Бекітемін
Факультет деканы
_______ Қиынова Ж.Қ.
Хаттама № « » 2019 ж.
SYLLABUS
Пәннің коды және атауы, циклы
|
KTOA 3311 Қазақ тілін оқыту әдістемесі
|
Мамандықтың коды және толық атауы
|
5В020500- Филология
|
Оқыту нысаны (күндізгі, сырттай кешкі, қашықтықтан оқыту)
|
Күндізгі, 3 курс
|
Пәнді ұсынатын кафедра
|
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі
|
Оқытушы туралы мәлімет
|
Сүлейменова Жарқынбике Нуайқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 279-42-02, ішкі: 45-39
е-mail: zharkyn123@mail.ru
|
Өткізу уақыты және орны: Аудиториялық сабақтар
СОӨЖ (сағаты)
|
Сәрсенбі, семинар: 8:30-9.15, 9:20-10:15 305- ауд,
Дәріс: 13:15 -14:05, 319-ауд.
|
СӨЖ -60 сағат, СОӨЖ – 30 сағат.
|
Кредит саны
|
3 кр (Дәріс -30, Практикалық-15, СОӨЖ -30, СӨЖ -60)
|
Пәннің пререквизиттері
(ОБ бойынша пәндер)
|
PKT 2304 Практикалық қазақ тілі
KKT F 1206 Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
|
Пәннің постреквизиттері
(ОБ бойынша пәндер)
|
SGTM 3302 Стилистика және тіл мәдениеті
|
Алматы, 2018
Пәннің сипаттамасы: Қазақ тілін оқытудың əдіснамалық негіздері мен əдістемелік жүйесі, орта мектепте қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері, инновациялық технологиялар қарастырылады. Студенттер қазақ тілін оқытудың теориялық және практикалық мәселелерін, әдіснамалық, әдістемелік негіздерін меңгереді.
Пәнді оқытудың мақсаты: Тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кəсіби деңгейі жоғары, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, ұлттық ділі қалыптасқан, бəсекеге қабілетті, ғылыми жəне интеллектуалдық əлеуеті жоғары филолог мұғалім даярлау.
Пәнді оқытудың міндеттері:
қазақ тілін оқыту əдістемесінің əдіснамалық-теориялық негіздерін меңгерту;
мектепте оқытылатын қазақ тілі пəнінің мақсат-міндеттерімен жəне білім мазмұнымен таныстыру;
мектепте қазақ тілін оқытудың əдістемелік жүйесін меңгерту;
оқу бағдарламалары жəне оқу-əдістемелік кешендеін игерту;
қазақ тіл білімі салаларын мектепте оқытудың əдістемелік жолдарын меңгерту;
өз бетінше əлемдік педагогика ғылымындағы жаңа əдістемелерді меңгеруге дағдыландыру;
Пәнді оқытуда күтілетін нәтижелер (білім алушының пәнді меңгеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер).
Кәсіби: «Қазақ тілі» пəнінің терминдері мен ұғымдарын терең меңгеріп, психологиялық жəне педагогикалық қағидаларды ұстанады, оқытудағы дəстүрлі жəне инновациялық технологияларды меңгереді, қазақ тілін оқытудың ерекшелігін түсініп, кəсіби этикетті, кəсіби жəне өмір жағдаяттарында кездесетін проблемаларды шешуде тілдік-қатысымдық дағдыларды өз мақсатына қарай орынды қолдануды, қатысымдық жəне танымдық мақсатқа байланысты қажетті ақпаратты табу, талдау, өңдеу, сақтау, оның мазмұнын жеткізуді, ақпаратты өзінің қажетіне қарай пайдалануы жəне жаңа ақпараттық, педагогикалық технологияларды игереді;
Пәндік: əлеуметтік-қоғамдық ортада сөз мəдениетінің талаптарына сай ауызша жəне жазбаша қатысымға түсіп, қатысымдық міндеттерді шеше алуы, тілдік құралдарды дискурс пен пікір білдіруде шығармашылықпен қолданады; өзінің көзқарасын жүйелі білдіре алу жəне пікірлесушінің көзқарасын тыңдап, түсіне алады, өз бетінше жаңа білімді игеріп, білім деңгейін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіреді; жағдаятты түсініп, өз қабілеті мен білімін бағалайды, өзіне қажетті білімді екшелеп, сұрыптап, оны қолданудың жолын меңгереді, өздігінен ізденіс жасай алады, білімді қажетті жағдайда қолданып, жеке, қоғамдық, кəсіби-танымдық қызметін ұйымдастырады.
Пәнді оқыту барысында студенттің:
қазақ тілінен оқытудың өзіндік ерекшеліктерін, технологиялар мен әдіс-тәсілдердің әлемдік озық түрлерін білуі керек;
оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, таңдай білуге, оларды практикада қолдана білу дағдылары қалыптасады; қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту, өз бетімен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу, оларды талдай білу машықтарына дағдыланады. оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеруге, жаңашыл әдістемелерді талдай білуге, педагогикалық психология, дидактика, психолингвистика т.б. салалары жетістіктерін жинақтай, тани білуге дағдылануы керек;
теориялық білімді практикамен ұштастыру арқылы өмірлік қажеттеріне қолдана алатын тәжірибе жинақтауды меңгеруі керек.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
Әбілқаев Ә.Бисенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014.
Оразбаева Ф., Б.Қасым, Н.Оразахынова, Ж.Балтабаева, Р.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқулық. Алматы, 2016.
Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модульдік технология негізінде оқыту. Алматы, 2006.
Құрманова Н. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясы. Алматы, 2001 ж.
Халитова І. Дидактикалық технологиялар. А.,2009.
Қосымша:
Полат Е.С., Бухаркина Н.Ю. Современные педагогические и информационные
технологии в системе образования. Москва, 2007.
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас:теориясы және әдістемесі,2008.
Орынбаев А., Сүлейменова Ж., Абитжанова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша анықтағыш-сөздік. А.,2009.
Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448.
Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1993. – 112.
Əлімов А. Интербелсенді əдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. -Алматы, 2013
Интернет ресурстар:
http://edu.gov.kz/ru
http://egi.kz/wp-content/uploads/2016/03/ZHOO-da-bilim-alatyndardy
http://til.gov.kz/wps/portal/
http://www.izden.kz/referattar/pedagogika
http://megamozg.kz/
http://www.rusnauka.com/11_NPE_2014/Pedagogica/5_166504.doc.htm
http://poetika.kz/tag/
http://bilimdiler.kz/
http://okulyk-edu.kz/component/k2/item/363.html
http://www.nuo.kz/
http://kzdocs.docdat.com/docs/index
http://azbyka.kz/
https://szh.kz/student/11
http://group-global.org/kk/publication/24678-innovaciyalyk
Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
апталар
| Аудиториялық сабақтар | |
Практикалық сабақтардың тақырыптары
|
Әдебиеттер
(бетін көрсетіңіз), интернет ресурстары
|
1
|
ҚР жалпы орта білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттар. Қазақ тілін оқыту əдістемесі – жеке ғылым саласы: əдіснамалық негіздері Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні, ғылыми негіздері.
|
Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың мақсат, міндеттері. ҚТОӘ пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
|
1. Әбілқаев Ә.Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (3-5 бб.)
2.Ф.Оразбаева, Б.Қасым, Н.Оразахынова, Ж.Балтабаева, Р.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқулық. Алматы, 2016 ж. (5-7 бб.)
3.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас:теориясы және әдістемесі,2008 ж.
4.www.mektep.kz. 5.http://bilimdiler.kz/
6.http://okulyk-edu.kz/component/k2/item/363.html
7.http://www.nuo.kz/
8.http://kzdocs.docdat.com/docs/index
9.http://azbyka.kz/
|
2
|
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің дидактикалық ұстанымдары. «Қазақ тілі» пəнін функционалдық сауаттылық тұрғысынан меңгерту талаптары. Қазақ тілін оқытуға арналған базалық-нормативтік құжаттар
|
Дидактикалық ұстанымдарға негізделген жаттығулар.
Критериалды бағалау жүйесі.
Жоспар түрлері: ұзақ мерзіміді, қысқа мерзімді)
Қазақ тілін оқытудың жаңа тенденцияларыпарадигмаларықағидалары мен бағыттары
|
1. Әбілқаев Ә. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (6-9 бб.)
2.Ф.Оразбаева, Б.Қасым, Н.Оразахынова, Ж.Балтабаева, Р.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқулық. Алматы, 2016 ж. (8-10 бб.)
3. www.45minut.kz.
http://edu.gov.kz/ru
4.http://egi.kz/wp
5.http://til.gov.kz/wps/portal/
6.http://www.izden.kz/referattar
http://megamozg.kz/
|
3.
|
Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі: дәстүрлі әдіс-тәсілдер, жаңаша оқыту әдістері. Қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары Мектепте қазақ тілін оқытудың формалары. Сабақ, оған қойылатын дидактикалық талаптар.
|
Грамматикалық ұғымдар ме түсініктер жасауға
үйрететін әдістер. Қазақ тілін оқытудың жаңа тенден-циялары. Жоспар, оның түрлері. Орта жəне қысқа мерзімді жос-парлар, олар-дың ерекше-ліктері. Қазақ тілі оқулығы.
Оқушылардың креативтік ойлау қабілетін дамыту жəне оны бағалау. Суммативті жə-не формативті бағалау. Сум-мативтік бағалаудың тоқсандық, жылдық қорытынды ба-қылау кезінде қолданылуы. Оқушының да-му жолын баға-лаудағы фор-мативті баға-лаудың алатын рөлі. Қазақ тілін терең-детіп оқытатын мек-тептердегі «Арнаулы курстар» жүргізу əдіс-темесі.
|
1.Әбілқаев Ә.
Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (10-15 бб.)
2. Оразбаева Ф. Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі; Оқу құралы, Алматы 2005 ж. (6-10 бб.)
4.Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы «Мұрагер», 2005.
5.Сатбекова А А. Мемлекеттік тілді жобалау әдісімен оқыту әдістемесі. Алматы, 2007.
6.Полат Е.С., Бухаркина Н.Ю. Современные педагогические и информационные
технологии в системе образования. Москва, 2007.
|
4.
|
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі.
|
Сөздікпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру-дың дидактикалық, психологиялық негіздері.
|
1. Әбілқаев Ә. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (6-9 бб)
2.Ф.Оразбаева, Б.Қасым, Н.Оразахынова, Ж.Балтабаева, Р.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқулық. Алматы, 2016 ж. (8-10 бб)
3.Орынбаев А., Сүлейменова Ж., Абитжанова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша анықтағыш-сөздік. А.,2009.
|
5
|
Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдістемесі
|
Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері, оқыту құралдары.
|
1. Әбілқаев Ә. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (6-9 бб)
2. Құрманова Н. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясы. Алматы, 2001 ж. (8-10 бб)
Оразбаева Ф., 3.Н.Х.Шадиева. Лексиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік
тапсырмалар. Алматы, 2002 ж.
|
6.
|
Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен, стилистикамен байланыстыра
оқыту
|
Жаттығулар жүйесін құрастырудың коммуникатив-тік-танымдық, жеке дидактикалық негіздері.
Жаттығу түрлері.
|
1. Әбілқаев Ә. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (16-19 бб)
2. Қадашова Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, «Мұрагер», 2005 ж. (6-12 бб)
|
7.
|
Грамматиканы оқыту
әдістемесі
|
Грамматикалық талдау әдістемесін жүргізудің тиімді әдістемесі.
Грамматикалық талдау түрлері.
|
1. Әбілқаев Ә. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (20-22 бб)
2.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар, Алматы, 1992 ж.
3. www. kitaphana.kz
4.www. orleu.kz.
|
1-Аралық (Midterm) аттестация
|
10
|
Сөз тіркесін оқыту әдістемесі
|
Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар жүргізу мен оның түрлерін анықтау.
|
1. Әбілқаев Ә. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (30-32 бб)
2. Құрманова Н. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясы. Алматы, 2001 ж. (28-30 бб)
|
11
|
Жай сөйлемді, сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
|
Жай сөйлемнің құрылымдық мағыналық жүйесі және сөйлем мүшелеріне талдау жасау әдістемесі
|
1. Әбілқаев Ә. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (33-39 бб)
2.Оразбаева Ф. Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі; Оқу құралы, Алматы ( 28-35 бб)
|
12
|
Қазақ тілінің стилистикасын оқыту әдістемесі.
|
Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.
|
1. Әбілқаев Ә. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (36-40 бб)
2. Қадашова Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, «Мұрагер», 2005 ж. (16-22 бб)
3.Ерхожина Ш. Құрмалас сөйлемдерді шығармашылықпен оқыту. А., 2013.
|
13
|
Орфография, пунктуацияны оқыту әдістемесі
|
Орфографиялық, пунктуациялық жаттығулар мен талдау әдістемесі.
Орфографиялық сөздікпен жұмысты жүргізудің тиімді жолдары
|
1. Әбілқаев Ә.Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (46-49бб)
2.Ф.Оразбаева, Б.Қасым, Н.Оразахынова, Ж.Балтабаева,Р.РахметоваҚазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқулық. Алматы, 2016 ж. (38-50 бб)
|
14
|
Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістемесі. Шешендік өнерге баулу жолдары.
|
Оқушылардың тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдері
|
1. Әбілқаев Ә. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (33-39 бб)
2.Оразбаева Ф. Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі; Оқу құралы, Алматы ( 28-35 бб)
|
15.
|
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі даму тенденциялары
|
Жаңашыл педагогтар: педагогикалық тәжірибелері
|
1. Әбілқаев Ә.Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2014 ж. (33-39 бб)
2.Оразбаева Ф. Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі; Оқу құралы, Алматы ( 28-35 бб
http://dostykbilim.kz/
http://www.rusnauka.com
http://malimetter.kz/filolog
http://www.tilortalyq.kz
|
|
2- Аралық (Midterm) аттестация
|
|
Қорытынды емтихан
|
|
СӨЖ тақырыптары және тапсыру кестесі
Тапсырманың атауы
|
Тапсырманың қысқаша мазмұны
|
Бақылау нысаны
|
Тапсыру мерзімі, апта
|
Тапсырманың үлес салмағы (%)
|
|
СӨЖ-1 Мемлекеттік
оқу стандарты, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдарына сараптама жүргізу.
|
Қазіргі білім беру жүйесіндегі
жаңа білім мазмұныны маңызы: мемлекеттік оқу стандарты, оқу бағдарламалары, оқулықтарға
сараптама жүргізу негізінде салыстырмалы талдау жасалады.
Әр студент зерттеу нәтижесін қорғайды.
|
Иллюстративті көрнекіліктер арқылы қорғау.
Концептуалдық кесте жасау. Салыстырмалы талдау жасау.
|
3-апта
|
0,4
|
|
СӨЖ-2 Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану Педагог-ғалым В.П.Беспальконың деңгейлеп саралап оқыту туралы айтқан пікірлері (аннотация). Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.
|
Жаңа әдісті қолданып, жүргізілу әдістерінің дидактикалық материалдарын даярлайды.
|
Демонстрациялау, сұхбат. Ұсыныстар. (Т-кестесі). Т –кестесі.
|
6-апта
|
0,4
|
|
СӨЖ-3 А.Байтұрсынұлының əдістемелік еңбектері Ж.Аймауытовтың комплексті оқыту əдістемесінің ерекшеліктері. С.Аманжоловтың əдістемелік еңбектерін . Қ.Жұбановтың жеке пəндердің əдістемесін жасаудағы ізденістері
|
Жоба жасауды ұйымдастыру жоспарын әзірлейді. Еңбектердің жүйесін дайындап, ұйымдастырады.
|
Демонстрация-лау. Жоба орындау. Кластер құру.
|
10-апта
|
0,4
|
|
СӨЖ-4 Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру (модель)
|
Дидактикалық материалдар даярлайды. Оның ішінде бейне жазба болуы міндетті. Моделін жасау.
|
Бейнеролик дайындап көрсету. Эссе жазу.
|
12-апта
|
0,3
|
|
СӨЖ-5 Мәтін түрлерін дайындау. Пунктуацияны оқыту әдістемесі бойынша жаттығу әдісіне тапсырмалар жасау.
|
Белгілі тақырыпты таңдап алып, сабақ үдерісіне қатыстырып түрлі әдістерге жаттығу тапсырмаларын құру. Оның ішінде проблемалық мәтіндерді талдауға қатысты тәсілдерді қолдану.
|
Демонстрация-лау. Сраптамалық қорытыны жасау. Проблемалық мәтіндер талдау, Пікірталас өткізу
|
15-апта
|
0,3
|
|
|
|
|
|
18
|
|
СОӨЖ тақырыптары
№
|
Тақырыптар
|
Сағаттар саны
|
Тапсырма түрі
|
Оқу-әдістемелік құралдары және т.б.
|
Тапсырманың үлес салмағы (%)
|
|
1
|
ҚТ Оқыту әдістемесінің жаңа технологиялары (Деңгейлеп-саралап оқыту)
|
6
|
Бейнеролик
Т-кесте
|
1.Жанпейісова. Оқытудың модульдік технологиясы. А., 2012. 25-70 бб.
1. Оразбаева Ф. Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі; Оқу құралы, Алматы ( 28-35 бб)
|
0,2
|
|
2
|
Қазақ тілін рухани құндылықтар негізінде оқыту әдістемесінің негіздері
|
6
|
Концептуалды кесте
Жоба
|
1.Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру . Мақала. А.,2017.
2.Оразбаева Ф. Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі; Оқу құралы, Алматы ( 28-35 бб
http://dostykbilim.kz/
http://www.rusnauka.com
http://malimetter.kz/filolog
http://www.tilortalyq.kz
|
0,2
|
|
3
|
Қазақ тілін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану
|
6
|
Кластер жасау
Жоба
|
1.Орынбаев А. Ә. Ш.Х. Сарыбаевтың әдістемелік мұрасы. Алматы, 2001.
2.Құрманова Н. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта
оқыту технологиясы. Алматы, 2001.
3. Сатбекова А А. Мемлекеттік тілді жобалау әдісімен оқыту әдістемесі. Алматы, 2007.
4.Полат Е.С., Бухаркина Н.Ю. Современные педагогические и информационные
технологии в системе образования. Москва, 2007.
|
0,2
|
|
4
|
Жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұны
|
6
|
|
1.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас:теориясы және әдістемесі,2008.
2.Оразбаева Ф., Н.Х.Шадиева. Лексиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік
тапсырмалар. Алматы, 2002.
3.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар, Алматы, 1992.
4.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары, А., 2001.
5.Орынбаев А., Сүлейменова Ж., Абитжанова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша анықтағыш-сөздік. А.,2009.
6.Қыдыршаев А.С. А.Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы. Орал, 1998.
|
0,2
|
|
5
|
Қазақ тілін оқытудағы кейс технологиясы
|
6
|
Жоба
|
1.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас:теориясы және әдістемесі,2008.
2.Оразбаева Ф., Н.Х.Шадиева. Лексиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік
тапсырмалар. Алматы, 2002.
3.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар, Алматы, 1992.
4.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары, А., 2001.
5.Орынбаев А., Сүлейменова Ж., Абитжанова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша анықтағыш-сөздік. А.,2009.
|
0,2
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
Білімді бағалау критерийлері, балдар:
Бақылау түрі
|
Апта
|
|
Максимальный балл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Максималды балл
|
|
|
Дәріс
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
7
|
|
Практикалық, семинар, СОӨЖ
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
3 (тест)
|
15
|
СӨЖ
|
|
|
4
|
|
|
4
|
|
8
|
|
1 -рейтинг бойынша
барлығы
|
3
|
3
|
7
|
3
|
3
|
7
|
4
|
30
|
30
|
Апта
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Максималды балл
|
|
Максимальный балл
|
Дәріс
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
8
|
|
Практикалық, семинар,
СОӨЖ
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
|
14
|
СӨЖ
|
|
|
2
|
|
3
|
|
|
3
|
8
|
|
2-рейтинг бойынша
барлығы
|
3
|
3
|
5
|
3
|
6
|
3
|
3
|
4
|
30
|
|
30
|
Емтихан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
40
|
|
40
|
Жалпы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100
|
100
|
Сабақ түрлерінің сипаттамалары:
Дәрістік және практикалық сабақтарда белсенділік таныту міндетті және Сіздің қорытынды балл/бағаңыздың қорытынды жиынтығы. Дәрісте қарастырылған тақырыпты бекіту үшін көптеген теоретикалық сұрақтар берілген. Сондықтан Сіздің қорытынды бағаңызға сабаққа қатыспай қалған жағдай өз әсерін тигізеді. Дәріске түрлі себептермен екі рет кешігу немесе сабақ толық аяқталғанына дейін сабақтан кетіп қалу жағдайында бір қатыспаған сабақ болып саналады. Әрбір екі рет кешігу немесе сабақ толық аяқталғанына дейін сабақтан кетіп қалу бір қатыспаған сабақ болып саналады. Дегенмен, сабаққа қатысып қана қою баллдық көрсеткіштерінің көбеюіне әсерін тигізе алмайды. Сіздің сабақ барысында үнемі белсенділік танытуыңыз қажет. Аталған курстың міндетті талаптарының бірі – сабаққа дайындықпен қатысу. Ұсынылған оқулықтың негізгі көрсетілген бөлімдерімен танысу қажет. Белгілі тақырып бойынша тиісті дәріс сабағына қатысу алдында және практикалық сабақтарға дайындықпен келу талап етіледі. Өз кезегінде, мұндай дайындық Сіздің теориялық материалды жетік меңгеруге және университет қабырғасында белсенді білім алуыңызға септігін тигізеді.
Практикалық сабақтар студенттің өздігімен меңгерген тақырыптарда қойылған міндеттердің шешімдерін оқытушының басшылығымен іздестіруге бағытталған. Практикалық сабақтар барысында тапсырмалар ұсынылады. Ағымдық өзіндік жұмыс ретінде ұсынылған тапсырмаларды барлық студенттер орындауға міндетті. Сіз үй тапсырмасын орындау барысында ұсынылған әдебиеттер тізімінен жинақтаған біліміңізді қолдана аласыз. Сіздің орындаған жұмыстарыңыздың негізінде орташа бағаңыз қойылады. Тапсырмаларды уақытылы орындау және тапсыру есепке алынады.
Зерттеу жұмыстар. Өздік жұмыстар 3-4, сондай-ақ 10-12 студенттен құрылған топта орындауға бағытталған. Жоба тақырыптарын Сіз оқытушының келісімімен анықтай аласыз.
Жобаны орындау үдерісін белгіленген мерзім аралығында топ арасында және оқытушымен талқылап, жобаның арнайы бөлімдерін календарлық-тақырыптық жоспарға сәйкес қорғауға ұсына аласыз.
Жобаны топпен қорғау барлық студенттердің қатысуымен өтеді және таныстыру уақыты 10 минуттан аспауы қажет. Жобаның нәтижесі бойынша қойылған баға барлық топ мүшелеріне қатысты.
Жобаны орындаудың қосымша талаптары және жоба бойынша жұмысты ұсыну жоспары талқыланып, шешім қабылданады.
Студенттің өзіндік жұмысы (семестрлік тапсырма) ағымдық семестрде пәннің қарастырған тақырыптарын қамтитын 5-6 тапсырманы орындауға бағытталған. Тапсырма жазбаша түрде орындалуы тиіс және орындалу деңгейіне қарай белгіленген мерзім ішінде тапсырылуы ескеріледі. Сіздің жазбаша жұмысыңыздың негізінде орташа балл жинақталады. Жұмыстың орындалуы мен уақытылы тапсырылуы есепке алынады.
Қорытынды емтихан курс материалдарын қамтып алуға және меңгерген тақырыптарды пысықтауға бағытталған. Емтихан жазбаша (немесе тестілеу) түрінде өткізіледі және түрлі тапсырмаларды қамтиды: дәрісте талқыланған материал негізінде жазбаша сұрақтар, нақты міндеттердің тәжірибелік шешімін іздестіру. Емтихан ұзақтығы 2 академиялық сағат немесе тапсыру нысанына байланысты 30 минут болуы мүмкін. Емтихан кезінде, жинақтаған балл төмен жағдайда оны көтеру мақсатында қосымша тапсырмалар берілмейді.
Пән бойынша тәжірибелік/зертханалық сабақтарды, СӨЖ және емтиханды бағалау критерилері
Өте жақсы
|
жақсы
|
қанағаттанарлық
|
қанағаттанарлықсыз
|
|
|
|
|
Бағалау критерийлері:
Өздік жұмыстар:
Жобаны бағалау:
|
|
|
Жобаның мақсат міндетін айқындауы – 0,5
|
|
Зерттеудің өзектілігін көрсете алуы – 0,5
|
|
Оны шешудің жолдарын айқындай білуі - 1
|
4
|
Жобаның ғылыми негізделуі - 1
|
|
Күтілетін нәтижені болжай алуы – 0,5
|
|
Қорғау (презентация) - 0,5
|
|
Эссені, ғылыми пікірді, мақаланы бағалау:
Тақырыпты түсінуі – 0,5
Мәселені бағалай білуі - 1
Ой- толғау жасай білуі - 1
Қорытынды тұжырымы - 1
|
4
|
Жұмыстың орындалуы, сауаттылығы – 0,5
|
|
|
Грамматикалық (морфемдік, семантикалық, сөзжасамдық) талдау жүргізу
ГМ талдай білу - 2
Cөз таптарының ГК, семантикасын ажырату –1
Сөзді морфемаларға ажырату мен тұлғаларын дұрыс көрсету – 1
|
4
|
Cараптамалық талдау, концептуалдық кестелер құру, классификациялар жасау:
Тақырыптың ашылуы - 1
Сараптама деңгейі - 1
Ресімделуі - 1
|
3
|
Дәріс, семинар сабақтарына қатысуын бағалау:
Тақырып туралы білімінің, түсінігінің болуы (дайындықпен келуі) - 0,5
Туындаған мәселелерді шешу барысында дұрыс тұжырымдарға келуі - 0,5
Алған білімді тапсырмаларды орындау барысында қолдана алуы -0,5
Түрлі мәселелерді шешудегі үлесі, белсенділігі - 0,5
|
2
|
Қорытынды емтихан:
Оқу материалын игеруі -10
Өз тұжырымын дәйектеуі -10
Талдау жұмысын жүргізуі, теорияны практикамен ұштастыра білуі – 10
Шығармашылық көзқарас - 10
|
40
|
Пән бойынша практикалық/дәрістік сабақтарды, СӨЖ және емтиханды бағалау критерийлері
Өте жақсы
|
жақсы
|
қанағаттанарлық
|
қанағаттанарлықсыз
|
Салыстырмалы сараптама жасау жұмыстарын, әдістемелік кешен
тапсырмаларын даярлаудағы нақтылық, қолданылған тәсілдер тиімді болғанда, видеоролик жасау сапалы, тың идеялы болғанда,
сұхбат сабағын жүргізуде сұрақтардың проблемалылығы
әдістердің түрлендірілуі, ақпаратты интерпретациялай алуы, СӨЖ орындауда
ақпараттың толық қамтылуы
|
Әдістемелік кешен
тапсырмаларын даярлаудағы нақтылық, қолданылған тәсілдер жеткіліксіздеу болғанда, видеоролик жасауда тың идеялар бар болып жеткізілу жақсы болуы,
сұхбат сабағын жүргізуде сұрақтардың проблемалылығы
әдістердің түрлендірілуі, ақпаратты интерпретациялау бар болып жеткізілуі толық болмағанда, СӨЖ орындауда
ақпараттың толық қамтылуы.
|
Әдістемелік кешен
тапсырмаларын даярлаудағы нақтылық шала болғанда, қолданылған тәсілдер жеткіліксіздеу болғанда, видеоролик жасауда тың идеяларлар толық ашылмағанда, жеткізілу механизмінің орта дәрежеде болуы,
сұхбат сабағын жүргізуде сұрақтардың проблемалылығы қамтылмаса,
әдістер қолдануы біршама бар болып, тек берілу тәсілдері түрлендірілмегенде, ақпаратты интерпретациялау бар болып жеткізілуі түсініксіз болғанда.
|
Тапсырмалардың орындалуы мүлдем болмағанда, Материалды жеткізу тәсілі өте төмен жағдайда болуы немесе түсіндіру деңгейі қанағаттандырмаған жағдайда, СӨЖ тапсырмаларында ақпараттар толық қамтылмаған жағдайда немесе талаптарға мүлдем сәйкес келмеген жағдайда болуы.
|
Семестр ағымында Сіздің жұмысыңыздың көрсеткіші ретінде жалпы қорытынды баға аласыз.
Практикалық және зертханалық жұмыстарды бағалау критерийлері: тапсырмаларды шешудің толықтылығы, есептілік ұқыптылығы және мерзімінде тапсыру.
Курстық жоба жұмыстарын бағалау критерийлері (топтық жоба): жобаның шешімін іздестірудегі шығармашылығы, өзіндік ерекшелігі, ұқыптылығы, қорғаудың көрнекілігі және қарым-қатынас жасай білуі.
Емтихан бағасын қою критерийлері: жауаптың дұрыс және толық баяндалуы, ұқыпты және нақты сипаттама бере алуы.
Қорытынды емтиханға жіберілетін ағымдық бақылау бағасы
Пән бойынша қорытынды бағалауға ағымдық үлгерім және қорытынды бақылау (емтихан бағасы) бағасы кіреді. Ағымдық үлгерімін бағалаудың үлесі қорытынды бағалаудың 60% құрайды. Қорытынды бақылау бағасы пән бойынша білімін бағалау деігейінің 40% құрайды.
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың сандық эквиваленті
|
Пайыздық мазмұны, %
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
I
(Incomplete)
|
-
|
-
|
« Пән аяқталмаған» ( GPA есептегенде ескерілмейді)
|
P
(Pass )
|
-
|
-
|
«Есептелінді» ( GPA есептегенде ескерілмейді)
|
NP
(No Рass)
|
-
|
-
|
«Есептелмеді» ( GPA есептегенде ескерілмейді)
|
W
(Withdrawal)
|
-
|
-
|
«Пәннен бас тарту» ( GPA есептегенде ескерілмейді)
|
AW
(Academic Withdrawal)
|
|
|
академиялық себептерге байланысты пәннен босату
( GPA есептегенде ескерілмейді)
|
AU
(Audit)
|
-
|
-
|
«Пән тыңдалды» ( GPA есептегенде ескерілмейді)
|
Атт
|
-
|
30-60
50-100
|
« Аттестатталды» ( GPA есептегенде ескерілмейді)
|
Не атт.
|
-
|
0-29
0-49
|
« Аттестатталмады» ( GPA есептегенде ескерілмейді)
|
R (Retake)
|
-
|
-
|
«Пәнді қайта оқу» ( GPA есептегенде ескерілмейді)
|
1. 1-аралық бақылау (АБ 1) бойынша үлгерімінің жоғары деңгейі (7-апта) - 30%
2. 2-аралық бақылау (АБ 2) бойынша үлгерімінің жоғары деңгейі (15-апта) - 30%
3. Қорытынды емтихан (ҚЕ)- 40%
4. Пән бойынша үлгерімнің максималды деңгейі - 100%,
яғни АБ1, АБ2 және ҚЕ үлгерімі жиынтығы ретінде анықталады
* Сынақ кітапшасына баға әріптік және пайыздық үлгіде қойылады
Курс саясаты:
Студент дәріс, практикалық және зертханалық сабақтарға дайындықпен келу керек. Зертханалық жұмыстарды уақытында қорғау, жұмыстың (практикалық, дәрістік және өзіндік) барлық түрін толық орындау талап етіледі. Студенттің белсенділігі, сабаққа кешікпеуі және қатыспай қалмауы ескеріледі. Жұмысты өз уақытында тапсырмаған жағдайда максималды баллды 10% азайту қарастырылған. Егер ,Сіз ағымдық емтиханға дәлелді себептермен (тек ауруына байланысты), келе алмайтын болсаңыз, онда Сіз оқытушыны емтиханға дейін ескертуіңіз және ауырғаныңыз туралы анықтаманы (емтихан өткеннен кейін 2 тәулік ішінде) кеңсе тіркеу бөліміне өткізуіңіз керек.
Академиялық мінез-құлық саясаты және этика
Төзімді болыңыз, өзгелердің ойын құрметтеңіз. Қарсылықтарыңызды дұрыс тұжырымдай біліңіз. Плагиат және өз еңбегіңіз болып табылмайтын жұмыс нысандарын пайдалануға жол бермеңіз. Емтихан кезінде басқадан көшіруге және басқаға бағыт беруге, басқа студенттің орнына емтихан тапсыруға болмайды.
Көмек: Өзіндік жұмысты орындау үшін, оларды тапсыру және қорғау, сонымен бірге өтілген материалдарға байланысты және оқылған курс бойынша барлық басқа да туындаған сұрақтарға қосымша ақпараттар алу үшін кеңес алуға оқытушымен жұмыс уақыты кезінде немесе электрондық жүйе құралдары арқылы байланысуға болады.
Кафедраның отырысында қаралды, Хаттама №___ «____»________201_ ж.
Кафедра меңгерушісі _________________________________ Ермекова Т.Н.
Құрастырушы: _________________________________ Сүлейменова Ж.Н.
Достарыңызбен бөлісу: |