Ііі-семестр 1- тақырып. Геометриялық нивелирлеу әдісімен топографиялық түсіріс. Беттерді нивелирлеу әдісі (1 сағат)


-тақырып. Котловандар құрылысы кезіндегі геодезиялық жұмыстар. Котловандар контурларын болмысқа шығару. (2 сағат)



бет8/14
Дата27.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150988
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
ЛЕКЦИИ ПО ИНЖЕНЕРНОЙ ГЕОДЕЗИИ

9-тақырып. Котловандар құрылысы кезіндегі геодезиялық жұмыстар. Котловандар контурларын болмысқа шығару. (2 сағат)

Дәрістің жоспары:


1. Нивелир арқылы нақты қазаншұңқырдың белгілерін анықтау
2. Бас осьтерді қазаншұңқырдың түбіне көшіру .
3. Терең қазаншұңқырдың түбіне жобалық белгілерді көшіру

Қазаншұңқырларды салған кезде келесі негізгі операциялар орындалады: қазаншұңқырдың контурын бөлу, сыртқы іліндіруді орнату, белгілердің деңгейін, қазаншұңқырдың қазу деңгейін бақылау, түптері мен құламаларды тазартып тегістеу, осьтер мен биіктік белгілерді қазаншұңқыр түбіне түсіру, ашық қазаншұңқырлардың орындаушылық түсірістерін салу.


Қазаншұңқырды бөлуден бұрын бөлу сызбалары бойынша іргетастар негіздерінің сыртқы кесік қорын (яғни іргетас шетінен қазаншұңқырдың шетіне дейін түбі бойынша ара қашықтық) және салу тереңдіктің өлшемдерін шешіп қабылдайды. Қалдыратын қор қазаншұңқыр құламасының опырылудан сақтауға және қалыптаманы орнату үшін қажет. Қордың өлшемдері қазаншұңқыр тереңдігіне байланысты болады (2-3 м тереңдікте қордың ені 20 см-ге тең). Жергілікті алаңда немесе сыртқы іліндіруде бекітілген ғимараттың негізгі осьтерінен қабылданған қорды ескеріп қазаншұңқырдың ішкі контурын бөледі. Ішкі контурдан құламалардың шамасын ескере отырып қазаншұңқырдың сыртқы контурын (жоғарғы жиегін) бөледі. Сыртқы контурдың периметрі бойынша 5-10 м сайын сыналарды қағып бекітеді. Қазаншұңқырдың шекарасын белгілеу үшін сыналардың арасында бау (сым) тартылады немесе 1-2 күректің шамасындай ор қазылады.
Таспалы іргетастарға орды қазу үшін ғимараттың негізгі осьтерінен оңға және солға қарай іргетас түбінің еніне тең ара қашықтықты өлшеп салады.
Бағаналық іргетастарға арналған қазаншұңқырды бөлу негізгі және қосымша осьтері бойынша жүргізіледі. Олардың арасында іргетастар бағандардың центрлері белгіленеді. Баған центрлерінен қазаншұңқырдың ішкі және сыртқы контурлары белгіленеді. Топырақтың қазу тереңдігін бақылау және жобалық белгісіне дейін жеткізу визирлік белгілер немесе нивелир арқылы жүргізіледі.
Тұрақты визиркаларды салу үшін сыртқы қалыптаманың бағаналарына бірдей (көбінесе нольдік белгісінен 1 м жоғары) биіктікте горизонтал тақтайша қағылады. Тақтайшада визирканың белгісі жазылады.
Қазаншұңқырдағы топырақтың деңгейін қазып жобалық белгісіне жеткенін тасымалданатын (жылжымалы) рейка арқылы тексереді. Рейканың бетіне бояумен жобалық белгі салынады. Егер тасымалданатын визиркадағы сызық белгісі қазаншұңқыр бетімен тартылған сымнан жоғары болса, онда қазаншұңқыр түбінің деңгейі әлі жобалық тереңдігіне жетпеді деп түсіндіріледі.
Нивелир арқылы нақты қазаншұңқырдың белгілерін анықтау үшін нивелирлік рейканы бірінші белгілі Нр белгісімен реперға орнатып, рейка бойынша а есебін алады. Содан кейін рейканы қазаншұңқыр түбіне түсіріп b есебін алады. Репер мен қазаншұңқыр түбінің арасындағы биіктік ауытқуы: h=a-b. Биіктік ауытқуын өз таңбасымен репер биіктігіне қосқан кезде өлшеген қазаншұңқыр түбінің белгісін алуға болады.



(4.1)

Қазаншұңқыр түбінің жобалық белгісіне жету тереңдігін рейка бойынша шығарылған есеп арқылы бақылауға болады:



(4.2)



Қазаншұңқыр мен ордағы топырақтың қазылуы жобалық белгісіне 10-20 см-ге жеткізбей алынады. Содан кейін квадраттар бойынша нивелирлеуді жүргізіп қазаншұңқыр түбін қолмен тазартып аяқтайды. Квадраттардың төбелерін сынамен бекітеді, ал олардың төбелерін жобалық белгіге келтіреді. Құламаларды тазартқаннан кейін бұрыштамалар мен тіктеуіштер немесе бағыттауыштар арқылы қазаншұңқырдың орындаушылық түсіруді жүргізеді.
Қазаншұңқырдың ені мен ұзындығы бойынша ауытқуы 30 см-ден аспау керек. Іргетастар астына қазаншұңқыр түбінің ауытқу биіктігі 5 см-ден аспау керек. Мұндағы қойылатын шарты: ауытқу шамалары төсемелі қабаттың қалыңдығынан аспау керек. Қазаншұңқырды салу үшін берілетін рұқсатталған орта квадраттық қатесі сызықтық өлшемдерге – 1/1000, бұрыштық – 45''-қа және биіктік бойынша - 10 мм-ге тең.
Қазаншұңқырдың салынуы келесі орындаушылық геодезиялық құжаттамамен расталады: қазаншұңқырдың дайындық актімен, қазаншұңқырды биіктік-жоспарлық түсірумен, жер массалардың көлемдерін есептеу картограммасымен.



Сурет– Қазаншұңқыр түбіне бөлу осьтерді тіктеуіштер арқылы көшіру: 1-сыртқы іліндіру; 2- осьтердің рискалары; 3- осьтік сым; 4-маяк блоктары; 5 – тартылған сым; 6 – тіктеуіш


Қазаншұңқырдың ішіндегі осьтерді түбінде немесе құламаларында уақытша белгілермен бекітеді.
Биіктік белгілерді қазаншұңқыр түбіне көшіру нивелир арқылы тікелей түбіне немесе құлама бойынша жүргізеді. Терең қазаншұңқырдың түбіне белгілерді ілінген рулетка немесе екі нивелир арқылы көшіреді.
Қазаншұңқыр түбінің белгісі келесі формула бойынша есептелетіні анық:





(4.3)



мұндағы - репердің белгісі;
L – нивелирлердің визирлеу сызықтар арасындағы таспаның ұзындығы;

Ұсынылатын әдебиеттер:


1. [2]
2. [3]
3. [11]

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (9-тақырып) [2, 3,11]


1. Нивелир арқылы нақты қазаншұңқырдың белгілерін анықтау
2. Бас осьтерді қазаншұңқырдың түбіне көшіру .
3. Терең қазаншұңқырдың түбіне жобалық белгілерді көшіру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет