Ылым министрлігі


тесттің жауабы: Жануарлар



бет17/62
Дата14.12.2021
өлшемі6,15 Mb.
#126934
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
Байланысты:
сурет план

тесттің жауабы: Жануарлар

Шатасқан әріптерден жануарлар мен аңдардың аттарын шығару



С

А

Т

А

Р

Ы

Ж

Қ

И

Ы

Р

Т

С

Ы

А

С

Қ

Ы

Ү

Т

Л

Қ

О

Т

Р

Й

А

Қ

А

Й

Ү

Л

Е

Н

Ы

Ю

Қ

О

К

І

Я

Н

Қызығушылықтарын ояту.

-Жануарлардың аттарын атаңдар. Енді бұл жануарлар немен қоректенеді?

-Олардың адамға қандай пайдасы бар?

-Балалар, жануарлар туралы бар білетінімізді еске түсірдік. Енді ары қарай жануарлар туралы тереңнен білейік. Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы жануарларды бейнелеу.

Елімізде жануарлардың түрлері өте көп. Олар тіршілік иелері болғандықтан ұрпақ өрбітеді. Жабайы аңдардың мекені орман, тау-тас, дала екенін білеміз. Жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай жабайы аңдардың өмір сүруі де өзгерістерге ұшырап отырады. Ал үй жануарларының адам өміріне пайдасы өте көп екенін білесіңдер. Сендер жануарлар туралы мәліметті білдіңдер енді өзімізге ұнаған жануардың суретін бейнелейміз.

Сарамандық жұмыс.

Жануарлардың бейнесін бейнелейміз.



  1. Қағаздың ортақ нүктесін тауып жануарлардың шеткі нүктелерін анықтау.

  2. Нұсқалық толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы анықтау.

  3. Нұсқадағы жалпы жануарлардың түстерін анықтау, көлеңке жарығын белгілеу.

  4. Нұсқаның түстерін политраның көмегімен көрсету (анықтау)

  5. Жұмысты аяқтау.

Сергіту сәт

Жануарлар туралы жұмбақтар шешу.



1.Кезікті бір жануар, 2 .Кішкентай ғана бойы бар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе) Айналдырып киген тоны бар. (Қой)



3. Тікірейіп құлағы 4.Үстінен тоны түспеген,
Менен бұрын тұрады. Сонда да араз қыспенен.  (Аю)
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)

5.Туа сала мұрт өсірген мырза, 6.Басында көп-ақ бұтағы,

Пеш түбінде жатқанына ыриза.  (Мысық) Адамды көрсе зытады.  (Бұғы)



ІҮ.Сабақты бекіту.

Сәйкестендіру тесті І топ



Сұрақ



Жауап

1

Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі

1

Палитра

2

Ахроматикалық түстер

2

Натюрморт

3

Соғыс тақырыбын бейнелейтін көркем шығарма

3

Қызыл, сары, көк, жасыл

4

Суға езілетін қою бояу

4

Автопортрет

5

Кескіндеменің басты құралы

5

И.Айвазовский

6

Хроматикалық түстер

6

Гуашь

7

Түр тапқыш тақтайша

7

Жылы – суық түстер

8

Қимылсыз қозғалмайтын шығарма

8

Ақ, сұр, қара

9

«Теңіздегі түнгі дауыл» шығармасының авторы

9

Батальдық жанр

Сәйкестендіру тесті ІІ топ



Сұрақ



Жауап

1

Жан – жануарларды бейнелейтін көркем шығарма

1

О. Таңсықбаев

2

Кеңістікте сомдалган көркем шығарма

2

Ә.Қастеев

3

Бейнелеу өнерінің бір түрі

3

Спектр

4

Қазақ халқының ұлы суретшісі

4

Қылқалам

5

Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші

5

Мүсін

6

«Дастарқан» туындысының авторы

6

Маринист

7

Бояумен жұмыс істеуге арналған құрал

7

А. Ғаламбаева

8

Кемпірқосақта кездесетін түстердің жиынтығы

8

Кескіндеме

9

«Көктем» шығармасмының авторы

9

Анималистік жанр

Ү. Сабақты қорытындылау

-Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? (әр оқушы өз ойын айтады)

-Жануарлардың бейнесі пейзажға жатады ма? (жоқ)

-Анималистік жанр қандай шығармаларды бейнелейді?

-Бейнелеу өнері қанша түрге бөлінеді?

-Натюрморт жанрын көп бейнелеген суретшілерді ата.



ҮІ. Үй тапсырмасы.

Үй жануарларының суреттерін салып келу.


Бекітемін:

Пәні: Сурет Тобы: 1 топ

Сабақ: №9 Уақыты: 25-30.10.2021

Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Сабақтың әдісі: Көрнекілік сұрақ - жауап әдісі
Сабақтың көрнекіліктері: Кластер, 4 - кезеңдегі көрнекі үлгі, сурет, т. б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды психологиялық дайындау.
2. Мақсат қою. Оқушыларды бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларымен таныстыру қызығушылықты ояту.
1. Біз өткен сабақта қазақтың атақты суретшілерімен және олардың шығармаларымен танысқан болатынбыз.

Сұрақ - жауап:


а) Қазақстанның ең тұңғыш қазақ суретшісі атанған кім?
ә) Тағы қандай суретшілерді білеміз?
б) Суретшілер шығармалары туралы не айтасыңдар?
2. Көрнекі суреттер арқылы, яғни суретшілер суреттері мен шығармаларын көрсету арқылы өткен тақырыпты пысықтау.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Бейнелеу өнерінің тарихымен, сан - салалы тармақтарымен таныстыруда бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталудың орны ерекше. Атап айтқанда графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.
Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет.
Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
Мүсін - Әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалатын көркем шығарма.(саз, ермексаз, гипс, ағаш, қола, темір, т. б.)
Сәндік қолданбалы өнер - халық тұрмысында кеңінен қолданатын түрлі - түрлі көп өнер. Әрбір халықтың өзіндік тарихымен байланысты өнер.
Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.
Бейнелеу өнері түрлері оны орындау тәсіліне байланысты бірнеше жанрға бөлінеді.
Натюрморт - жансыз заттар бұйымдар бейнеленген көркем шығарма.
Портрет - адамның, тұлғаның келбеті бейнеленген көркем туынды.
Пейзаж - табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.
Тарихи - бегілі бір оқиғаларды бейнелеген көркем туынды.
Анималисттік - хайуанаттар мен жан - жануарлар бейнеленген көркем сурет.

Кластер, дидактикалық материалдарды пайдаланып, алған білімді толықтыру.


Практикалық жұмыс.
Ал енді балалар, жанрларға байланысты натюрморт орындауға кірісейік. Алдымен кезеңдер бойынша көрсетілген үлгіге қара, суретті қалай бастау амалдарын ұғынуға тырысамыз.
1. Альбом бетіне дұрыс орналастыру, орын белгілеу.
2. Суретті толық(қарындашпен) салу.
3. Бояу түстерін анықтау.
4. Анық, қою түстерін ажыратып, суретті аяқтау.
ІІІ. Қорытынды.
а) Жаңа сабақты пысықтауға сұрақ - жауаптар.
ә) Бағалау.
б) Үйге тапсырма: Ыдыс аяқтардан құралған бірнеше жаттығу этюдтер салу.

Бекітемін:

Пәні: Сурет тобы 1

Сабақ: №10 Уақыты: 12,14,16.11.2018

Сабақтың тақырыбы: Графика өнерінің түрлері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Графика өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі

түрде таныстыру.

ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Графика - бейнелеу өнерінің бір түрі (сурет салу, жазу мен сызу). Оған қолмен салынған сурет, сондай-ақ басқа да тәсілдермен (литография, гравюра, фотолитография және т. б.) орындалған суреттердің барлық түрлері кіреді.

С ызба (графика) - бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі. Графика грек тілінен аударғанда - «сурет салу» деген мағынаны білдіреді. Графикалық бейне тек бір түсті ғана емес, сонымен қатар түрлі түсті болады. Сызба өнерінде штрих аса маңызды рөл ойнайды. Сызбаның түрлері:

1) қондырғылы сызба (сурет эстамп, лубок);

2) кітап және газет-журнал сызбасы;

3) қолданбалы (грамота, диплом, марка, этикетка, жарнамалар және т.б.).



К өне заманнан келе жаткан сурет салудың бір құралы - көмір және сангина, ал XVI ғасырдан бастап графит қолданылып келе жатыр. Ол - казіргі кезде көп қолданылып жүрген сырты ағашпен қапталған қарындаш. Графит қатты және жұмсақ болып екіге бөлінеді. Сонымен қатар сызба техникасына соус, акварель және гуашь бояулары да жатады. Сурет, картина, жазуларды литография, гравюра, фотомеханикалық репродукциялардың көмегімен көбейтуге болады.

Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны, сондай-ақ одан алынған басылымды айтады. Гравюраның қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен танысалық. Ол үшін қажетті материалдар: ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тушь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз. Қара тушьті қағаз бетіне толық жағып шығу қажет. Тушь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әр түрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады. Көп дана етіп шығару үшін линолеум, картон және шыны сияқты материалдарды пайдалану қажет. Алғаш салған суреттеріңді естеріңе түсіріңдерші. Сендер оны қарындаш, сия немесе акварель бояуымен және міндетті түрде қағазға салдыңдар. Сендер бірақ графикамен ш үғылдандық деп ойлаған да жоқсыңдар. Ал графика дегеніміз қағаз бетіне түскен сурет. Графика көбіне-көп ақ-қара, бірен-саран түрлі түсті болып келеді. Сендер күнделікті өмірде графикамен жиі ұшырасасыңдар. Олар - газеттегі сықақ, кітаптардағы иллюстрация, көшелерге жапсырылған жарнама, плакат, почта маркалары, ақша таңбалары, бұйым қорапшаларындағы әріптер, ең ақыры көрме залында, мұражайда, үйде, мектепте ілінген суреттер. Суретшінің қарындашпен, көмірмен, тушьпен, кей жағдайда түрлі түсті қарындашпен, акварельмен салған суреттері, әдетте, бір-ақ дана болады. Оның кітаптағы, журналдағы көшірмелері баспаханаларда арнайы құралдар мен машиналар арқылы дайындалады. Бірақ суретшінің өзінің де көбейте алатын мүмкіндігі бар. Арнайы құрал-штихель арқылы суретші өз еңбегін тақтайға, линолеумге, металға немесе қышқыл арқылы беті айрықша лакпен жүргізілген литографиялық тасқа, мыс және қорғасын табақшаларына инемен сызып, кәдімгі айнаға түскен суреттей теріс салып шығады. Суретті тақтай және металл арқылы көбейту әдісін гравюра деп атайды. Гравюраны линолеумге, пластмассаға, ағашқа, картонға жасауға болады. Ал литографиялық тас арқылы жасалған көшірмені литография дейді. Гравюра туындылары кесу іс-әрекеттері арқылы жүргізілетіндіктен, кескішті нық игеруге және онымен кез келген сызықтарды емін-еркін жүргізуді үйрену үшін бірқатар дайындық жаттығуларын жасау қажет.

1- жаттығу. Қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескішпен ені 0,5 мм-ден аспайтын арықша-бедер жүргізіңдер. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп тағы да 0,5 мм келесі бірнеше сызықтар жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10x10 см көлемде тік төртбұрыштарға тіліңдер.

2- жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасаңдар, тақтаның бетін тегіс толтырыңдар.

3-жаттығу. Шеңберсызғышпен (циркуль) дөңгелек жүргізіп, оларды да кескішпен тіліп арықша жасаңдар.

Графика - бейнелеу өнерінің көне түрі. Ежелгі суретшілердің үңгір ішіндегі қабырғаларда қалдырған суреттері, көне грек құтыларындағы ою-өрнектер, қайта өрлеу дәуіріндегі көрнекті қылқалам шеберлерінің гравюралары мен суреттерінің бәрі тамаша графикалық туындылар болып есептеледі. Бүгінде графика өнері бейнелеу және мүсін өнері сияқты жан-жақты дамып отыр. Тіпті онсыз біздің өмірді көз алдыңызға елестетудің өзі мүмкін емес. Кез келген балалар кітабын парақтап қарасақ, мәтіннің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін суреттерді, яғни графикалық шығармаларды көруге болады.



Үйге тапсырма беру: Арнайы штрих арқылы жаттығулар жаса.


Бекітемін:

Пәні: Сурет тобы 1

Сабақ: №11 Уақыты: 19,21,23.11.2018

Сабақтың тақырыбы: Сурет көрмесінде

Сабақтың мақсаты:

І.Білімділік: Оқушыларды жаңа тақырыппен кеңінен тереңірек таныстыру, ол туралы мәлімет беру.

ІІ.Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту , ойлау қабілетін дамыту.

ІІІ.Тәрбиелік: Туған жерге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, оны құрмет тұту, мақтан етуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, мазмұндау, әңгімелеу

Көрнекілік: оқулық, бор, тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет