6-тақырып. Ғимараттар мен тұрғын үйлер құрылысы кезіндегі бөлу жұмыстарының әдістері. (2 сағат)
Дәрістің жоспары:
Полярлы координаттар әдісі
Тікбүрышты координаттар әдісі
Тік бүрыштық шалма әдісі
Тұйық үшбүрыш әдісі
Құрылыстың түріне, өлшеу шарттарына және өлшеу дәлдігіне байланысты осьтерді әр түрлі әдістермен орындауға болады: полярлы жэне тікбүрышты координаталарында; тұйық үшбүрыштың бұрыштық, сызықтық немесе жармалы шалма және т.б.
Полярлы координаттар әдісі
Полгигонометрия пункттерінен натураға нүктелерді шығарғанда бүл тэсілді жиі қолданады. Құрылыс точкасы С мекенде жобалық бұрышты / жэне жобалық аралықты (горизонтальді күйі) / салу арқылы анықталады. /3 және / мөлшерлері керу есепті шығару арқылы табылады.
Тік бүрыштық шалма әдісі
Тік бұрыштық шалма көпірлік өткелдерді және гидротехникалық құрылыстарды бөлшектегенде қолданылады. Бұль тэсілде жобалық нүктенің С орналасуы 1 жэне 2 пункттерінде /і және /32 бүрыштарын салумен қатар анықталады. Бұрыштарды оптикалық теодолиттермен екі шеңбермен анықтайды. 1-2 қабырғалары шалманың базисі ретінде қызмет етеді. Ол бөлшектеу негізінің қабырғасы болады немесе арнайы анықталады. және бөлшектеу бүрыштары қабырғалардың дирекционды бұрыштарының айырмасы ретінде анықталады. Соңғысы 1 жэне 2 пункттерінің С нүктесінің жобалық координаталары бойынша кері геодезиялық есепті шығару арқылы анықталады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [2]
2. [3]
3. [4]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (6-тақырып) [2, 3, 4]
Сызықты шалма әдісі.
Полигон әдісі.
Әр тәсілдің шығару дәлдігі.
7-тақырып. Жобадағы берілістерді болмысқа көшіру кезіндегі геодезиялық дайындық (1 сағат)
Дәрістің жоспары:
1.Ғимараттар жобаларын болмысқа шығару үшін қолданылатын әдістер
2.Тәсілдердің мәні
3.Қолданылатын әдістердің дәлдіктерін бағалау
Жергілікте жерге ғимараттар жобасын болмысқа шығару деп геодезиялық жұмыстардың жиынтығын түсінеді: геодезиялық аспатардың көмегімен бұрыштық, ұзындық және басқа геметриялық шамаларды өлшеу, сипаттамалы нүктелерді арнайы белгілермен жергілікті жерде бекіту. Ғимараттар жобаларын болмысқа шығару үшін мәліметтерді дайындаудың үш әдісі бар: графикалық, аналитикалық және құранды.
Графический әдіс – барлық қажет мәліметтер: ара қашықтықтар, дирекциондық бұрыштар және координаталар басты планнан сызба құралдың көмегімен тікелей анықталады, сызғыш, транспортир, көлденең масштаб, үшбүрыш және циркульдің көмегімен. Масштаб бойынша сызықтың ұзындығын анықтау қателігі келесі формула арқылы табылады ∆d=kМ,
мұндағы k — 0,2мм тең ең кіші шама; М — сандық масштабтың бөлгіші. Мысалы 1:1000 масштаб үшін шама ∆d=0,2 м, 1:2000 масштаб үшін шама ∆d=0,4 м.
Транспортримен өлшенген дирекциондық бұрыштың шектеулі қателігі ∆α=6'; горизонталь бұрыштың шектеулі қателігі
Ғимараттың А нүктесінің координаталарын графикалық әдіспен анықтау төменде келтірілген. Сурет бойынша А нүктесінің координаталары келесі формулалардан табылады
мұндағы х және у — координат торынын төмегі сол бұрышының координаталары, ∆y және ∆x планнан графикалы түрде алынады.
Координаталарды графикалық және аналитикалық әдістермен анықтау
А нүктесінің координаталары:
В нүктесінің координаталары:
Ғимараттың АВ осі ММ қызыл сызығына параллель болады. Аналитикалық әдістің дәлдігі есептеулердің дәлдігіне байланысты, сондықтан есептеулерді кез келген дәлдікпен жүргізуге болады.
Құранды әдістің мәні келесіден тұрады: жобаланатын ғимараттың кейбір нүктелер, сызықтар мен дирекциондық бұрыштар графикалық тәсімен анықталады, ал басқалар – аналитикалық тәсілмен. Мысалы, А нүктесінің координаталарын графикалық әдіспен анықталады, ал В нүктесінің координаталарын формулалар бойынша есептеуге болады. Егер ғимараттың АВ осін қызыл сызығына параллель болмаса, онда дирекциондық бұрышты транспортирмен өлшейді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [6]
2. [3]
3. [4]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (7-тақырып) [6, 3, 4]
1. Жобаларды жергілікті жерге шығару үшін мәліметтерді дайындау дәлдігін бағалау
2.Горизонталь алаң үшін жобалы белгіні есептеу
3. Көлбеу алаң үшін жобалы белгіні есептеу
Достарыңызбен бөлісу: |