Iкомпьютер көмегімен есептер шығарутехнологиясы


Құрылған программа бойынша есепті тікелей компьютер көмегімен шешу



бет8/20
Дата20.12.2021
өлшемі1,43 Mb.
#104168
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Iкомпьютер к мегімен есептер шы арутехнологиясы

7. Құрылған программа бойынша есепті тікелей компьютер көмегімен шешу. Міне, осы кезеңде ғана компьютер адам араласуынсыз жұмыс істейді. Бұдан біз компьютер қандайлық қуатты құрал болғанмен де оның дамуы және тиімділігі адамға байланысты екендігіне көз жеткізе аламыз.

8. Алынған нәтижеге талдау жүргізу. Егер программада синтаксистік және семантикалық қателер орын алмаса, компьютер кейбір нәтижені бере береді. Алынған нәтиже күткен нәтиже бола ма, жоқ әлде басқаша ма, міне, осы жағдайға міндетті түрде баса назар аударуымыз керек болады. Осы келтірілген кезеңдер міндетті кезеңдер болып саналады, сондықтан мұғалім бұл кезеңдерді өзі де білуі және түсінуі тиіс болады, компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын оқушыларға дұрыстап түсіндіруге және үйретуге ол міндетті.

Қарастырып отырған нақты есепте талдауды және зерттеуді тереңдету қажет болатын болса, жоғарыдағы келтірілген кезеңдер санын көбейтуге болады.

Сонымен, компьютер көмегімен есептерді шығару мынандай міндеттерді жүзеге асырады:

оқушылардың есеп шығару біліктіліктерін дамыту процесін

жетілдіру;

мектеп оқушыларының кеңістіктік елестетуін дамыту;

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

оқуға деген белсенді қатынасқа, пәнге қызығуға, дербестікке және басқа да жеке тұлғалы қасиеттерге тәрбиелеу сияқты міндеттерді жүзеге асырады.

Оқушылардың ойлау тиімділігін дамытудың маңызды шарттары-ақпараттық технология мен өзіндік жұмыстың негізі болып табылады. Мұндай жағдайда әрбір жеке адамның тапсырмасы күрделі шешімдерге жету үшін ақпаратты беру және өңдеу кезінде уақытты ұтымды пайдалануға болатын компьютерлік программалардың мүмкіндіктерін қолдану қолайлы болады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарына көп көңіл бөлу қажет. Бұл олардың мектеп программасын және мұғалімнің талабынан да жоғары ізденіс пен білімді меңгеруін қалыптастырады. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың сыртқы формасы тапсырма болып табылады. Мұндай жұмыстар оқушылардың танымдық қызығушылығын, оның қабілеттілігі мен мүмкіндіктерін, даму деңгейін ескеріп, дифференциалды және даралап оқытуды болжайды.

Оқушылардың нәтижелі ойлауын дамытуды қамтамасыз етуге информатикадан арнайы таңдалынған есептер жүйесі қолданылады: есептерді шығару үшін оқушыға бастапқы мәліметтермен жалпылама таныстырып және есептер шартына түсіндірме беру, объектілердің жалпы белгілерін анықтап айту. Мұндай есептерді шешу кезінде оқушыларға есептердің берілген нақты қасиеттерге ие болатын жалпы параметрлерін таңдап, есептерді шешуге және ойлануға тура келеді.

Көбінесе тиімді шешімді іздестіруге бағытталған есептер. Мұндай есептерді шешу кезінде оқушылардың ойлау қабілеттері стандартты емес тұжырымдайды. Ең аз қадам санымен шешім неғұрлым тиімді болу керек. Есептерді жіктеу, объектілердің ұсынылған жиынтығын бірнеше белгілерге бөлуді талап етеді. Мұндай есептерде де жіктелген белгілерді айқындау қажет, содан кейін объектілердегі белгілердің жиынтығы қанағаттандыратынын тексеру.

Қойылған есептерді шешетін оқушы өз бетімен мақсат қояды, мақсатқа жету кезеңдерін анықтап, сонымен қатар жеткен нәтижені бағалап, критерийлерін жоспарлайды.

Енді осы айтылғандарды нақты мысал арқылы көрсетейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет