VI. Қорытындылау.
«Графикалық натюрморт - бір түсті бояу, қарындаш, тушь арқылы орындалған заттардың немесе бұйымдардың суреті»
VII .Үйге тапсырма:
Графикалық натюрмортты аяқтау.
Бекітемін: Сурет 1 топ
Сабақ: №3 Уақыты:13-18.09.2021
Сабақтың тақырыбы:
Әріп таңбасын өрнектеп жазу мүмкіндіктері мен олардың сипаттамалары.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты: 1. Әріп таңбаларын өрнектеп жазу мүмкіндіктерімен танысу. Сөз мағынасын сезіну және әріп таңбасы көмегімен оны жеткізе білуге үйрету. 2. Өрнектеп жазуды, әсерлі жаза білуді дамыту. 3. Бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Ұйымшылдыққа, оқушылар арасындағы бір - біріне деген жолдастық қарым - қатынасты нығайту.
Көрнекілік: қағаз, жай қарындаш, түрлі түсті фломастер. газет - журналдар
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгін біз әріптер еліне барамыз. Естеріңде болса, біз "Еңбекке баулу"сабағында да әріптерді өлшеп сызып үйренген болатынбыз. Ол сабақта біз әріп теруші болғанбыз.(Өздері жасаған жұмыстарға шолу жасау.)
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Тақтада ілініп тұрған қандай суреттер?
пейзаж, портрет, натюрморт.
Үйге натюрморт штрихпен салып келуге берілген. Тексеру.
3. Жаңа сабақ.
- Ал бүгін біз пейзаж да, натюрморт та, портрет те салмаймыз. Біз әріптер саламыз.
Әріптерге мән бере қарап, олар туралы қызықты оқиғалар айтайық. Мысалы: "Я" әрпін алайық. Ол неге ұқсайды?
- Тұрған адамға ұқсайды.
- үлкен қарынды адамға ұқсайды.
- балыққа ұқсайды.
- К әрпі ше?
- К"- өзіне - өзі қызыға айнала - айнала қарай "Ж"- ға айналды.
- Р әрпі ше?
- "Р"- тісі ауырып, жағы ісіп, "Ф"- ға айналды.
- Алдарыңда жатқан 10*10 см кішкентай қағаз текшелерге әріптер салу. Оларды фломастермен бояу. Көрмеге қою.
Оқулықпен жұмыс. 28 - 29беттер -"А"әріптері неге ұқсайды?
- Оны тағы қалай салуға болады?
- Әріптерден сөздер құралады. Сөздер де әріптер тәрізді әсерлі болады.
Оқулықтың ішінде сендерге тапсырма бар. Тауып алып, сол тапсырманы орындаңдар.(Оқулықтың ішінде сөздер жазылған карточкалар бар. Сол сөздерді жазу. )
Жұмыстарын тақтаға ілу.
4. Қорытындылау
- Әр адамның жазуына қарап, оның мінезін мен көңіл күйі жайлы мағлұмат алуға болады. Оны зерттейтін ғылым графология деп аталады. егер жазу жолдары жоғары көтерілсе, жазу иесінің көңіл күйі көтеріңкі, ал егер жазу жолдары төмен қисайса, көңіл күйінің құлазып тұрғанын білдіреді. Сүйір бұрышты, сорайған әріптер күйгелек және талапшыл мінезді білдіреді. Сенімді, нық әріптермен біркелкі жазылған жазу батыл, салмақты мінез жайлы сыр шертеді.
5. Үйге тапсырма
Өз достарыңның жазуларын олардың мінез - құлықтарымен салыстырып көр.
6. Бағалау
Бекітемін: Сурет 1 топ
Сабақ: №4 Уақыты:20-25.09.2021
Сабақтың тақырыбы: Пейзаждағы ауа перспективасы
Достарыңызбен бөлісу: |