ІІІ - кезең рефлексивтік түзетуші
Балалар біз ненің суретін салдық?
Ағашты қандай түспен салдық?
Жапырақтардың түстері қандай?
Балалардың мадақтау.
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. Ағаштың суретін салдық.
Ағашты қоңыр түспен , жапырақты сары- қызыл түспен салғандығын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Күз мезгілінің ерекшеліктерін
Түсінеді: Дәстүрден тыс сурет салу әдісін пайдаланып, күз мезгіліне сипатта беру
Бекітемін: Сурет 1 топ
Сабақ: №7 Уақыты:11-16.10.2021
Сабақтың тақырыбы: Күз көрінісі. Сурет (қағаз, қарындаш).
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: көзге көрініп тұрған нәрсені салуды алыстаған сайын кішірейтіп көрсетуді, жақын жердегі көріністермен салыстыруды үйрету, этюд жазуға бейімдеу.
Ә) дамытушылық: күзгі пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету акварель бояуларымен және гуашь бояуларымен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. .
Б)тәрбиелік: айналадағы қоршаған ортаны бейнелеуде, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, үйрету, көмектесу
Сабақтың көрнекілігі: сабақтың тақырыбы, әр түрлі жанрларға жекелей суреттер, пейзаждар.дән түрлері, тірек сызбалар, суреттер, слайд
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, табиғаттану.
Сабақтың міндеті: оқушыларға әр жанрларды білуге, әрі қатесіз салуға үйрету.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастырукезеңі:
Оқушылармен амандасып, құрал-жабдықтарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар.
ІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе
Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөінеді. Оқушыларға жанрлар туралы көрсетіп, еске түсіру.
Натюрморт дегеніміз – жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелеген көркем шығарма.
Портрет дегеніміз – адам келбетін бейнелейтін көркем шығарма.
Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма.
Маринистік жанр – теңіз, көл сияқты су әлемін бейнелейтін көркем шығарма.
Анималистік жанр – жан-жануарлар бейнеленген көркем шығарма.
Пейзаж жанры – табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз. Көз алдымызға күз мезгілін елестету. Күзде қандай өзгерістер болады:
· Күн суытады
· Қар түсе бастайды
· Егін жиналады.
· Ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі
· Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Пейзажды салу үшін перспективаның заңдарына тоқталамыз. Перспектива бейнелеу өнерінде кеңістіктегі нәсресенің біздің көру нүсктемізден алыстаған сайын кішіреюімен түсіндіріледі. Бұл – табиғи заңдылық. Яғни күнде өзіміз күнделікті өмірде көріп жүрміз.
Достарыңызбен бөлісу: |