Ііі-семестр 1- тақырып. Геометриялық нивелирлеу әдісімен топографиялық түсіріс. Беттерді нивелирлеу әдісі (1 сағат)



бет2/14
Дата27.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ЛЕКЦИИ ПО ИНЖЕНЕРНОЙ ГЕОДЕЗИИ

Магистральды әдіс. Сызық бойымен салынатын құрылыс: автомобильді және темір жолдарында, канал, траншея, яғни жергілікті жерде жіңішке жолақты жердің планын құру керек кездерде магистральді әдіс қолданылады. Бұл кезде пикеттерге көлденең де бөледі. Ниверлеуді қарапайым әдіспен жүргізеді. Камеральдық жұмыстарда: планға көлденең және нивелирлік жүрісті салып, пикеттердің биіктік белгісін салып, солар арқылы рельефті горизонтальдармен кескіндейді.
Параллель сызықтар әдісін жазық немесе кішігірім жоталы жерлерді түсірген кезде жиі қолданады. Ауданның ортасына негізгі жүрісті және оған перпендикулярлы параллельді түсіріс жүрістерін салады. Негізгі жүрісті ІІІ, ІҮ класпен тура және кері бағытта нивелирлейді. Түсіріс жүрістерінің ұзындығы 1500 м-ден аспауы керек. Түсіріс жүрістері мен осы түсіріс нүктелері арасының алшақтығы 50-100м және түсірістің мақсатына байланысты.
Тұйықталған полигонды әдіс. Жер бедерінің жалпылама көрінісін дәл алу керек болған жағдайда қолданады. Ол үшін, түсіретін жердің нобайы бойынша негізгі жүрісті салады және бұрылыс төбелеріндегі бұрышты теодолитпен өлшейді.
Рельефтің ерекше сызықтары мен нивелирлеу үшін, қолайлы жерлер түсірістің жүрістерін сәйкестендіреді.
Түсіріс жүрістерінің ұзындығы 2км аспауы керек, ал бір-бірімен ара-қашықтығы – 500м.
Жер бетін квадраттар арқылы нивелирлеу.Күрделі инженерлік құрылыс жұмыстары жүргізілетін аудандардың, тау-кен өндіріс орны алаңдарының рельефін планды толық етіп бейнелу үшін және де суару, құрғату жүйелері т.б. жобалау жұмыстарын жасау үшін жер бетін квадраттар арқылы нивелирлейді.
Нивелирлеудің бұл тәсілі ашық алаңдарды 1:500-1:5000 дейінгі масштабтарда түсіру және қазу жұмыстарының көлемін анықтау үшін жүргізіледі. Рельефтің қима биіктіктері 0,1-0,5м болып келеді.
Жердің рельефіне және бейнелеудің дәлдігіне байланысты квадраттардың қабырғалары 10 м-ден 100 м-ге дейін барады.
Квадраттар торын құру үшін екі теодолиттің көмегімен бір-біріне перпендикуляр қабырғалары 200-400 м бар үлкен полигон белгіленеді де, содан кейін ол қабырғалар кіші квадраттарға бөлінеді.
Егер масштаб 1:1000 болса, онда квадрат қабырғалары 20 м, ал масштаб 1:2000 болса-40м болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет