ЖОСПАР
I.Кіріспе Әлеуметтанудағы социологиялық зерттеу.
II.Негізі бөлім. Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдері.
Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын құру.
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістері.
III Қортынды. IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе Әлеуметтанудағы социологиялық зерттеу – бұл жүйе логикалық дәйекті әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық, сонымен қатар сандық және сапалық әдістер рәсімдерді бағынысты мақсатқа дәл объективті деректер зерттелетін әлеуметтік құбылыс.
Зерттеу басталады оны дайындау: ойлауға мақсаттары, бағдарлама, жоспар, анықтау құралдарын, мерзімдерін, тәсілдерін, өңдеу және т. б.
Әлеуметтік зерттеу — қоғамды біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық ақпараттарды жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі. Ол әр алуан негіздемелер бойынша бірнеше түрге:
Мыс: социологиялық білімді игеру сипатына қарай теориялық және эмпириялық (нақты), жүргізілу жиілігіне орай бір мәртелік және қайталанбалы, танымдық мақсаттары мен міндеттеріне, зерттеу барысында алатын білім ауқымы мен тереңдігіне қарай барламалық (пилотаждық, зондаждық), баяндамалық және таңдамалық, зерттеу масштабына орай жергілікті, аймақтық, жалпы мемлекеттік және халықаралық Әлеметтік зерттеулерге бөлінеді. Бұл зерттеулердің қай-қайсысы да арнаулы даярлықты қажет ететін, күрделі, жан-жақты, көп салалы процесс. Ол жүйелі үш негізгі сатыны:
1) Әлеметтік зерттеу бағдарламасын әзірлеуді;
2) бастапқы социологиялық ақпараттарды жинауды;
3) жинақталған деректерді өңдеп, талдауды, қорытуды және ұйғарым түйіп, ұсыныстар мен болжаулар жасауды қамтиды.