болуы мүмкін. Үшіншіден, ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастырғанда.
Мұнда бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі. Төртіншіден, мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс.
Бесіншіден, ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде. Мұндай ЦБР — дың артықшылығы қолдануы өте үлкен және қымбат тұратын құрылғылардан тұратын оқу кластары мен лабораторияларды алмастыруға мүмкіндік береді.
Алтыншыдан, жаратылыстану ғылыми циклінің пәндері мен информатика және АКТ үшін интерактивті ЦБР-ды жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады.
Жетіншіден, оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өздеріне ыңғайлы уақытта, өз темпінде теориялық материалдармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тестік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады. [6]
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
Сандық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, оқушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда оқушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен және т. б. құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Вайндорф-Сысоева, М. Е. «Цифровое образование» как системообразующая категория: подходы к определению / М.Е. Вайндорф-Сысоева, М.Л. Субочева // Вестник Московского государственного областного университета. Серия: Педагогика. – 2018. – № 3. – С. 25–36.
2. Ковалев, М. М. Образование для цифровой экономики / М.М. Ковалев // Цифровая трансформация. – 2018. – № 1 (2). – С. 37–42.
3. Вербицкий, А.А. Цифровое обучение: проблемы, риски и перспективы / А.А. Вербицкий // Homo Cyberus. – 2019. – №1(6) [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://journal.homocyberus.ru/Verbitskiy_AA_1_2019.
4. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт (www.ripkso.kz)
5. Роберт И. В. Теория и методика информатизации образования (психолого-педагогический и технологический аспекты). 3-е изд., доп. — М.: ИИО РАО, 2010. — 356 с.
6. АҚ «Білім беруді ақпараттандырудың ұлттық орталығы» (www.nci.kz)
7. Савелова Е. В. Цифровые образовательные ресурсы в школе: методика использования. Обществознание. Сборник учебно-методических материалов для педагогических вузов. — М.: Университетская книг, 2008. — 224 с.
8. Қадірбаева Р.І. Жаңа ақпараттық-білім технологиясын пайдаланып оқытудың ерекшеліктері //Шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. — Шымкент-Москва, 2009. — Т. ІІІ. — Б. 174–178.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет