Қиын балалармен жұмыс



бет3/3
Дата16.10.2023
өлшемі26,71 Kb.
#185795
1   2   3
Байланысты:
000754c0-fe995acd

Әңгімелесу әдісі – бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкідүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу.
Сауалнама жазу арқылы бала туралы ақпарат жинау. Сауалнаманың мазмұнында негізгі проблема ғана болуы тиіс. 
ойы
мінезі
әлеуметтік демографиялық жағдайы
белгілі бір бағыт бойынша қызығушылығы
Сұрақтар мынандай түрде болуы мүмкін:
сұрақ (дайын жауаптардан керегін бала өзі таңдайды)
өз бетімен жауап беру
тура жауаптар
жанама жауаптар
Сұхбаттасу әдісі – алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Бұл әдісте мына жағдайларды есте ұстаған абзал:
қарапайым жағдайда сөйлеу
баланың үнемі болатын ортасында сұхбаттасу
жауап беру мүмкіндігін есксру;
белгілі бір уақыт ішінде жауап беру керектігін айту;
үшінші адамның көмегінсіз әңгімелесу.
Тест әдісі — стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Дамыту, графикалық, ассоциациялық тестер болуы мүмкін. Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет.
Құжаттарды тексеру – бұл әдісті үнемі қолдануға болады. Құжаттар мынандай түрде кездеседі:
жеке, жанұялық және сыныптық т.б.
алғашқы (бақылау немесе әңгімелесу кезінде алынған жауап), соңғы (сараптаудан өткен нәтиже)
негізделген және негізделмеген
Бұл әдісті қолдану бала туралы ақпараттарды тез арада жинауға көмектеседі, бірақ
ақпараттың кейбір түрлері белгілі бір уақытқа қана жарамды болады, оны жаңартып отыру қажеттігі туындайды. Сонымен қорытындылай келе, тәрбиесі «қиын» жасөспірімдерді тәрбелеу проблемасын ата-аналар, психологтар, педагогтар болып бірігіп қолға алуымыз қажет. Өйткені, тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді уақыт өткен соң қайыра қалпына келтіру қиын.
Жас шыбықтың шорт сынбай, қайырылса да қайта орнына келгенінің жақсы болатыны секілді, қиюы келіспесе де қиын баланы тәрбиелеу қажырлы, қайратты еңбекті талап етеді.
Ұрпағымыздың жұмсақ мінезді, мейірімді, байланыс жасауда қиындық тудырмауы үшін, өмірдің қатал сынына төзбей «қиын бала» атанған бауыр етіміз балалардың тәрбиесіне бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып іске кірісуіміз қажет.

«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
психолог Ж.К.Сулейменова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет