Туристік саяхаттың негізгі құжаты – маршруттық кітапша.
Маршруттық кітапшадағы қажетті құжаттар тізімі:
– Маршруттық квалификациялық комиссияның (МКК) рұхсаты;
– маршрут атауы, қиындық дәрежесі, ұзақтығы мен арақашықтығы
– негізгі пункттер, оның ішінде жолда кездесетін кедергілердің сипаттамасы (мысалы, асулардың қиындық дәрежесі мен биіктігі);
– негізгі, қосымша және апаттық нұсқалар;
– маршруттардың сұлбалары (схемалары);
– жетекшісі мен қатысушылардың толық тізімі, оның ішінде: алдағы спорттық тәжірибелері (өтілген маршруттардың саны мен қиындық дәрежелері), осы маршруттағы міндеттері, толық есімдері, мекенжайлары, телефондары;
– жоспарланған маршрут пен шынында өтілген маршрут, маршрут жоспарларының өзгеруі мен олардың себептері;
– маршрутқа қажетті жеке және топтық құрал-жабдықтар тізімі;
– жүк салмағы (әйелдер мен ер адамдар үшін бөлек, мысалы, ер адамдардікі 25 кг, әйелдердікі 17 кг);
– бақылау (контроль) пункттері мен оларға жету мерзімдері;
– Спорттық туризм федерациясының МКК төрағасының маршрут пен оның өтілуін растайтын қолы мен МКК мөрлері;
– маршруттарды өту нәтижесінде берілетін спорттық дәрежелер.
Қазақстанда спорттық туризмді басқаратын орган – Спорттық туризм федерациясының жергілікті бөлімдері және олардың МКК-лары.
Демалыс күнгі жорықтарының негізгі құжаты – маршруттық парақ. Онда жетекшісі аталады, қатысушылар тізімі мен олардың біліктілігі жазылады, маршрут схемасы, оның ұзындығы мен арақашықтығы, жолдағы кедергілер аталып шығады, тексеруші органның рұхсаты болу қажет.
Тау туристік жорығына қажет құрал-жабдықтар тізімі:
Штурмға арналған (биік тауға арналған) шатыр;
Рюкзак (каркастық (анатомиялық));
Карабиндер;
Жумар;
Сегіздік;
Арқан және репшнур;
Негізгі арқан;
Мұз және жартас ілгектері;
Ұйқы қаптары;
Туристік жандырғылар;
Альпинистік каска;
Альпеншток;
Жаңбырдан қорғайтын пончо;
Мамықтан жасалған куртка;
Желден қорғайтын анорак
Төсеу құралы каремат;
Жеңіл пассатижи;
Киім-кешектер мен гигиеналық құралдар.
Достарыңызбен бөлісу: |