Оқу бағдарламасы
– әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік,
дағдылар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен кӛлемін, сондай-ақ бӛлімдер
мен тақырыптардың оқу жылы бойынша бӛлінген мазмұнын анықтайтын
құжат.
5
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Абай атындағы ҚазҰПУ
-
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық
университеті
ЖОО
-
Жоғары оқу орны
ЖББ
-
Жалпы білім беру бағдарламалары
ҚР
-
Қазақстан Республикасы
ҚР БҒМ
-
Қазақстан Республикасының Білім және
Ғылым Министрлігі
ҚР МЖМБС
-
Қазақстан
Республикасы
мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарты
ЭТ
-
Эксперименттік топ
БТ
-
Бақылау топ
6
КІРІСПЕ
Зерттеудің ӛзектілігі.
Қазіргі таңда білім берудің қай саласы болса да,
Республикамыздың білім алушыларды дамытуға байланысты қойып отырған
талаптарын жүзеге асыру бағытында жұмыс жасауда. Осы тұрғыдан алғанда,
орта мектептегі білім мазмұны мен құрылымы педагогикалық, психологиялық
және әдістемелік зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, жыл сайын қайта
қаралып, жетілдіріліп келеді. Жас буынға білім беру ісін қазіргі ғылым мен
техниканың даму деңгейіне лайықтау, осы саладағы қолжеткен жетістіктерді
білім мазмұнына ендіріп отырудың керектігін жыл сайынғы Елбасымыздың
Қазақстан халқына жолдауынан да кӛріп отырмыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы
«Тӛртінші ӛнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында адам капиталына баса
кӛңіл бӛлді. Сондықтан, онда:
Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім
беру ісінде ӛзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру
бағдарламаларының негізгі басымдығы ӛзгерістерге үнемі бейімболу және жаңа
білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс- деп кӛрсетті
[1]. Сол сияқты,
Елбасының 2012 жылғы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы-
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және
кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта
даярлаудың негізгі бағдарын айта отырып, бәсекеге қабілетті дамыған
мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық
жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор кӛңіл бӛлу қажет»,
– деген болатын [2].
Сонымен қатар Елбасының « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім
терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында
білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде
білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»-деп атап кӛрсеткен-ді[3].
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның
үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына
Жолдауында Елбасы
ең алдымен, білім беру жүйесінің рӛлі ӛзгеруге тиіс және
біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық ӛсудің жаңа моделінің орталық
буынына айналдыра отырып, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін
және ӛз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттілігін
кӛрсетеді[4].
Міне, мұның бәрі біздің елімізде жас жеткіншектерге білім беру ісіне аса
жауаптылықпен қараудың кӛрінісі. Осыған байланысты орта мектепте білім
беретін әрбір пәннің ӛз алдына қоятын мақсаттары мен айқындалған міндеттері
бар. Ал, қоғамдағы ғылымның даму қарқыны мектеп оқушыларына
жаратылыстану негіздерінен білім беретін пәндердің ғылыми деңгейін онан әрі
дамытуды кӛздеп отыр.
7
Себебі, орта мектепті тамамдаған жастардың адам, қоғам, табиғаттың бір-
бірімен байланысын ғылыми тұрғыдан терең меңгеріп, дүниенің біртұтастығы
жайында материалистік кӛзқарасының қалыптасуы қажет. Сонымен қатар,
қазіргі таңда оқулықтар сапасына қойылатын талаптар да күрделеніп ӛзгеріп
отыр. Мәселен, оқулық мазмұнының ғылымилығы, жүйелілігі талаптарын
былай
қойғанда
оныңқұндылық
бағдарлы
болуы,
Қазақстандық
компоненттердің енуі сияқты жаңа талаптар қойылуда.
Осыған орай, жаратылыстану ғылымдарының бір саласы болып
есептелетін химия пәнінің де алдына қоятын мақсаттары мен міндеттері
жаңарып жетілдіруді талап етеді. Соңғы жылдары Қазақстанның орта білім
беретін мектептерінде химия пәні бойынша жаңа буын оқулықтарының жарық
кӛріп, қазіргі таңда сол оқулықтармен білім беруді жүзеге асып отыр.
XX ғасырдың соңындағы қоғамда болған ӛзгеріс жалпы білім беру
жүйесіне де күрделі серпілістер әкелді. Мемлекетіміздің дүние жүзілік білім
беру кеңістігіне шығуы, Қазақстанда осы кезеңге дейінгі қалыптасқан тарихи
жағдайларға, жинақталған құндылықтарға және қоғамның түбірімен ӛзгеруіне
байланысты қазіргі уақытта химиядан білім беру жүйесінің маңызы артуда.
Химия пәні 7- сыныптан басталып, оқушыларғазаттар, денелер, химиялық
заңдар мен теориялар, химиялық ӛндіріс туралы білім деңгейін меңгертуді
кӛздейді.Болашақ қоғам мүшелерінің белгілі мӛлшерде химиялық білімі
болмаса «әлемнің химиялық кӛрінісін» саналы түрде ұғынбаса, «заттық әлемге»
деген шындыққа сәйкес келетін кӛзқарасын, оның дүниетанымын, ойлау
үдерісінің дамуын қалыптастыру мүмкін емес.Еліміздегі алуан түрлі
шаруашылық салаларының бәрі де дерлік химиямен байланысты дамуда.
Химиядан білім беруде әдетте заттар мен химиялық үдерістердің
арасындағы обьективті заңдылықты, деректерді, ұғымдарды және олардың
байланысы ашылады. Мәселен, оқушыларға ӛндірістік материалдар туралы
білім беру олардың политехникалық дайындығын күшейтеді. Сонымен қатар,
бұл пән- нің жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын,
заттардың күрделену сатысын, олардан түзілетін табиғи және жасанды
денелермен таныстырады. Қазіргі таңдағы жасанды синтетикалық заттарды
тұтынушылықтың басым заманында болашақ қоғам мүшелерінің оны толық
және ғылыми тұрғыдан терең меңгеруін керек етеді. Әсіресе, 7-9 сыныптарда
химиялық құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жӛнінде
ғылыми кӛзқарас қалыптастыру міндеті орындалады. Химияның қазіргі
қоғамда алып отырған күрделі орны оны бүкіл жаратылыстану пәндерімен
байланыстыра оқытуды керек етеді.
Шын мәнінде де, Қазақстандағы жалпы ӛндірістің дамуы әсіресе химиялық
қосылыстардан туындайтын материалдарды күнбе-күн кеңінен керек етіп
отырғаны даусыз. Ал, біздің Республиканың келешегі болып есептелетін
жастарымыздың бұл саланың ерекшелігін, теориялық және практикалық негізін
мектептен бастап ақ меңгеруге тиісті.
Бұл мақсатқа жету үшін бірнеше себеп бар. Әрине, мектеп қабырғасында
оқушылардың химия пәнінің теориялық тұстарын толық меңгеруіне ең бірінші
8
себеп, педагог қауымының дайындығы, білім беруді жоғары деңгейде жүргізуге
қалыптасқан кәсіптік құзыреттіліктерінің болуы. Соның негізінде білімді
тұлғаға бағыттау талабының орындалуы. Екінші себеп, оқушылардың іздену-
шілігі мен зерттеушілік, бақылаушылық, эксперименттік бағыттағы ӛзіндік
жұмыстарын ұйымдастырудың қамтамасыз етілуі. Үшінші себеп, оқушылардың
білім алуы тек оқулықтағы материалдарды игерумен шектелмей, олардың оқу
іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негіз болатын және оқулықтың мазмұнын
тереңдете түсетін қосымша оқу құралдарының пайдаланылуы.
Химия кӛп салалы пән болғандықтан, ол бүкіл жаратылыстану пәндерімен
мазмұндық және практикалық жағынан тікелей байланысты. Бұл жағдайлардың
бәрін оқулыққа енгізу мүмкін емес. Сондықтан, оқушылардың білімін
толықтырып қана қоймай, олардың ізденушілігін, зерттеушілігін дамытатын
бұл пән бойынша дайындалған оқу құралдарының оқулық мазмұнымен
сабақтастықта пайдалануын қамтамасыз етуді қарастыру болып табылады.
Дүние жүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде
Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы
мен оқу-тәрбие жұмысында ӛзгерістер енгізумен бірге, елімізде болып жатқан
түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, білім алушылардың
шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап
етеді. Еліміздің білім жүйесі бойынша мектеп қабырғасында білім беру тұлғаға
бағыттала отырып, оларды шығармашылыққа, ізденуге, оқушылардың білімді
ӛздігінен меңгеруге жетектеу, білім беру әдістемелерінің осы мақсатқа тез
бейімдеуді керек етеді.
Педагогика
саласындағы
зерттеулер
білім
беру
мазмұнын
гуманизациялауды, оқытудың тәрбиелік ролін кӛтеруді, оқушылардың оқуға
қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан да, мектеп қабырғасында
химияны оқытуда ең алдымен химия ғылымының даму жолын талдай отырып,
оның мазмұнын ғылыми тұрғыдан толық ашу үшін оқулық пен оқу
құралындағы материалдарды байланыстыра отырып, білім берудің жаңа
технологияларын қолдану негізінде мақсатқа жетуге болады.
Сондықтан да, оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұндық,
құрылымдық, әдістемелік сабақтастықтарын ғылыми тұрғыдан жетілдіре түсу
заман талабының бірі деп қараймыз.
Оқулықтардың теориялық негізін, білім берудің дидактикалық
принциптеріне қарай оның мазмұндық, құрылымдық ерекшеліктерін зерттеген
Ресей
ғалымдарыныңқатарында:
В.Г.
Бейлинсон,
Д.Д.Зуев,
П.Г.Буга,В.В.Краевский,
Н.Ф.Талызина,Л.В.Занков,
С.Г.
Шаповаленко,
В.П.Беспалько, И.К. Журавлев [5-15]айналысқандығын білеміз. Сонымен қатар
педагог Г.М. Донской оқулық мазмұнының дамуы мен атқаратын қызметін [16],
А.М. Сохор оқулықтардағы ғылыми материалдарды дидактикалық ӛңдеу
туралы [17], И.П.Товпинец, Ю.К.Бабанский, В.В.Сорокин, Л.С.Гузей,
Р.П.Суровцева, В.П.Максаковский, А.З.Рахимов, Н.И. Кондаков, М.Н.
Скаткинжәне т.б. еңбектерінде оқулық құрылымы мен оны құру жолдарын
талдаған[18-24]. Ал, ғалым Дайнеко оқулық тиімділігін арттыру жолдарын,
9
К.Швинге, Л.Я.Зорина, Л.М.Кузнецова оқулық функцияларының оның
құрылымына әсері туралы тұжырымдарды ұсынған[25-29]. Л.А.Цветков,
З.Е.Гельман, Д.А, Эпштейн химияны оқыту мазмұнындағы пәндік- ғылыми
білімнің мектеп оқулықтарында берілу мәселелерін ұсынған[30-32]. Химия
пәнінен алғашқы оқулықтар туралы Б.А.Бірімжанов, К.А.Аханбаев,
И.Н.Чертков, А.В.Лаврентьева және Л.С.Понтак, Г.Н. Осокина, Швинге мен Г.
Майендорф, Е.Е.Минченков, Э.К.Реоли және т.б. ғалымдар зерттеулер
жасаған[33-39].
А.Қ.Құсайынов,
Ұ.А.Асылов,
оқулықтанудың
ӛзекті
мәселелерін
қарастырса, А.Е.Әбілқасымова Қазақстандағы жаңа буын оқулықтары қандай
болу керек, қазіргі жағдайы және олардың сапасын кешенді бағалау жӛніндегі
еңбектерін атай аламыз. Бастауыш сыныптардағы табиғат тану, дүниетану
оқулықтарын құрумен және олардың қосымша оқу құралдары мен
әдістемесін жазған Қазақстандық ғалымдардың бірі- Қ.А.Аймағамбетоваболса,
Ж.Ә.Шоқыбаев химиядан жоғары мектепке арналған оқу құралдарының
дидактикалық негіздерін, ал И.Н.Нұғыманов химия оқу құралдарындағы
химиялық тілдің маңызын анықтаған. Орта мектептерде химия пәні бойынша
негізінен И. Нұғымановтың, Н.Нурахметовтың [40-48] даярлаған оқулықтарын
пайдалануда. Олардың арасында Ресей авторларымен бірлестікте дайындалған
оқулықтарды да
айтуға болады. «Дәуір-Дрофа» баспасы бірлесіп
О.С.Габриелян, Ж.Ә.Шоқыбаев [49] авторлығында орта мектепке арналған
химия (8,9,10,11- сынып) оқулықтарын екі тілде, (қазақ, орыс) жарық кӛрді.
Қазіргі таңда бұл оқулықтар Республикамыздың біраз облыстарында қолданыс
табуда. Сонымен қатар, бүгінгі таңда кӛптеген ғалым-ұстаздар химия
оқулықтарын жаңа талаптарға сәйкестендіріп, жаңарту мәселесімен
айналысуда. Олардың қатарында: Б.А.Мансуров, Н.Қ.Ахметов, Қ.Бекішов,
А.Сармурзина, Р.Жұмаділоважәне т.б. атауға болады [50-54].
Қазіргі қоғамға әлеуметтік жағынан бейімделу үшін адам баласына тек
білім ғана емес, оны күнделікті ӛмірде, практикада шығармашылықпен қолдана
білуі қажет. Бұл үшін, біріншіден, ӛмір сүруге қажетті дүниежүзілік және
жалпы ұлттық мәселелерді шеше білу икемдігі; екіншіден, жоғары
технологиялармен қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық жаңару жолдарын
таба білу біліктілігі қажет. Бұл мәселелерді шешуге жастарды дайындау үшін
химия ғылымының жеткен жетістіктерін білім жүйесіне ендіру, оқушылардың
теорияны толық меңгеруіне жағдай жасау, қоршаған ӛмірде кездесетін нақты
деректерді олардың кӛзімен кӛріп, қолымен ұстауына, олар арқылы тәжірибе
мен эксперименттер жасай отырып, ӛздерінің ізденуі арқылы шындыққа кӛз
жеткізетіндей материалдар қамтылуға тиіс. Мұндай іс-әрекетті ұйымдастыру
химия пәнін оқытуды жаңаша құрып, жаңа технологияларды кеңінен
қолданумен тығыз байланысты.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде химияның маңызды орын алуы
ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз артып отыруынан ғана емес, бұл химия
пәнінің мазмұнының биологиялық, физикалық, географиялық ғылымдармен
тығыз байланыстылығынан туындайды. Бұл байланыстарды химиядан
10
оқушыларға білім беруде ашып кӛрсету арқылы олардың ғылыми ұғымын жан-
жақты тереңдетіп қана қоймай, бүкіл әлемнің біртұтастығы туралы
кӛзқарастарын қалыптастыруға жағдай туады.
Осы кезге дейінгі кӛптеген зерттеулер мен талдауларға назар аударсақ,
мектептерде пайдаланылып отырған химия оқулықтарының теориялық және
әдістемелік сипаты әлі де жетілдіре түсуді, мазмұндық тұрғыдан қосымша оқу
құралдарын ұсынуды қажет ететіндігі байқалады.
Тарихи жағдайларға, қоғамдағы құндылықтардың ӛзгеруіне және қазіргі
білім беру технологиясының дамуына байланысты химиядан қосымша оқу
құралдарын дайындауды жетілдіре түсу алда тұрған міндеттердің бірі болуға
тиіс деп қараймыз. Еліміздегі мектеп оқулықтарының мәселесін саралап,
зерттеп, жүйелей отырып және оқулықтарды дайындаудағы озық тәжірибелерді
таразылай келе, жаңа буын оқулықтарын мазмұндық, құрылымдық жағынан
жетілдіре түсудің керектігі байқалады. Мұнда алға қойылатын мәселе
оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұндық, жүйелік байланысы және сол
байланысты білім беруде сақтай отырып жүзеге асыру болып табылады.
Біз педагог- ғалым И.Я.Лернердің пікіріне жүгінсек, оқулық бірден кӛзге
шалына қоймайтын үш бӛлімнен тұратынын білеміз. Оның бірінші бӛлімі-
теориялық бӛлімбұл оқулықтағы мәтіндердің мазмұны. Екінші бӛлім,
әдістемелік бұл әрбір тақырыптарға байланысты берілген сұрақтар мен
тапсырмалар. Әдістемелік бӛлім оқушылардың пәнге қызығушылығын,
олардың ӛзіндік жұмысқа талпынысын,зерттеушілігі мен шығармашылығын
дамытуға арналған негізгі бӛлім деп қарауымыз керек. Сондықтан, мұнда
сұрақтар мен тапсырмалар деңгейлеп беріле отырып, әр оқушының білім
деңгейі мен мүмкіндіктеріне қарай қолданылатыны белгілі.
Оқулықтың үшінші бӛлімі бұл эстетикалық бӛлім. Мұнда тақырыпқа
байланысты сызбалар, суреттер, бейнелі кӛрнекіліктер т.б. орналасады. Бұл
бӛлімінің маңызы тақырыппен тікелей байланысты бола отырып, оның
мазмұнын толық ашуға және оқушылардың ӛзіндік жұмыстарын орындауды
жүзеге асыруға кӛмектеседі.
Осы үш бӛлімнің тығыз байланыстылығын жақсы меңгерген педагог және
білім беруде оқулықтың негізгі мазмұнын оқу құралдары мазмұнымен тиімді
әдістер арқылы байланыстыра алған оқытушы оқушылардың химиялық
білімдерін тереңдетіп, олардың шығармашылық арқылы білімді саналы
меңгеруін қамтамасыз ете алады. Осы кӛрсетілгендерді ескере отырып, біз
химиядан дайындалған мектеп оқулықтарын (7-9 сыныптар) талдау, саралау
нәтижесінде мына қайшылықтарды байқадық:
- оқулықтар мемлекеттік білім беру стандарты мен пәндік бағдарламаға
сәйкес жасалғанмен, олардың мазмұнын оқу құралдармен байланыстыру жағы
кӛзделмеген;
- оқулықтарда беріліп отырған әдістемелік бӛлімде (сұрақтар мен
тапсырмалар) ӛмірмен, Қазақстандағы химиялық ғылыми деректермен
байланыстылықты кӛрсету жағы тӛмен;
11
- химияның биология, физика, география, математика ғылымдарымен
байланысы аз ескерілген;
- оқушылардың ӛзіндік іс-әрекетін сабақ барысында және сабақтан тыс
кездерде орындауға жұмылдыратын тапсырмалар жағы жеткіліксіз;
- сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұны оқушыларды шығармашылыққа
жетелейтіндей болуы керектігін де ескеру қажет.
Бұған қарап, біз мектеп химия оқулықтары нашар деген ойдан аулақпыз.
Бірақ, берілетін химиялық білімді басқа жаратылыстану ғылымдарымен
байланысты қарау негізінде олардың мазмұнын жетілдіре түсу мәселесін
қарастыруға болады. Сондықтан да біз, жоғарыда кӛрсетіліген қайшылықтарды
тиімді
жолмен
шешуді
қарастыру
мақсатымен
ғылыми
зерттеу
тақырыбымызды
«
Достарыңызбен бөлісу: |