ПОРТРЕТТЕР ӘЛЕМІ
-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар, ол әрине әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады.
«Отырған қарсы алдымда, әдемі қыз,
Мөрлеген ақ қағаздай мәнеріңіз.
Қиғаш қас, оймақ ауыз,нәркес көзді –
Жалғанда жайнап тұрған әдемі жүз.»
Бұл - өлеңмен берілген портрет.Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.«Бұл кезде Абайдың да денесі ірілеген. Жауырынды,сүйекті боп қалған екен. Бойы ортадан биіктеу. Сүйегі ірілеумен қабат, бұлшық еттері де толып,бар мүсіні балғын, кесек тартыпты. Ұзынша қырлы мұрны көтеріңкі,үлкен. Жазық биік маңдайы шекесіне таман келгенде дөңкілдене түсіп,кең көсілгендей. Отты сұлу көздерінің ақ, қарасы әлі де тап таза. Көзінің сыртқы шарасы томпақтау және ұзынша біткен.Жіп жіңішке боп кең созылған ұзын қастары мен ойшыл отты көздері Абайды өзге жұрттың ішінен оқшауырақ етіп тұрады. Әлі ұзармаса да, теп тегіс боп, тебіндеп шығып келе жатқан қоңырқай мұрты бар. Барлық тұлғасы сай келген қарасұр жігіт, сонау сұлу болмаса да ұнамды,сүйкімді.» Міне осы ұлы ақынның портретін кітап бетінен оқып-ақ көз алдымызға ақын бейнесін елестете аламыз.
Портрет композициялық орналасуына қарай – бас ( иықтан жоғары ) , кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |