Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Тапсырма: Пейзаж. Күзгі табиғатты бейнелеу.Тапсырма плакатқа орындалуы тиіс.Топ өздеріне ұнаған жапырақты таңдап алады.Жапырақта пейзаждың қай түрі бейнеленуі керектігі жазылады.
Ал бейнелеу кезінде өте ұқыптылықты қажет етеді. Үлкен жол алыстаған сайын жіңішке сызыққа айналады. Үлкен таулардың ағаштан кішірейіп салынған себебі, олар алыста тұр, ал ағаш бергі жағында тұр.
Сурет салу 3 кезеңге бөлінеді.
1 — кезең. Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң, төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі. Көз ұшындағы көкжиекпен астасқан ормандарды сызықтармен торлап қарындашпен салу керек. Ал жолды төмендеген сайын кеңейте түсеміз. Жақын тұрған ағаштың бұталары, жапырақтары көрсетілуі қажет.
Қосымша: Адамның бейнесі салынған. Кеңістікте салыстырмалы түрде бері орналасқасын анық, көлемі үлкен болып салынады.
2- кезең. Ағаш бұталардың көлеңкелерін де кеңістікте бейнелеп көрсету керек. Алыстағы көріністердің бояулары сұйық және көмескілеу, кейбір жерлері қоюлау болып боялады.
3 — кезең. Қалған боялмаған көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |