Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар:
Оқушылар үшін: сурет салатын альбом, қарындаштар, оқулық т.б.
Мұғалім үшін: Иллюстрациялар, плакаттар.
Техникалық құралдар: компьютер,интербелсенді тақта.
Сабақтың жоспары :
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Сарамандық жұмыс
V . Сергіту сәті
VI. Сабақты қорыту.
VII. Үйге тапсырма.
IХ.Бағалау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу, дайындық, назарларын жаңа сабаққа
аудару.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Орнымызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Галерея аралау » әдісі. Оқушылардың «Натюрморт» тақырыбына салған суреттері тақтаға ілінеді.Үй тапсырмасы талданып бағаланады.
ІІІ Жаңа сабақ:
Портреттің түрлерімен танысу . «Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма. Портрет – ерте пайда болған жанр. Бұл адам баласының өзін көруге құмартқандығынан шығар Суретші шеберлігінің нәтижесінде кейде салынған портреттен сол адамның өмірден көрген азабын, қайғы қасіреті мен бүкіл жүріп өткен өмірін көруге болады. Портреттің ерекше басты сипаты оның түпнұсқамен ұқсастығы.Адамның сартқы болмыс-бейнесіне қоса, ішкі жан сарайын, мінез-құлқын аша білгенде ғана көрермен шығарманың алдында ұзақ тұрып, сүйсіне қызықтайды. Әсерлі сезімге бөленіп, қиялға беріледі.Адам баласы ерте заманнан айналасын қоршаған табиғатты,жан-дүниесін,адам бейнесін салуға қызықты.Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел бола алады.Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан тыс қалып көрмеген.Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен. (Айша Ғалымбаева, Г.Исмаилова,Сахи Романов,Молдахмет Кенбаев т.б. суретшілер)
Түртіп алу: Портрет мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді
1 Салтанатты портрет
2. Камералық портрет.
3. Автопортрет.
4.Топтасқан портрет (жұптық, топтық)
5.Әзіл- сықаққа арналған портрет
Ендеше портреттер жайлы білімімізді толықтыру үшін «Портреттер әлемі» тақырыбындағы көрмені тамашалайық
Достарыңызбен бөлісу: |