«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»



бет34/36
Дата19.02.2022
өлшемі134,24 Kb.
#132529
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
!@02.B01;. 07.
каз-МодульМПС-27.06.10., Приложение 1, likvidatsiya probelov
95. Ағымдағы дезинфекция МБ стационарларында, түзеу мекемелерінің ауруханаларында, оқшауланған учаскелерінде туберкулезбен ауыратындарды диспансерлік бақылау үшін, сондай-ақ уақытша немесе тұрақты ұсталатын кез келген басқа үй-жайлардағы науқастарға да жүргізіледі.
96. Қорытынды дезинфекциялау жұқпалы аурумен ауыратын науқас жатқан үй-жайды (оны ем қабылдауға жатқызғаннан, оқшауланғаннан, ауыстырғаннан, босатқаннан немесе өлгеннен кейін), бір рет инфекцияланған ошақты инфекция қоздырғыштарынан толық залалсыздандыру мақсатында жүргізіледі. Залалсыздандыруға үй-жай, төсек жабдықтары, жиһаздар мен науқастың жеке заттары жатады. Киім мен төсек жабдықтарын дезинфекциялау (дезинсекциялау) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Журналға тіркеледі.
Қорытынды дезинфекциялау жұқпалы аурумен ауырған науқас оқшауланғаннан кейін алғашқы сағаттарда жүргізіледі.
97. Дезқұралдардың жұмыс ерітінділерін, улы қармақ жемдерді дайындау, оларды өлшеп-орау сорып-шығаратын желдеткішпен жабдықталған арнайы үй-жайда, арнайы киімді және жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптарды, респираторларды) пайдалана отырып жауапты тулғамен орталықтандырылған түрде жүргізіледі. Бұл үй-жайларда бөгде адамдардың болуына, жеке заттарды, тамақ өнімдерін сақтауға, ас ішуге және темекі тартуға жол берілмейді.
98. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезқұралдар қолданылады.
99. Профилактикалық және ағымды дезинфекциялау мекемеде МБ дәрігерлерінің немесе фельдшерінің басшылық етуімен дезинфекторлар жүргізеді.
100. Қорытынды дезинфекциялауды дезинфекциялық станциялар немесе санитариялық - эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік ұйымдарының дезинфекциялық бөлімдері (бөлімшелер) жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет