Iкомпьютер көмегімен есептер шығарутехнологиясы


КОМПЬЮТЕР КӨМЕГІМЕН ЕСЕП ШЫҒАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет4/20
Дата20.12.2021
өлшемі1,43 Mb.
#104168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Iкомпьютер к мегімен есептер шы арутехнологиясы

КОМПЬЮТЕР КӨМЕГІМЕН ЕСЕП ШЫҒАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Бір қатар зерттеулерді талдау «есеп» ұғымына анықтама берудің төрт негізгі жолын көрсетуге мүмкіндік береді. «Есеп» - мақсат пен осы мақсат жеткізілуге тиіс шарттардың жиынтығы. А.Н.Леонтьев «есеп-белгілі бір жағдайларда берілген мақсат» десе, ал О.К.Тихомиров мақсатты оған қол жеткізу үшін тиімді тәсілдерді талап ететін және нақты жағдайларда берілген мақсат ретінде түсінеді. И.Я.Лернер есепті талаптар мен сұрақтардан туындайтын шешу мақсаты, шығару жолын қолдану мен шешімнің дұрыстығының алғышарттары, сонымен қоса, шығару жолының бар болуы немесе оны анықтаудың қажеттілігі, құрастырылуы ретіндегі шарттар мен факторлар арқылы сипаттайды [1]. «Информатика есептері» ұғымы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Мысалы, В.А. Извозчиков есепке деген қарым-қатынасты жақсы, есепке деген бейімді оқушыларды топтап жұмыс жүргізгенде оқушыларды олимпиадаға дайындағанда әр есептің қойылымы талданып, программалау нұсқаларын түсіндіріп, тапсырмалар беру арқылы шығармашылыққа жетелеуді ұсынады [2]. Есептер шығару барысында оқытудың ойлау тиімділігінің дамуын қамтамасыз ету үшін информатиканың арнайы жүйеде іріктелінген, таңдалынған есептерін қолдану керек. Іс-әрекеттік тәсіл ұғымының негізінде есептің құрамы келесі компоненттерден тұратын жүйе ретінде қарастырамыз:

- есеп шарты (бастапқы берілгендер);

- есеп сұрағы (талап);

Осы екі компонент біріге отырып, есеп шығаруға қолданылатын қажетті ережені айқын емес түрде қамтиды. Есепті шешіп болған соң қосымша компоненттер пайда болады:

- есеп шешімінің нәтижесі (бұл есептің сұрағына жауап, сондықтан да нәтиже сұрақты айқын емес түрде қамтиды деуге болады);

- нәтижелерді алуға әкелетін іс-ерекеттер тізбегі.

Есептерді жүйе ретінде қарастыру және сонымен бірге есептерді шешу әдісін қадағалау информатика бойынша есептерді екі топқа бөлуге болады: бірінші топта есептің жетіспейтін бөліктерін қалпына келтіруді талап етеді, екінші топта (жобалау есептері) жобалау керек, яғни есептің бөлігінде қандай жетіспеушіліктерін біліп, дұрыс шешімге келтіруге арналған.

Компьютерді пайдаланып есеп шығару процесін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет