Ылым министрлігі



бет25/62
Дата14.12.2021
өлшемі6,15 Mb.
#126934
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Байланысты:
сурет план

Тақырыпты бекіту : 1. Жарық пен көлеңкенің түрлерін ата.

2. Сурет өнеріндегі бейнелеу өнерінің негізгі екі түрін ата.



3. Сурет салғанда штрихтың рөлі қандай?

Үй тапсырмасы : Сызықтық бейнелеуге байланысты сурет салу

Бекітемін:

Пәні: Сурет Тобы: 1 топ

Сабақ: №15 Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Затқа қарап сурет салу.
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп,

білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқу материалынан ең бастысын бөліп алу,

классификациялау.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар5-сынып оқулығы, түрлі түсті қарындаштар, акварель бояуы, қылқалам, қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.

  • Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  • Тапсырмаларды орындау.

  • Сабақты бекіту.

  • Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларға затқа қарап сурет салу заңдылықтарын түсіндіремін. Нәрсенің өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап, жатқа сурет салуды үйрену керек. Жатқа сурет салып жаттығу нәрсені дұрыс бақылауға, көз алдына ойша елестетуге ерекше ықпал жасайды. Нәрсенің бейнесі жадыңда неғұрлым айқын болса, оның суретін соғұрлым нақты бейнелеуге болады. Жатқа сурет салуға жаттығу үшін үнемі нобай, долбар жасап жаттығып отыру керек.

Ұзақ салынатын суреттен нобай жасаудың айырмашылығы - нәрсенің ұсақ бөлшектеріне онша назар аударылмай, негізгі сипатына мән беріліп бейнеленеді. Нобайдың міндеті - нәрсенің ең негізгі маңыздыларын бейнелеу. Нобай жылдам сурет салуға жаттықтырады. Мұндағы ең басты мақсат - ең әуелі нәрселердің жал- пы формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені есте ұстау.

Адамның, жан-жануардың не белгілі бір нәрсенің сырт нобайын ғана бейнелейтін сызықты контур дейміз. Оқушы жеңіл сызықтармен бейнелегелі отырған нәрселердің ең алдымен сыртқы пішінін контур сызық арқылы бейнелейді.

Нәрсенің бірден көзге түсе қоймайтын, бірақ үңіліп карағанда мән-маңызы бар, қызықты сипаттары мен белгілерін көре білушілік байқағыштық қабілет деп аталады. Байқағыштық жаттығу аркылы пайда болады. Байқағыштықты дамытудың ең жаксы тәсілдерінің бірі - нәрсенің өзіне қарап отырып сурет салу болып табылады. Бейнелейтін нәрсені зерттеу үшін оны жүйелі түрде бақылауға үйрену керек. Сурет салу барысында нұсқаны байқау дегеніміз - нәрсенің құрылысын, нәрселердің кеңістікте орналасуын, пропорциялық қатынасын анықтай білу. Белгілі бір нәрселердің суретін салғанда оларды геометриялық денелермен салыстырған жөн.
Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет