Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет54/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   107
бифуркация, флуктуация, хаосомдылық, диссипация, 
атракторлар, 
қисықсызықтар, 
анықталмағандық 
ұйымдармен
байланысты. Олар категориалдық мәртебеге ие болып, барлық типтегі 
жүйелердің жүріс - тұрысын түсіндіруге қолданылады: ағзаға дейінгі, 
ағзалық, әлеуметтік, әрекеттілік этникалық, рухани, және т.б. теңдіктен 
жағдайларда бифурациялық механизм қызмет етеді. Ол екіге бөлінуі 
және дамудың жағыз еместік нүктесінің бар екендігін білдіреді. И. 
Пригожин ойынша бифуркациялық процестер жүйенің әрбір жағдайы 
күрделенуін куәләндырады. Н.Моисеев әлеуметтік жүйенің әрбір 
жағдайы бифуркационды дейді. Антропогенездің ғаламдық өлшемінде 
адамзат дамуы екі бифуркацияны басынан өткізеді. Бірінші, палеолит 
дәуірінде болған және ол биәлеуметтік шектеуші заң - «өлтірме» деген 
табу жүйесін бекітуге әкеледі. Екіншісі неолитте, геологиялық нысаны 
кеңейтуімен байланысты: жер өңдеу және мал шаруашылығын 
меңгерумен (Моисеев Н.Н. Человек и ноосфера. М.,1990.с.78) 
Флуктуация келіспеушілік дегенді білдіреді және екі үлкен 
сыныпқа бөлінеді:сыртқы қоршаған ортадан туындайтын флуктуациялар 
өте мықты болып, жүйені толығымен алып, оған өз толқынын беріп және 
оның өмір сүру режимін өзгерте алады. Олар жүйені өзіне қатысты 
тәртіп типінен шығарады, бірақ міндетті түрде хаосқа немесе басқа 
тәртіп деңгейіне не деген сұрақ туады. 
Қарсылық көрсету жүйесі - дисспативті деп аталады. Істің мәніне 
қарай бұл жүйенің флуктуация кезіндегі жүріс-тұрысының сипаттамасы. 
Дисспативтік жүйенің негізгі қасиеті кез-келген әрекетке әсер ету 
сезімділікті және осымен байланысты төтенше теңсіздік. 
Ғалымдар аттрактор деп аталатын құрылымды бөліп көрсетеді. Ол -
көптеген элементтер тартылатын орталық тәрізді. Мысалы, бірнеше көп 
адамдар тобы жиналғанда өз бағытымен ары қарай қозғалуға жағдай 
болмай, соларға қарсы кете алмайды. Оның траекториясының қисығы 
жиналған топ жағына мойын созады. Өмірде оны қызығушылық дейді. 
Ал өзіндік ұйымдасуы теориясында мұндай процесс жинақталу жүйесіне 
қарай сырғу деп аталады. Аттракторлар өз айналасына стохастикалық 
элементтерді тартып жинақтайды, осылайша орта құрып тәртіп 
қатысушы болады. 
Жаңа парадигманың негізгі бағыты тұрақсыз тең емес жүйе 
белгілейтін болашақтың шынайы референті жоқ деп тұжырымдайтын 
онтологиялық анықталмағандық феноменін зерттеу қажеттілігімен 
қақтығысады. XX ғ. ортасында анықталмағандық бірнеше батыс 


116 
ғалымдарын кибернетика және компьютерлік байланыс мәселелері 
шеңберінде қызықтырады. Н. Винер, К. Шеннон, У. Эшби, Р. Хартли 
еңбектерінде ақпарат анықталмағандыққа тәуелділікке түскен және оның 
өлшемімен өлшенген. Анықталмағандылы шынайылылыққа кері 
пропорционалды деп есептеді. 
Кейінгі зерттеулер бұл тәуелділіктің болжамды екендігін көрсетті. 
Анықталмағандылық бұл соңғы тұрақты нысаны жоқ өзара әрекетсіз 
түрі. Ол гетерономды комплексті табиғи объект жағдайдан туындауы 
мүмкін. Соңғысы көз алдында болып жатқанда мүмкін ауа райы, есеп 
пен күтудің алдында жүзеге асырады. Анықталмағандық феномені 
фундаменталды физикалық константтың барлық мүмкін өзгерістеріне 
тең. Мүмкіншілікті жиынтықтық белгілерін тұрақты бөлу және
мүмкін өзгерістер континууымына есептелуге бағытталғанды білдіреді. 
Ғылыми ізденістің жаңа стратегиясында кездейсоқ категориясының 
маңызы зор. Ол кез-келген типтегі (қарапайым не күрделі) жүйе 
қозғалысының сипаттамасы. Тіпті зерттеу сонша терең жүргізілсе де, ол 
кездейсоқтықтан еш құтылуға әкелмейді. Яғни жеке құбылыстардың 
қасиеті мен сапасы оның мәнін тәуелсіз түрде өзгертеді және басқа 
құбылыстардың сипаттамасымен анықталуға жатпайды. Мұндай 
кездейсоқтық динамикалық хаос деп аталады. Үнемі қайталанбайтын 
кіші немесе өзара байланысқан комплексті себептердің әсерінен туған 
кездейсоқтық бұл белгісіздіктің нақты ерекше көрінуі. 
Мүмкіндік категориясымен объектінің болашақ күйі көрсетіледі. 
Мүмкіндік 
дамушы 
құбылыс 
бағытының 
алғышарттарының 
сәйкестендіруін және дамуымен өзгерудің соңғы кезеңдерінің түрлерін 
болжау мақсатын қарастырады. Мүмкіндік жиынтығы белгісіздіктің 
тұрмыстық жайын көрсетеді. Қалыптасқан жағдай кейде бәсекеше 
мүмкіндіктердің көптігінен белгісіз деп бағаланады. Белгісіздік таңдау 
процедураларымен бірге жүреді және жүйенің таңдауға дейінгі жағдайын 
білдіреді. Таңдау тек саналы және мақсатты болып ғана қоймай, сонымен 
қатар табиғи немесе тарихи процестердің схоластикалық себептілігінің 
белсенділігі. Белгісіздік көптеген мүмкіндіктерден тұрады, яғни барлығы 
да болуы мүмкін. Сосын ол жағдайға айналады да, кейін қалыптасқан 
күйде өзіне өзі қарама - қайшы болады. Өзіндік ұйымдастырушы жүйені 
зерттеудің жаңа стратегиясына қажетті статистикалық заңдылықтар 
мүмкін бөліну тілінде қалыптасады және үлкен сандар негізінде 
массалық құбылыс заңы ретінде сипатталады. Ол көптеген кездейсоқ 
себептер аумағында болатын терең қажетті байланыстарда әрекет етеді. 
Оларда абсолюттік қайталану жоқ, бірақ көптеген жағдайларда ол 
үшінші қайталанатын себептер заңдылығы деп бағаланады. 
Синергетика 
дамуының 
екі 
эволюциялық 
саласы 
бар: 
организмикалық және органикалық емес. Тіршілік әлемі тәртіптелген 


117 
нысанды ендіруге қабілетті екендігін көрсетеді, яғни «тәртіптен тәртіп!» 
қағидасын ұсынады. Хаостық материя ұмтылысы хаосқа жақындасу 
болып табылады. Энтропияны ұлғайту құрылым генезисі арқылы жүреді. 
Нақты физикалық заңдар негізінде атомдық тәртіпсіздік жатыр. 
Тіршіліктің басты эволюциялық ерекшелігі энтропияның ең кіші ісіміне 
энтропия өндірісінің минимумы теоремасынан, егер жағдайлар жүйенің 
теңдікке өтуіне кедергі жасаса, ол жағдайлар мүмкіндігімен теңдікке 
жақын болатын энтропия жағдайына ауысады. 
Қазіргі кездегі тіршіліктану постулаты «біршама мүмкіндік, 
шынайылық» ұғымы кездейсоқ болуы мүмкін емес және максималды 
ақпаратты жағдайды «жеке» талдауды жоққа шығармайды. Жағдайды 
қарастыру идеясы жаңакантшылдық Баден мектебінің суреттемелік 
тәсілі идиографикаға да жақын. Немесе әлеуметтанушы С.Мангеймнің 
ситуациялық детерминацияны танудың ажырамас факторы ретінде 
қабылдауға назар аударуы керек деген ойымен де астасып жатыр. 
Фактілерді жақсы түсіну үшін қорытынды «фазасы абдукация» деп 
аталады. Мұндай ой қорытынды жасау тұрмыста және тәжірибеде кең 
қолданылады. Әрбір адам мұны байқамай түсіндірме іздегенде 
абдукацияға жүгінеді. Дәрігер ауру белгілері арқылы оның себебін 
іздейді, тергеуші қалған іздер бойынша қылмыскерді іздейді. Тура 
осылай, ғылым да болып жатқан жайды түсіну үшін абдукация тәсілін 
қолданады. Оның жаңа және тиімді методологиялық стратегияны құруда 
маңызы зор. 
Тағы бір ковация - куматаид (грек тіл - толқын) Ол біресе пайда 
болатын, біресе жоғалып кететін жүзіп жүруші объектіні білдіреді. 
Куматаид барлық элементтерді бір уақытта көрсетпейді, тек сезіммен 
өкілдейді. Мысалы, халық тәрізді жүйелік объект белгілі бір кеңістіктік 
уақытты учаскеде өкілденуі және шектелінуі мүмкін емес. Жай сөзбен 
айтқанда объектіні көрсету үшін барлығын жинауға болмайды. Бірақ бұл 
объект шынайы, бақылауға жататын және барлық өркениеттік тарихи 
процестің бағытын анықтайтын күш. 
Жай мысал - студенттер тобы. Ол да жүзіп жүрген объект тәрізді, 
біресе пайда болады, біресе жоқ болады. Осылайша ол жүйелердің 
барлық өзара байланысында байқалмайды. Оқу аяқталғаннан кейін топ 
бүтін объект ретінде болмайды. Ал белгілі бір институциалды 
бағдарламаланған жағдайларда (топ номері, студенттер саны, құрылым 
жалпы 
сипаттамасы) 
ол 
объект 
ретінде 
танылып 
өзіндік 
ұйымдастырылады. Бұдан басқа куматаид мынадай импульстық 
жағдайларда байқалады: достық, бәсекелестік, қолдау көрсету және т.б. 
Куматаид ерекшелігі оның тек кеңістік уақыттық шектелуге 
қатыстығы жоқтығында емес, сонымен қатар субстраттың өзіне, яғни 
оны құрайтын материалға да тығыз байланысты емес екендігінде. Оның 


118 
қасиеттері жүйелі. Сәйкесінше оған кіретін элементтерге тәуелді, яғни 
олардың бар және жоқтығына, дамуы немесе жүріс тұрысының 
траекториясына қатысты. Куматаид тек бір қасиетпен немесе бірнеше 
қасиеттерімен жекешелендіруге болмайды. Бүкіл әлеуметтік өмір 
осындай жүзуші куматаидтармен толы. Оның тағы бір сипаттамасы - 
қызмет етуінің белгілі бір предикативтігі: халық болу, мүғалім болу, бір 
топтың мүшесі болу, Куматаидтан жүріс-тұрыстық біршама типтік 
ерекшеліктерінің қалыптасуын күтуге болады. 
Жаңа ғылыми ізденістер білімнің қағидалы гипотетикалығына назар 
аударады. Постклассикалық емес әлем бейнесін суреттеуде флуктуацияға 
(бастапқы шарттардың кездейсоқ өзгеруі) қарамастан мүмкін 
траекториялар жиынтығы (жүйенің эволюциялану жолы) анықталады 
және шектеледі. Кездейсоқ флуктуациялар мен бифуркация нүктелері 
жүйе траекториялардың өздері белгілі бір атракторға тартылады және 
соның нәтижесінде жүйенің алғы шарттарын болар болмас өзгертіп
тұрақты жағдайға әкеледі. 
Синергетикалық парадигмада жүйелердің асқынған жүріс тұрыс 
режимі танылады. Синергетикалық объектінің күрделілік критериі 
өзіндік ұйымдастыру белсенділігінің көрсеткіші болып табылады. 
Синергетика тең емес жүйелерді немесе теңдіктен алшақ тұрған жүйені 
зерттейді. Мұндағы тұрақсыздық белгілі бір параметрлер саласындағы 
кездейсоқ қозғалыстар дегенді білдіреді. Ғалымдар белгілі бір 
жағдайларда кеңістік бейненің уақытында үнемі өзгеріп отыратын 
өзіндік ұйымдасудың макроскопиялық құбылысы мозаика, сақина, 
спираль, т.б. түрінде пайда болады деген тұжырым айтады. (Г. Николис, 
И. Пригожин) "Тұрақсыздық біткен жерде жаңа құрылым туындайды 
дейді "- Г.Хакен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет