Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет45/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   107
Эмпирикалық зерттеулер
нақтылы объектіге бағытталған 
және бақылау мен тәжірибе мәліметтеріне сүйенеді. Бұл деңгейде 
сезімдік таным басым болды. Мұнда рационалды ойлау және оның 
формалары (түсінік, талдау) қатысады, бірақ олар бағынышты күйде 
болады. Сондықтан эмпирикалық деңгейде зерттелетін объект өзінің 
сыртқы байланыстары мен көріністерінің артықшылығы тұрғысынан 
бейнеленеді. Эмпирикалық зерттеуде бақылау мен эксперименттен 
басқа сипаттау, салыстыру, өлшеу, анализ, индукция сияқты тәсілдер 
қолданылады. Факт эмпирикалық зерттеудің басты элементі және 
ғылыми білімнің формасы болып табылады.
Факт
(лат. factum – жасалған, істелген сөзінен): а) шындық 
түсінігінің синонимі, шынайы болған жағдай, нәтиже, қиялға қарама-
қарсылық; б) эмпирикалық білімді тіркейтін ерекше ұсыныс, яғни 
бақылау мен эксперимент барысында алынған білім. Факт ғылыми 
білім жүйесінің нақты логикалық құрылымына енгенде ғана ғылыми 
болады. Н.Бор көрсеткендей, ешбір факт белгілі бір ұғымдар 
жүйесінен тыс құрала алмайды. Қазіргі ғылым әдіснамасында 
фактінің табиғатын тануда екі көзқарас қалыптасқан – фактінің әр 
түрлі теорияларға қатыссыз және тәуелсіз екенін көрсететін 
фактуализм
және керісінше фактілер толықтай теорияларға тәуелді 
және теория өзгергенде ғылымның факт қоры түгелдей ауысады 
дегенді алға қоятын 
теоретизм
. Бұл мәселенің дұрыс шешімі ғылыми 
факт теориялық жүктеме ала отырып, салыстырмалы түрде теориядан 
тәуелсіз болады, себебі ол негізінен материалды шындыққа 
негізделген дегенді қабылдау болмақ. Ғылыми танымда фактілер 
жиынтығы гипотеза ұсынуы мен теория жасаудың эмпирикалық 
негізін құрайды. Ғылыми теорияның міндеті фактіні сипаттау, оларды 
түсіндіру, белгілі болмағандарын болжау болып табылады. Фактілер 
теорияны тексеруде, дәлелдеуде және терістеуде маңызды рөл 
атқарады: фактіге сәйкес келу ғылыми теорияға қойылатын басты 
талап. Теория мен фактінің сәйкесіздігі білімнің теориялық жүйесінің 
аса күрделі кемшілігі деп есептеледі. Дегенмен, егер теория бір 
немесе бірнеше фактілерге қарсы келсе, оны терістелген деп санауға 
болмайды, өйткені мұндай қарсылық теорияны дамыту немесе 
эксперименталды құралдарды жетілдіру кезінде жойылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет