«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»


Жұқпалы науқасты тасымалдаған көлік эвакуациядан кейін екі



бет20/36
Дата19.02.2022
өлшемі134,24 Kb.
#132529
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
!@02.B01;. 07.

54. Жұқпалы науқасты тасымалдаған көлік эвакуациядан кейін екі сағаттан кешіктірмей қорытынды дезинфекциялаудан өтеді.
55. Ауру пайда болған кезде эпидемияға қарсы іс-шаралар эпидемиялық ошақ шегінде өткізіледі.
56. МБ бастығы және СЭҚБ эпидемиологы эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.
Тексеру процесінде инфекцияның болжамды көзі, қоздырғыштың таралуы мүмкін жолдары мен факторлары айқындалады, қатынаста болған адамдар аясы анықталады.
57. Жұқпалы аурулардың жекелеген жағдайларында эпидемиологиялық зерттеу кезінде МБ бастығы науқастан, онымен ошақта байланыста болғандардан жауап алуды және тексеруді, сыртқы ортаны, оның ішінде зертханалық тексеруді жүргізеді.
58. Жауап алу және тексеру нақты инфекцияның эпидемиологиялық ерекшліктеріне сәйкес және инфекцияның көздері мен жұғу жолдарын анықтау мақсатында зерттеудің зертханалық әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Эпидемиологиялық тексерістің мәліметтері ошақта өткізілетін іс-шараларды түзету үшін қолданылады.
Топтасып аурулардың (эпидемиологиялық тұтану) себебі бойынша эпидемиологиялық тексеріс кезінде МБ бастығы СЭҚБ эпидемиологымен бірлесе отырып, жасақтар, бригадалар, камералар, аурудың пайда болған мерзімдері бойынша талдау жасайды. Осындай тексерістің мақсаты әрбір ауырған адам үшін инфекцияның көзі мен жұғу жолдарын, топтасып аурудың дамуындағы барлық механизмді анықтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет