Ғылымның субъектісі
– ғылыми танымның ең негізгі элементі
– жеке зерттеуші немесе ғылыми қоғамдастық, ұжым, жалпы алғанда
қоғам. Ғылымның субъектілері материалдық және рухани
объектілердің әртүрлі құбылыстарын, қасиеттерін, ерекшеліктерін
және өзара байланыстарын зерттейді. Ғылыми қызмет зерттеуші
субъектінің арнайы дайындығын талап етеді, дайындық барысында ол
тарихи және қазіргі концептуалды материалдарды және ғылыми
зерттеуде қолданылатын құралдар мен тәсілдерді меңгереді.
Ғылымның объектісі
– ғылыми танымның пәндік жағы, аталған
ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтін мәселесі, зерттеушінің
барлық ой-танымы бағытталған нәрсе.
84
Ғылыми танымның пәні
кең мағынада – объектілер әлемінен
адам қызметі үрдісі кезінде танылатын қандай да бір шектеулі
біртұтастық, немесе нақты объект, зат және оның түрлі
ерекшеліктерінің, қасиеттерінің, байланысының жиынтығы.
Аталған ғылымға немесе ғылыми пәнге тән және оның пәнінің
ерекшеліктеріне негізделген әдіс-тәсілдер жүйесі.
Ғылымның тілі
– арнайы таңбалар жүйесі, табиғи және
жасанды (белгілер, символдар, математикалық теңдеулер, химиялық
формулалар т.с.с.) тіл.
Жоғарыда аталғандардан басқа қырынан қарастырғанда ғылыми
танымның тағы да төмендегідей элементтері анықталған:
эмпирикалық
тәжірибелерден
жиналған
фактілік
материалдар;
оны алғашқы концептуалы категорияларға жалпылау
нәтижелері;
фактілерге негізделген мәселелер және ғылыми болжамдар
(гипотезалар);
олардан шығарылған заңдар, принциптер және теориялар,
ғаламның бейнесі;
философиялық негіздеме;
әлеуметтік, мәдени, құндылықтық және дүниетанымдық
негіздер;
ғылыми танымның әдістері, ережелері, мұраттары;
ойлау түрлері және басқа да элементтер, мысалы санадан
тыс.
Сонымен қатар, барлық ғылыми білімнің құрылымында
дәстүрлі ғылымилық ұғымына кірмейтін элементтер де бар:
философиялық, діни ойлау (елестету); психологиялық стереотиптер,
қызығушылық және қажеттік (мұқтаждық); вербализацияға және
рефлекске бағынбайтын инеллектуалды және сенсорлық дағдылар;
қарама-қарсылықтар мен парадокстар; жеке құмарлық және адасулар.
Осындай жағдайларды ескере келе, Вернадский «ғылыми ойды
анықтайтын және ғылыми нәтижелер мен ғылыми қорытындыларды
философиялық және діни пікірлерден бірден айыратын бір негізгі
құбылыс бар. Ол жалпыміндеттілік және талассыз дұрыс жасалған
ғылыми тұжырымдар, ғылыми пікірлер, ұғымдар және
қортыныдылар » деп жазған.
Даму үстіндегі білім жүйесі ретінде ғылым екі негізгі кезеңнен
тұрады – эмпирикалық және теориялық. Оларға өзара байланысты әрі
өзіндік ерекшеліктері бар таным қызметінің екі түрі – эмпирикалық
(тәжірибелік) және теориялық (рационалды) зерттеу – ғылыми
85
танымның негізін қалаған екі формасы және құрылымдық
компоненттер мен ғылыми білімнің деңгейлері сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |