Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет53/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   107
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.
Сциентизм 
және 
антисциентизм: 
негізгі 
бағалаулары, 
концепциялары. 
2.
Ғылыми прогресс және жаһандық фактор. 
3.
Ғылыми кадрларды дайындаудың өзекті мәселелері. 
4.
Ғылым және қазіргі экологиялық мәселелер. 
5.
Ғылыми 
проектілердің 
гуманитарлық 
және 
экологиялық 
экспертизалары. 


110 
4.3 Синергетикалық жүйелерді
меңгерудің философиялық
астарлары 
6.
Ғылымдағы эксперттік қызмет және оның функциялары. 
7.
Қазіргі ғылыми танымның әлеуметтік характері. 
8.
Ғылым философиясының постмодерндік бейнесі. 
9.
«Үлкен ғылым» феномені. 
10.
Ғылыми ойды технологизациялау феномені. 
11.
ХХІ ғасырдың басындағы «лингвистикалық ғылымдарға» 
бетбұрыс. 
12.
Ғылымды компьютеризациялау: танымның жаңа әдістері және 
жаңа ақпараттық кеңістік. 
13.Ғылыми консенсус, оның ғылыми танымдағы рөлі мен 
функциясы. 
14.Ғылыми жаңалықты ашудағы ғылым тарихының орны. 
15.Ғылыми 
революциялар: 
мәні, 
механизмдері 
және 
типологиялары. 
16.Ғылыми революциялар және ғылыми рационалдылықтың 
типтері. 
17.Қазіргі кездегі компьютерлік революция: табиғаты және мәні. 
Қазіргі замандағы әлемнің 
постклассикалық 
емес 
бейнесіндегі 
тәртіптілік, 
құрымдылық, 
хаостық 
шынайылықтың объективті және әмбебаптық сипаттамасы деп 
танылады. Олар өздерін дамудың барлық құрылымдық деңгейінде 
көреді. Тең емес жүйелердің қате жүзеге асырылуы мәселесі синергети-
каның өзін-өзі ұйымдастыру теориясының назарында. Оның пәні болып 
спонтанды құрылым негізінің біршама ортақ заңдылықтарын анықтау 
болып табылады. 
Синергетика ұғымы қазіргі ғылым философиясы мен методологияда 
кең тарау алған. Бұл термин ежелгі грек тілінен «ұйымдасу», «көмек 
көрсету» деген мағынаны білдіреді. Г.Хакен энергияның жасалуы 
жүйеде микроскопиялық деңгейден макроскопиялық деңгейге айналады 
дейді: макроскопиялық құрылым құрылуына (морфогенез) бірнеше 
деңгейдегі еркіндігі бар қозғалыстың және т.б. өзгеріп тұратын 
параметрлері бар жүйе өзіндік ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін 
көрсетуі мүмкін. Тым теңсіздік жағдайлары кезінде жүйелер бұрын 
теңдік жағдайы кезінде мүдделі болмаған факторларды қабылдай 
бастайды. Өздігінен ұйымдасушы жүйе үшін олардың теңсіздігі, 
белсенділігі мен деңгейі маңызды. 
Синергетика термодинамика, радиофизика сияқты физикалық 
пәндерде дүниеге келді. Бірақ оның идеялары ғылымаралық сипатта. 


111 
Күрделі ұйымдасқан жүйелерді зерттеудің парадигмасы ретінде 
саналатын синергетика қазіргі кезде жаратылыстану және техникалық 
ғылымдарда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық 
ғылымдарда да барған сайын кеңінен қолданылып келеді.
Өздігінен 
дамушы 
жүйелер 
сыртқы 
қоршаған 
ортаға 
адаптацияланудың ішкі (имманентті) нысандарын табады. Тәуелсіздік 
жағдайлар теңдік жағдайы кезінде тәуелсіз және автономды болған 
элементтердің тиімді корпоративті әрекеттерін тудырады. Теңдіктен 
алшақтаған сайын когеренттік, яғни жүйе элементтерінің келісімділігі 
артады. Молекулалардың белгілі бір мөлшері немесе ансамблі когерентті 
жүріс - тұрысты білдіреді, ол күрделі деп саналады. И. Пригожин былай 
дейді: сұйықтық әр жағында жүрген молекулалар бір-бірімен қарым-
қатынаста болатындай көрінеді. Қандай жағдай болмаса да теңдіктен 
алшақтықта молекулалардың когеренттігі артады. Теңдікте молекула иек 
өз көршілерін көріп, тек сол көршілерімен «қарым - қатынаста» болады. 
Теңдіктен алшақтықта жүйенің әрбір бөлігі барлық жүйені түгелімен 
көреді. Теңдік кезінде материя соқыр, ал теңдіктен тыс жерде ол көреді 
деуге болады. Мұндай ұжымдық қозғалыстарды Г. Хакен мода деп 
атайды. Тұрақты модалар оның ойынша, материяға үйлеседі де жоқ 
болып кетуі мүмкін. Жалпы ол еркіндік деңгейінің азаюына, яғни 
тәртіптілікке әкеледі. 
Синергетикалық жүйелер абиотикалық жағдайы (ұйымдаспаған, 
шашыраңқы материя) деңгейінде тәртіптелген кеңістіктік құрылым 
құрумен ерекшеленеді. Бір жасушалы ағза деңгейінде олар сигналдар 
(белгілер) арқылы қарым-қатынасқа түседі. Көп жасушалы ағзалар өзінің 
әрекеті процесі кезінде көп құбылысты қызметтесуге кіріседі. 
Биологиялық жүйенің идентификациясы осындай біріккен 
қызметтесуге тәуелділікке байланысты. Бас миының жұмысы 
синергетика жасаушылардың қызметтесуін ғажайып деп бағалайды. 
Ғылыми 
ізденістің 
жаңа 
стратегиялары 
өзіндік 
ұйымдасу 
синергетикалық жүйелерді меңгеру қажеттіліктеріне байланысты 
бағытталған тәртіпсіздік теориясы деп аталатын білімді конструктивтік 
ұлғайтуға сүйенеді. Ол құрылымдық және хаотизация процестерінің 
өзара байланыс ерекшеліктері мен типтерін зерттеумен байланысты. 
Тәртіп және хаос ұғымын түсінудің алғышарты ретінде хаостың кең 
классификациялары және типологиялары бар. Соңғысының қарапайым
күрделі, себепті, салалық, тар, кең масштабты, динамикалық және т.б. 
түрлері болады. Хаостың ең қарапайым түрі кіші мөлшерлі -ғылым мен 
техникада кездеседі және суреттелуге себепті жүйе көмегімен жатады. 
Ол күрделі уақыт аралығымен ерекшеленеді. Бірақ кеңістік түрі өте 
қарапайым. Көп мөлшерлі хаос сызықтық емес ортаның реттік емес 
түрімен байланысты. Турбулентті режимде үйлестіруге көбінесе бұл 


112 
ұғым келісілген әрекет, үздіксіз ынтымақтастық, бірлесіп пайдалану 
деген мағынада қолданылады. 
1973 ж. неміс ғалымы Г. Хакен өзін-өзі ұйымдастыру мәселелеріне 
арналған бірінші конференцияда сөз сөйлеп жаңа пәннің ашылғанын 
айтады, содан сол жыл синергетиканың туған жылына айналды. Г.Хакен 
синергетиканың негізін қалаушы корпоративтік құбылыстардың сан 
қилы жүйелерде байқалатындығына назар аударады: астрофизикалық 
құбылыс, фаралық өзгерістер, гидродинамикалық тұрақсыздықтар, 
атмосфералық циклондардың құрылуы, популяция динамикасы, тіпті 
мода құбылыстары. өзінің «Синергетика» деген классикалық еңбегінде 
ғалым астрофизикадан социологияға дейінгі көптеген пәндерде бір 
жүйенің жеке бөлшектерінің кооперациялары қалайша макроскопиялық 
құрылымдарға немесе функцияларға әкелетінін үнемі байқайтынымызды 
айтады. 
Синергетика көбінесе макромасштабтық деңгейде күшті өзгеріске 
ұшырайтын жүйенің құрылымдары немесе функциялары орын алатын 
жағдайларда жиі көрініс табады. Әсіресе синергетиканы өздігінен 
ұйымдасудың жалпылама шартталған процесстерімен жүйелер саласы 
немесе оның бөлшектері қалайша өзгеріске ұшырайтындығы мәселесі 
қызықтырады. 
Хакен жаңа пәнді неге синергетика деп атағанын былай түсіндіреді. 
Біріншіден, онымен «... нәтижесінде макроскопиялық деңгейде 
туындайтын құрылымға және сәйкес қызметтесуге әкелетін көптеген 
жүйе салаларының бірлескен әрекеті зерттеледі». Екіншіден, ол әртүрлі 
ғылыми пәндердің өздігінен ұйымдасу жүйесінің жалпы қағидаларын 
іздестіреді. 1982 ж. Ресейде өткен синергетикалық конференцияда жаңа 
ғылымның нақты басымдылықтары көрсетілді. Г.Хакеннің айтуынша, 
тар мамандырылған білім салаларындағы дағдарысқа байланысты 
ақпаратты біршама аз сандағы заңдарға концепцияға немесе идеяларға 
дейін қысқарту керек дейді. Ал синергетика осындай талпыныстардың 
бірі, ғалымның ойынша, табиғаты жағынан әртүрлі жүйелер өзіндік 
ұйымдасу қағидасын қолданады. Ендеше әңгіме синергетиканы іздеп 
табуға бағытталған табиғи және әлеуметтік процестердің ортақ 
детерминанттары жөнінде болу керек. 
Осылайша синергетика өкімді ғылыми концепциялардың бірі болып 
табылады. Оның пәні ретінде өзіндік ұйымдасу процесі спонтандық 
құрылым танылады. Синергетиканың негізін қалаушы идеясы - теңсіздік 
жаңа ұйымдастық пайда болу қайнар көзі деп танылады, яғни тәртіп. 
(Порядок из Хаоса) деп аталған (М., 1986) 
Тәртіптіліктің туындауы материяның өздігінен ұйымдасуына 
теңестіріледі. Жүйе әрқашанда ашық және сыртқы ортамен энергия 
алмасады. Ол сыртқы орта параметрлеріне тәуелді.


113 
Әржатпайтын күрделілікке уақытша және кеңістікте параметрлер 
жатады. Ал себепті хаос деп сызықтық емес жүйенің жүріс - тұрысын 
айтады. Нәтижесінде тұрақтылық жойылуы мен хаосқа әкелудің бірнеше 
себептері мен жағдайларын атап көрсетуге болады: бұлар дыбыстар, 
сыртқы кедергілер, жағымсыз факторлар. Хаостіліктің қайнар көзі 
ретінде кейде еркіндіктің неше түрлілігімен байланыстырады. Себебі ол 
абсолютті кездейсоқ салдардың туындауына әкеледі. Хаосты тудыратын 
жағдайларға қозғалыстың қағидалары, тұрақсыздығы жатады. Екі жақын 
жағдайлар сыртқы әсер етудің стохастикасына жауап бере отырып
дамудың әртүрлі траекториясын тудыруы мүмкін. 
Қазіргі кездердегі зерттеулер хаотизация процесіне дәстүрлі 
көзқарасқа елеулі толықтырулар енгізуде. Әлемнің посткласикалық емес 
бейнесінде хаос деструкция қайнар көзі ретінде емес, спонтандық 
құрылымгенездің себебі ретінде болуы мүмкін материалдық 
әрекеттесудің алғашқы тұрақсыздығынан туындаған жағдай ретінде 
кірген. Соңғы теориялық көзқарас бойынша хаос тек нысанасыз масса 
ғана емес, сол сияқты аса ұйымдасқан себеп сол ретінде суреттеледі. 
Ғалымдар хаосты кездейсоқ бөлу сипатталатын кеңістіктік және 
уақыттық параметрлерді корреяциялаудағы уақытты қайталанбайтын 
тұрақсыз траекториядағы үнемі қайталанбайтын қозғалыс дейді. 
Адамдар арасындағы қатынас әлемінде хаостік құрылымдарға теріс, 
ал тәртіпке оны қарау қалыптасқан. Әлеуметтік тәжірибе хаосқа қарсы 
экспанцияны 
жүзеге 
асырады. 
Оған 
жағымсыз 
баға 
беріп 
методологиялық талдаудан тыс шығарғысы келеді. Бұл рационалистік 
утопиямен тоталитарлық тәртіпті құрумен түсіндіріледі. Яғни, толық 
тәртіптік орнату және оны көшті қажеттілікпен қолдау. 
Соңғы ғылыми - теориялық сана бұл қатынасты өтіп, басқа 
хаотизация процесінің қазіргі синергетикалық парадигмадағы рөлі мен 
маңызының құрылымдық ұғымын ұсынады. Хаос және тәртіпте де 
құрылымдық терминдер де спонтандықтың дамуын талқылау тек жаңа 
табиғи 
ғылымдық 
және 
философия 
методологиялық 
талдау 
жасандыларымен ғана қақтығыспай, ол ежелгі тарихи - философиялық 
дәстүрге қарама - қарсы келеді. Гесиодтан бастап хаос барлығын 
қамтушы және тудырушы бастама деп саналады. Антикалық санадан 
көрінбейтін және байқалмайтын хаос нысан беруші күшке ие делінген.
Жиырмасыншы ғасыр өткеннен кейін мұндай антикалық әлемтану, 
ғылымдардың айтуы бойынша динамикалық хаосты ашу - бұл 
қозғалыстың жаңа түрлерін ашу дейді. Хаос туралы ғылым бұл жағдай 
емес процесс туралы, болмыс емес қалыптасу туралы ғылым. 
Құрылымтану мен хаотизацияның өзара байланыс тек циклдік нұсқаумен 
емес, сол сияқты бинарлық пен қосымшалық қатынасын ескертумен 
көрсетілген. Тәртіп пен хаостың арақатынасының бинарлық құрылымы 


114 
осы екі ағымның өзара тіршілік ету және қақтығысымен байқалады. 
Циклдің ерекшелігі тәртіп және хаостың бинарлық оппозициясы тиімді 
нәтижелердің көптігімен сипатталады: бұл негіздің сақталуымен өзгеруі 
де, одан бас тартуда (мысалы, тәртіп көп немесе хаос көп) және сол 
қарама - қарсылықтың жаңа негізде үмітсіздігі (мысалы, уақыт басқа да, 
ал тәртіп сол қалыпта). қосымша қатынас ұйымдасқан бірлестікке 
құрылымдалмаған күш және қалдықтық құрылымдардың кіруі, яғни 
бірлескен бүтінге одан тыс элементтердің кіруі. 
Өзіндік ұйымдасқан синергетикалық жүйені меңгеру үшін жаңа 
ғылыми 
ізденістің 
стратегиясы 
қабылданған. 
Ол 
дамудың 
баламалылығын тудыратын құрылым ежелгі салалық графикке 
негізделеді. Бірінші бағыттағы дамудың болашақ траекториясын таңдау 
оған кіретін элементтердің локалді өзгерістердің кездейсоқ факторлар 
және энергетикалық әсер етудің шығыстық шарттарына тәуелді. Логика, 
методология және ғылым философиясы жөніндегі Халықаралық 
конгресте (1995 ж. тамыз Флоренция) И. Пригожин Әмбебапқа қатысты 
кванттық өлшем идеясын ұсынады. 
Ғылыми ізденістің жаңа стратегиясы жүйе мен оның құрамдас 
бөліктерінің қағидалы қайталанатын жүріс - тұрысын бір траекториядан 
басқасына секіру мүмкіншілігі және жүйесін жоғалту есепке алу керек. 
Жүйе өзі өткенін ұмытса ол аяқ астынан және айтарлықсыздай әрекет 
етеді. Бағытталған өзгерістердің дағдарыс нүктелерінде салаға бөліну 
жүру мүмкін. Бұл процесс осындай жүйелердің қызмет етуіндегі 
эволюцияланудың көпсанды комбинациясына жауапты. 
Мұндай методологиялық көзқарасты британдық тарихшы А. 
Тойнби жалпы өркениеттік даму процесіне қатысты қолданған. Оның 
ойы 
бойынша 
өркениеттің 
басқа 
түрлері 
жоққа 
шығарылмайды.Тарихшының ойынша 21 өркениет бар. Жалпы 
өркениеттік өсу формациялық бөлудің бірыңғай схемасына бағынбайды. 
Тарихи процесс өркениеттік дамудың көптүрлігін көрсетеді және бір 
қоғам өкілдері тарихи оқиғаға әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері бірден 
өледі, басқалары тірі қалады, бірақ олар кейін ештеңеге жарамсыз 
болады; ал соңғылары осы сияқты мықтылардың артынан ереді. (Тойнби. 
А. Постижение истории М., 1991. 85 бет.) Тәуелсіз өркениет генезисі осы 
түрдегі бұрынғы қоғамнан құрылымдығы бойы алумен байланысты емес, 
ол бастапқы түрдегі қоғам мутациясы немесе қолданбалы қоғам 
мутациясы процесімен байланысты. Қоғам құлдырауы әртүрлі тәсілмен 
және әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Олар дене, ағаш кесегі, ал 
кейбіреулері желдегі тас тәрізді құлдырайды. А.Тойнби ойынша, қоғам 
жеке индивидтер белсенділігінің тоғысқан жері дейді. Олардың 
генеалогиясы-тарихты жасайтын өмірлік күш. Тарихшының бұл 
көзқарасы посткласикалық емес методологияның ең жетекші 


115 
ережелерінің бірімен сәйкес. 
Әлемнің өзіндік ашықтығын шынайылықтың кванттанудың көп 
түрлі тәсілі, материяның түрлі сахналық - құрылымдық жиынтығы деуге 
болады. Өзіндік ұйымдастырушы синергетикалық жүйені меңгеру 
стратегиясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет