3) туысқандарымен кездесулерді шектейді және тоқтатады;
4) арнайы емдеу-алдын алу және санитариялық-эпидемияға қарсы (профлактикалық) іс-шаралар өткізеді.
63. Карантин мынадай іс-шараларды:
1) толық оқшаулау, мекемелерге кіруге және одан шығуға тыйым салуды, мекемелер ішінде адамдардың қозғалысын;
2) күшейтілген медициналық бақылауды;
3) туысқандарымен кездесулерді шектеу және тоқтатуды көздейді.
Мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау жүк алаңдары арқылы жүзеге асырылады. Мекемелердің ішінде сотталғандарды бір-бірінен барынша оқшаулауды және жеткізу пункттері арқылы тамақтандыруды ұйымдастыра отырып, жасақтар бойынша байланысын үзу жүргізіледі.
Карантин шарттарын орындауды қамтамасыз ету үшін мекемеде қызмет атқарудың күшейтілген түрі ұйымдастырылады. Мекемеде карантин СЭҚБ ұсынымы бойынша ҚАЖ Комитетінің нұсқауымен орнатылады.
64. Ішек инфекциясын ескерту жөніндегі негізгі санитариялық-профилактикалық іс-шаралар:
1) мекемелерде ұсталатын адамдарды орналастыру, сумен жабдықтауды және тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайларына зерттеудің зертханалық әдістерін қолдану арқылы пәрменді медициналық бақылауды қамтамасыз ету;
2) декреттелген контингентті зертханалық зерттеу;
3) профилактикалық дезинфекция мен дезинсекция жүргізу (үй-жайларды, кәрізделген және кәрізделмеген дәретханаларды, лас қалдықтарды және ағын суларды, қоқыс және қалдықтар жиналған орындарды, шыбындармен күресуді, ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын суды залалсыздандыру, сумен жабдықтаудың дербес жүйелерін және суды жеткізу мен сақтауға арналған ыдыстарды дезинфекциялау, ас үй мүккәмалдары мен ыдыстарын залалсыздандыру);
4) мекемелерде ұсталатын адамдардың жеке гигиенаның негізгі талаптарын сақтауына және ол үшін тиісті жағдайлар жасауды медициналық бақылау;
5) дизентериямен ауыратындарды және жіті ішек инфекцияларымен ауыратындарды ерте анықтау (бірінші тәулікте), оқшаулау және ем қабылдауға жатқызу;
6) аурулармен байланыста болған адамдарды медициналық тексеру (көрсеткіштер бойынша бактериологикалық тексеріс және профилактикалық фагирлеу);
7) санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
65. Объектілердегі тамақтандыру және сумен жабдықтау үшін тұрақты жұмыс істеуге жұмылдырылған адамдар осы объектілерде жұмыс істеу кезінде медициналық бақылауға алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |