Iкомпьютер көмегімен есептер шығарутехнологиясы



бет2/20
Дата20.12.2021
өлшемі1,43 Mb.
#104168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Iкомпьютер к мегімен есептер шы арутехнологиясы

Тақырыптың өзектілігі: Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің  міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.  Сонымен қатар  мемлекеттік білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы, Қазақстан мектептерінде математикадан білім берудің мемлекеттік стандартына жеке тұлғаның  шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту, біліктілігі жоғары білімді мамандарды даярлауды көздейді.

«Сандык әдістері» курсының мақсаты қолданбалы есептерді шешудің жуықтау әдістері, математикалық моделдеу әдістері, қате көздері және нәтиже дәлдігінің әдістері жайындағы түсінікті студенттерге жүйелендірілген түрде қалыптастыру. Сондай-ақ таным үрлісінде пайда болатын математикалық есептерді ЭЕМ-ның көмегімен шешудің есептеу алгоритмдерін құрып, қолдана білуге дайындау. Сонымен қатар,оны практикалық іс әрекетінде математикалық моделдеудің көмегімен өмірдегі құбылыстардың заңдылықтарына пайдалана білу.



Mathcad секілді компьютерлік математика жүйелері математикалық есептерді шешу кезінде адаммен компьютер арасындағы диалогты айтарлықтай жеңілдетеді. Аталғандардың ішінде Mathcad жүйесі ыңғайлы әрі қарапайым интерфейсі және жетілдірілген графикасы арқылы ерекшеленеді. Mathcad- ты меңгеру, көптеген программалау тілдерімен салыстырғанда, көп уақыты және қандай да бір қажетті білімді талап етпейді. Белгілі бір есепті шешу тәсілін сол мезетте меңгеріп, сол мезетте қолануға болады. Тек қана минимальды көлемдегі мағлұматты есте сақтау керек. Кейбір программалау тілдерімен (PASCAL, Фортран және т.с.с.) салыстырғанда, өзінің кіріктірілген функцияларының арқасында Mathcad-та программа жазу үшін шамалы уақыт жеткілікті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет