Ылым министрлігі


Сызық немесе сызықтық бейнелеу



бет24/62
Дата14.12.2021
өлшемі6,15 Mb.
#126934
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Байланысты:
сурет план

Сызық немесе сызықтық бейнелеу. Сызық қандайда бір заттың пішінін бейнелейтін жиек шекарасын түзеді.

Сурет өнерінде бейнелеудің негізгі екі түрі бар, олар : сызықтық және реңдік бейнелеу. Бұлардың негізгісі - сызықтық бейнелеу. Өйткені , реңдік бейнелеу штрих немесе бояудың қоюлығымен бейнелеу сызықтық бейнелеуден кейін туады. Сызық немесе сызықтық бейнелеусіз суретті елестету мүмкін емес, сондықтан ол бейнелеу өнерінде басты рөл атқарады.

Әр заманда сызықтық бейнелеудің асқан шеберлері болды. Солардың ішінде атақты суретшілер : Леонардо да Винчи, Рафаель, Р. Гуттузо, П. Пикассо, Ә. Қастеев және қазақтың ұлы ғаламы Ш. Уәлиханов т.б. бар. Олар бір ғана сызықтық бейнелеумен бүкіл сурет болмысын,әдемі қимылды, көңіл күйді, философиялық ойды бере алатын.

Қазақ халқының аяулы ұлы, ғаламы суретші Ш. Уәлихановтың «Ата қаз», «Автопортрет», т.б еңбектері де аса жоғары кәсіби деңгейде орындалған. Әсіресе «автопортрет» еңбегіндегі пластикалық нәзік сызыққа бай, философиялық терең ойға құрылған, эстетикалық әсерлі туынды.

Штрих пен сызықты шатыстырмауымыз керек. Жоғары да айтқанымыздай, сызық қандайда бір заттың шекарасын түзсе, штрих сол заттың жарық, көлеңкесінің қоюлығын беріп, оның пішінін ашуға септігін тигізеді.

Штрих – көптеген қысқа сызықтардың жиынтығы. Оның бағыты бейнеленіп отырған заттың пішініне , оның бітіміне және үлкен кішілігіне байланысты болады.

Штрихтың бірнеше түрі бар , олар : бір бағыттағы түзу, кереге көз, көлбеу, доға тәрізді штрихтар т.б осының ішіндегі ең көп қолданылатыны – кереге көз штрихтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет