«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»


) ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау; 3)



бет18/36
Дата19.02.2022
өлшемі134,24 Kb.
#132529
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
!@02.B01;. 07.
каз-МодульМПС-27.06.10., Приложение 1, likvidatsiya probelov
2) ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау;
3) ауру көзін анықтау мен оқшаулау мақсатында эпидемиологиялық тексеру және провизорлық іс-шараларды өткізу үшін байланыс аясын белгілеу;
4) медициналық бақылау, обсервациялау немесе карантин;
5) санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастырады.
49. Жұқпалы ауруларды уақтылы (ерте) анықтауды амбулаторлық қабылдауда, медициналық тексерістер кезінде, сондай-ақ жатақханаларды, камераларды мекеме әкімшілігімен бірлесіп аралау кезінде медициналық жұмыскерлер жүзеге асырады.
50. Науқастар және жұқпалы ауруға күдікті адамдар дереу оқшауландырылады және МБ жұқпалы боксына жатқызылады.
51. Жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды (күдіктілерді) ұстауға қойылатын жалпы талаптар:
1) инфекцияны жұқтыру механизмі әртүрлі жұқпалы ауруларды бөлек орналастыру;
2) оқшауланған палаталарды (бейімделген үй-жайларды) тамақтандыру және сумен жабдықтау объектілерінен кемінде 30 метр қашықтықта орналастыру;
3) оқшауланған палаталарды киім-кешектер мен төсек жабдықтардың толық жинағымен, ыдыстармен, науқасты күту заттарымен, киімді суға салуға арналған ыдыстармен, киім сақтауға арналған қаптармен, аурулардан бөлінетін заттарды дезинфекциялауға арналған қабылдағыштармен, сондай-ақ дезинфекциялық және дезинсекциялық заттармен қамтамасыз ету, оқшауланған палатаға түскен ауруларды гигиеналық жуу, ал көрсеткіштер кезінде санитариялық өңдеу, дезинфекциялық режимді сақтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет