Қиын балалармен жұмыс



бет2/3
Дата16.10.2023
өлшемі26,71 Kb.
#185795
1   2   3
Байланысты:
000754c0-fe995acd

1.Әлеуметтік жағдай:
бақылаусыздық;
назардан тыс қалуы;
бос уақытының болмауы;
отбасының толық болмауы.
2.Психологиялық жағдай:
балалардың жас кезінде педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы;
оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық;
балаға балдырған кезінде қатал болып, ал жеткіншек кезінде айтқанын орындата алмау;
балаға жасынан толық еркіндік беру.
Осылармен қатар, ата-аналардың отбасындағы келіспеушілігі, өз жауапкершілігін терең сезінбеуі, бала қабілетімен санаспау, сенім білдірмеу, мінез-құлық ерекшелігін ескермеу, ұлттық тәрбиенің болмауы сияқты себептер де баланың бұзылуына әсер етеді. Сол сияқты, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс әлсіздігі, мектепте сынып жетекшісінің баланың педагогикалық психологиялық даму заңдылығын ескермеуі, жас ерекшелігіне қарай зерттемеу, құр уағыз айту, баламен санаспау (кейде жанын жаралау), сенімсіздік тудыру сияқты себептер де кездеседі.
Қазақ психологиясында баланың 11-12; 15-16 жас аралығын «жетіліп келе жатқан кезеңі», -дейді. Олар әрекет жасау жағынан әлі бала, ал талап қою жағынан ересекпін, – деп сезінеді.Бұл кезең «өтпелі кезең», «құбылмалы шақ» немесе акселерация кезеңі. Ол кез – ересектер талабына көнуі қиын кезең, жан дүниесінде жаңа құрылымдар пайда болып, бала ол өзгерістерге жол таба алмай қиналып, уайым шегетін кез.
Жеке басының жан толқыныстары кезінде күнделікті үйреншікті тіршілікке қарама-қайшылық пайда болады, сөйтіп бірте-бірте «қиын» оқушыларды іс жүзінде бақылау үшін олардың әрқайсысын өз алдына зерттеп, жеке-жеке топтарға, денсаулықтарына қарай, жас ерекшеліктеріне қарай, бетімен кетушілік дәрежесіне қарай және бетімен кету ұқсастықтарына қарай топтап бөлген жөн.
Жағымсыз іс істеу немесе заңды бұзу пайдасыз қажеттіліктерді қанағаттандырудан, мысалы: арақ-шарап ішу, шылым шегу, т.с.с. Өзін басқаның алдында еш нәрседен қорықпайтын батыр етіп көрсетуге тырысудан, тентектіктен т.с.с. басқа да себептерден де болады.
Тәрбиеленуі “қиын” балаларды болдырмау үшін ұстаз бен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет. «Қиын» деген оқушының өзі бұзылған, бала емес екенін ескеру керек. Сондықтан да «қиын» бала тәрбиесінде тәрбиеші мына жайттарды ерекше назарда ұстаған жөн:
Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани дүниесін терең зерттеп білу, жүрегіңізбен сезініп, оған қайырымды болу керек.
Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін білу керек, мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.
Мейірім мен сүйіспеншілік – екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.
Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділік керек.
Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды, ұстамды болу қажет.
Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.
Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне баспау керек.
Орынсыз жазаламау керек.
Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу.
Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.
Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке бақылап, зерт­теп, өзіне лайықты шара қолданып, тәрбие жұмысын жүргізу керек. Тәрбиелеуі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасы көп факторлы құбылыс, оны психологиялық жағынан бақылап зерттеу, педагогтар мен психологтарға, заң қызметкерлеріне жүктеледі.
Ол үшін баламен жұмысты қалай жүргізуге болады:
“тәрбиеші және бала” – бір-біріне деген сенім атмосферасының қалыптасуы;
мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау және баланың балалық шағын қорғау туралы үрдістерді іске қосу;
баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу;
үнемі әлеуметтік қорғау туралы қосымша мағлұматтармен, құжаттармен танысу.
Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыста төмендегі әдістерді пайдалануға болады.
Тәрбиешінің жұмысындағы ең белгілі әдістердің бірі- бақылау әдісі. Баланың іс-қимылын, сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау.
Жүйелі және нәтижелі жұмыс арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса, сөзінде береке болмаса, ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде, сабақта, әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл аударып, жүйелі жұмыс жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет