Сурет. Алаңды квадратта арқылы нивелирлеу
М(1:500, 1:1000, 1:2000) квадраттар сызады. Квадрат төбелеріне 1см-ге дейін дөңгелектеп биіктік белгісі жазылады. Биіктіктерді (0,25, 0,50 немесе 1,0) интерполяциялайды. Қима биіктігі техникалық жағдаймен рельефке байланысты.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. [4]
2. [4]
3. [1]
4. [1]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [1,4]
1.Жер бетін нивелирлеу мақсаты
2.Далалық жұмыстар реті
3.Құрылыс торы міндеті
4.Құрылыс бас планы.
2-тақырып. Түсірістерді геодезиялық негіздеу. Тура және кері геодезиялық кертпе. (2 сағат)
Дәрістер жоспары
1. Жоспарлы жиілендіру торларының түрлері мен мәні. 1,2 разрядты триангуляция
2. 4классты, 1 және 2 разрядты полигонометрия
3.Тура және кері геодезиялық кертпе
Жиілендіру геодезилық торлары ЖГТ – мемлетектік геодезиялық торлар МГТ пункттері негізінде дамиды. Ірі масштабты түсірістерді негіздеу үшін, қалалар мен поселктерді, құрылыс және өндіріс алаңдарында, сондай – ақ тау – кен үйінділері алаңында маркшейдерлік және инженерлі – геодезиялық жұмыстарды орындау үшін ЖГТ қажет.
Г еодеозиялық торлардың пунктарын жер бетінде бекіту және белгілеу туралы.
Геодезиялық торлардың пункттарын жер бетінде бекіту және белгілеу.
Геодезиялық торлар пункттары әр –түрлі конструкциялы болып жерастына центрлі бекітіледі. Көп уақыт мерзімінде ол қозғалысқа ушырамай, өзгермейтін болуы керек. Жерастына орнатылатын белгілердің типі мен конструкциясы жергілікті жердің физико – географиялық жағдайына, топырағының құрамына, жер асты сулары деңгейіне, қату тереңдігіне байланысты болады. Яғни, нұсқанамаға байланысты таңдалады.
Геодезиялық белгінің центрі
Пункттардың бір бірінен көрініс болуы үшін, әр түрлі құрылыстағы пирамидалар бекітіледі. Осы белгілердің жоғарғы жағына арнайы нысаналау цилиндрін 1 бекітеді, өлшеген уақытта нысаналау үшін.
Геодезиялық белгілер:
а — пирамида; б — сигнал.
Жиілендіру торларының пункттары мемлекеттік геодезиялық торлар пункттері секілді бекітіледі.
Түсіріс геодезиялық торлардың пункттары көп несе уақытша белгілермен бекітіледі: ағаш қазықшалар немесе метал трубалар бөліктерімен.
Жергілікті жерде сызықтық өлшеу жүргізу қиынға соққанда, координаталары белгілі екі пункттің негізінде қосымша бір нүктені табу үшін, тура геодезиялық кертпе қолданылады. Бұл үшін А және В бастапқы пункттеріне теодалитті орнатып (1 - сурет), АВ жағынан анықталатын С нүктесіне бағыттап βА және βВ горизонталь бұрыштарын өлшейміз.
Тура геодезиялық керітпе геодезиялық тірек жүйелеріндегі пункттердің теодолиттік және тахеометрлік жүрістерге байланысы кезінде қолданылуы мүмкін, осыған қосымша белгілі бір нүктедегі φ1 (немесе φ2 ) бұрыштарын өлшеу қажет. Ізделінетін нүктенің координаталарын жоғарғы дәлдікте, сенімді анықтау үшін, үш немесе одан да көп пункттерден көпреттік тура керітпелер (2-сурет) тәжірибеде жиі қолданылады.
Онда С нүктесінің координаттары үшбұрыштың ішкі бұрыштар котангенсымен анықталады (Юнг формуласы):
Кері геодезиялық керітпе жергілікті жердегі координаталары белгілі 3 немесе одан да көп пункттің бағыттары және олардың арасындағы (α,β) бұрыштарын өлшеу арқылы қосымша М нүктесін табу кезінде қолданылады. Бұл тапсырманың толық шешімін француз математигі Лорано Потенот ойлап тапқан, сондықтан нүктенің кординаталарын табудың кері керітпелік әдісін Потеноттың тапсырмасы деп атайды.
Кері геодезиялық керітпе геодезиялық тірек жүйелеріндегі пункттердің теодалиттік және тахеометрлік жүрістерге байланысы кезінде қосымша белгілі бір нүктедегі φ1 (немесе φ2 ) бұрыштарын өлшеу қажет. Тәжірибеде кері керітпелер сенімді бақылау және жоғарғы дәлдікті ізделінетін нүкте координаталарын анықтау ең кем деген де бастапқы 4 пункттер арқылы жиі қолданылады.
Кері геодезиялық керітпе әдісінде Потеноттың классикалық тәсілінен басқа да Кнейссельдің, Коллинстің, И. Ю. Пранис-Праневичтің, Ф. Ф. Павловтың және т.б тәсілдері кездеседі. Төменде бастапқы 3 пункт бойынша кері керітпені есептеудің Кнейссель әдісі ұсынылған.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. [1]
2. [2]
3.[3]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (2-тақырып) [1, 2, 3]
1. Түсіріс геодезиялық негізді құру әдістерін білу
2. Триангуляция әдісі. Теодолитті жүріс.
3. Тура, кері және аралас кертпелер.
Достарыңызбен бөлісу: |