«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»


Науқастан жауап алу кезінде эпидемиологиялық анамнез жиналады және



бет26/36
Дата19.02.2022
өлшемі134,24 Kb.
#132529
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
!@02.B01;. 07.
каз-МодульМПС-27.06.10., Приложение 1, likvidatsiya probelov
70. Науқастан жауап алу кезінде эпидемиологиялық анамнез жиналады және:
1) аурудың басталған уақыты;
2) бұрын ішек инфекцияларымен ауырғандығы (қашан, қайда емделді);
3) тамақтанудың және суды пайдаланудың сипаты;
4) ауру басталғанға дейін ең жоғарғы инкубациялық кезең ішінде ауырған адамның қайда болғандығы (жұқтыру орны туралы мәселені шешу үшін);
5) аталған аурудың клиникалық ерекшеліктері анықталады.
71. Науқаспен бірге (немесе одан) жұқтыруы мүмкін адамдарды анықтау жүргізіледі. Мекеме ішінде жұқтыру фактісі анықталған кезде тамақтандыру жұмыскерлеріне және ауырғандарға бактериологиялық тексеріс жүргізіледі.
72. Науқастан және басқа да адамдардан жауап алу барысында алынған мәліметтерге сәйкес инфекцияның пайда болу және жұғу факторларын айқындау мақсатында қоршаған орта элементтері тексеріледі.
73. Эпидемиологиялық тексерістің негізгі мақсаты тұтанудың түрін және сипатын, сондай-ақ оның дамуына мүмкіндік туғызатын жағдайларды анықтау болып табылады.
Эпидемиологиялық тексеріс барысында тұтануға әсер еткен болжамды себептерді анықтау мақсатында ошақтың бөлек объектілерінің (тамақтандыру және сумен жабдықтау объектілері, аумақ) санитарлық жай-күйі туралы мәліметтер жиналады. Жасақтар бойынша аурудың құрылымы тұтанудың дамуына әсер ететін ауырғандардың еңбек пен тұрмыс жағдайларымен және басқа да факторлармен салыстырылады. Бір уақытта судың, күдікті ас тағамдарының және тамақтандыру блогы құралдарының шайындыларының зертханалық зерттеулері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру жұмыскерлеріне, ауырғандарға бактериологиялық тексерістер жүргізіледі.
74. Эпидемиологиялық тексерістің қорытынды кезеңі барлық материалдарды талдау мен жинақтау болып табылады. Фактілерді салыстыру және барлық мәліметтерді сыни бағалау негізінде инфекция көздері, жұғу жолдары мен жіті ішек инфекциясы пайда болуына әсер ететін жағдайлар туралы соңғы қорытынды жасалады. Бұл қорытындылар эпидемияға қарсы іс-шаралардың көлемі мен сипатын анықтау және олардың тиімділігін неғұрлым жеделдететін нақты жағдайларда қамтамасыз етіп, мақсатты жүргізу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет