«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»


) кенелердің кіруіне кедергі жасайтын киім болады; 2)



бет29/36
Дата19.02.2022
өлшемі134,24 Kb.
#132529
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
!@02.B01;. 07.
каз-МодульМПС-27.06.10., Приложение 1, likvidatsiya probelov
1) кенелердің кіруіне кедергі жасайтын киім болады;
2) кіретін және соратын кенелерді табу үшін дүркін-дүркін (екі-төрт сағат сайын) өзіндік және өзара тексерістер (кенелердің соруы ауыртпайды);
3) киім-кешекті үркітетін жабдықтарды-репелленттер қолдану;
4) мекемелерде ұсталатын адамдар жиі келетін жергілікті оқшауланған учаскелерді инсекцидтермен (сұйық ерітінділерімен, бүркуіштермен) тазалайды.
Кене энцефалитімен ауыратындарды анықтауды медициналық көмекке жүгінген жағдайда медициналық жұмыскерлер жүзеге асырады.
82. Сіреспе ауруы пайда болуының алдын алу үшін жарақат жағдайларында жедел профилактика (хирургиялық өңдеу және иммунологиялық қорғауды жасау) жүргізіледі.
83. Клиникалық тамақ токсикоинфекциясы байқалған және ботулинистік токсикоинфекциясына күдік тудырған адамдар азаматтық денсаулық сақтау секторының емдеу-профилактикалық мекемесіне жатқызылады.
84. АИТВ-инфекциясына иммуноблотингтің оң нәтижесі бар адамдар мекемеде және ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтарда диспансерлік бақылауға жатады.
АИТВ-инфекциясын жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын адамдарды одан әрі қадағалауды мекеме және ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтар жүзеге асырады.
4-параграф. Оба және тырысқақ кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралар


85. Обамен және тырысқақпен сырқаттану немесе оған күдікті адам анықталған кезде МБ, МП СЭҚБ-н және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөліністерін және обаға қарсы ұйымдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 131 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-№ 131 Бұйрық) (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10644 болып тіркелген) Хабарлаудың үлгілік схемасына сәйкес шұғыл хабардар етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет