Үдеріс SEO сияқты, PPC-те де өзінің төрт кезеңді итеративті процесі бар, оны сіз 3.1-сур. көре аласыз. Бұл жарнама нысаны бойынша әрбір цент есепте болады және өз бюджетіңізді ойсыз жұмсамау үшін, сізге қосымша шығындар элементтеріне қатысты үнемі егжей-тегжейлі назарды ұстануыңыз қажет. Сізді осы тарауда не күтіп тұрғанын білу үшін, осы төрт кезеңнің әрқайсысын қарап шығыңыз! Өз мақсаттарыңызды белгілеңіз. PPC инвестициялауды бастамас бұрын, PPC-тің сіздің бизнесіңізге қандай артықшылықтар әкелуі мүмкін екенін білу қажет. Осыны біле отырып, сіз өзіңіздің мақсаттарыңыздың қандай болатынын және олармен ПТК-ін қалай келістіруге болатынын дәл анықтай аласыз.
Өз аккаунтыңызды теңшеңіз. Бұл кезеңде сіз өз Google AdWords тіркелгісін жасауға қатысатын әрбір элемент бойынша PPC науқандарын құрудан бастап бюджеттерді тағайындағанға дейінгі қадамдық нұсқаулардан өтесіз - сіз осының бәрін үйренесіз!
Өз науқандарыңызды басқарыңыз. Бұл кезеңде сіздің науқандарыңызды іске қосқаннан кейін, не болып жатқаны және оларды қалай басқаруға болатыны егжей-тегжейлі сипатталады. Сондай-ақ, инвестициялар рентабельділігін арттыру үшін іске асыра алатын көптеген нұсқаларды табуға көмектесу мақсатында AdWords интерфейсі туралы толық ақпарат қарастырылады (ROI) ТАҚ.
Өз нәтижелеріңізді талдаңыз. РРС процесінің ақырғы кезеңі - бұл сіздің жетістіктеріңізді ПТК, құралдар және есептер көмегімен өлшеу. Осы деректерді пайдаланып, сіз, РРС қатысты деректерді қорғауға және құпиялылыққа байланысты сәйкес мәселелерді ескере отырып, өз науқандарыңызды келесі итерация үшін дұрыстау оңтайландыра аласыз.