Илахунова Дильназ №6 дәріс бойынша тапсырмалары


)Озат тәжірибені мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру - педагогтың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру құралы



бет5/6
Дата18.02.2022
өлшемі20,19 Kb.
#132407
түріКонспект
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Педагогика

3)Озат тәжірибені мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру - педагогтың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру құралы.
Педагогика ғылымының жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибені практикада пайдалану мәселелері М.А.Данилов, В.Е.Гмурман,Ф.Ф.Королев,Ю.К.Бабанский, Л.В.Занков, М.И.Махмутов және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне озық педагогикалық тәжірибені ендіру, озат мұғалімдер мен мектептің тәжірибесін насихаттау, тарату мәселесін алғаш көтерген М.Н. Скаткин болды. Педагогика ғылымындағы жаңалықтарды мектеп практикасына ендіру мәселелерімен В.Е. Гмурман, Ю.К. Бабанский, П.И. Карташов және т. б. айналысты. Осы мәселенің теориялық аспектісін зерттеген М.Н.Скаткин төмендегілерді ерекше атап көрсетеді: мұғалімнің практикасына жаңаны ендіруге бағытталған жол, ендіру ұғымы, ендіру припциптері, тиімді ендіру шарттары, ендіру іс-әрекетінің тәсілдері, ендіру үрдісі, ендіру түрлері, ендіру жұмысындағы кемшіліктер, ендіру үрдісін басқару, ендіру кезеңдері, педагогикалық зерттеу нәтижесінің түрлері және оны ендіру ерекшеліктері, ғылыми жаңалықты ендіруге және пайдалануға даярлық көрсеткіштері, әдістемелік қызмет, ендіру тиімділігі.
«Өзара іс-әрекеттілік» ұғымы педагогикалық зерттеу нәтижелерін практикаға ендіруді білдіреді, теория мен практиканың өзара іс-әрекеттілігі педагогикалық іс-әрекеттің кез келген түрінде байқалады (оқу-тәрбиелік, басқарушылық, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет, мұғалімдер қауымына педагогикалық ғылымның материалдарын беру іс-әрекеті). Соңғы кезде, ғылым мен практиканың өзара іс-әрекеттілік мән-мәтінінде педагогикалық жаңалықты пайдалану мәселесі көбірек зерттелуде. Көптеген зерттеушілер жаңашылдық қозғалысын педагогикалық жаңалықта пайдаланумен тығыз байланыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет