«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»


Науқастан жауап алу кезінде эпидемиологиялық анамнез жиналады. Бұл ретте



бет14/36
Дата19.02.2022
өлшемі134,24 Kb.
#132529
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
!@02.B01;. 07.
каз-МодульМПС-27.06.10., Приложение 1, likvidatsiya probelov
67. Науқастан жауап алу кезінде эпидемиологиялық анамнез жиналады. Бұл ретте:
аурудың басталған уақыты;
бұрын ішек инфекцияларымен ауырғандығы (қашан, қайда емделді);
тамақтанудың және суды пайдаланудың сипаты;
ауру басталғанға дейін ең жоғарғы инкубациялық кезең ішінде ауырған адамның қайда болғандығы (жұқтыру орны туралы мәселені шешу үшін);
аталған аурудың клиникалық ерекшеліктері анықталады.
68. Науқаспен бірге (немесе одан) жұқтыруы мүмкін адамдарды анықтау жүргізіледі. Мекеме ішінде жұқтыру фактісі анықталған кезде тамақтандыру жұмыскерлеріне және ауырғандарға бактериологиялық тексеріс жүргізіледі.
69. Науқастан және басқа да адамдардан жауап алу барысында алынған мәліметтерге сәйкес инфекцияның пайда болу және жұғу факторларын айқындау мақсатында қоршаған орта элементтері тексеріледі.
70. Эпидемиологиялық тексерістің негізгі мақсаты тұтанудың түрін және сипатын, сондай-ақ оның дамуына мүмкіндік туғызатын жағдайларды анықтау болып табылады.
Эпидемиологиялық тексеріс барысында тұтануға әсер еткен болжамды себептерді анықтау мақсатында ошақтың бөлек объектілерінің (тамақтандыру және сумен жабдықтау объектілері, аумақ) санитарлық жай-күйі туралы мәліметтер жиналады. Жасақтар бойынша аурудың құрылымы тұтанудың дамуына әсер ететін ауырғандардың еңбек пен тұрмыс жағдайларымен және басқа да факторлармен салыстырылады. Бір уақытта судың, күдікті ас тағамдарының және тамақтандыру блогы құралдарының шайындыларының зертханалық зерттеулері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру жұмыскерлеріне, ауырғандарға бактериологиялық тексерістер жүргізіледі.
71. Эпидемиологиялық тексерістің қорытынды кезеңі барлық материалдарды талдау мен жинақтау болып табылады. Фактілерді салыстыру және барлық мәліметтерді сыни бағалау негізінде инфекция көздері, жұғу жолдары мен жіті ішек инфекциясы пайда болуына әсер ететін жағдайлар туралы соңғы қорытынды жасалады. Бұл қорытындылар эпидемияға қарсы іс-шаралардың көлемі мен сипатын анықтау және олардың тиімділігін неғұрлым жеделдететін нақты жағдайларда қамтамасыз етіп, мақсатты жүргізу үшін қолданылады.
72. Мекемеде жұқпалы ауруы бар науқас (күдікті) анықталған жағдайда МБ бастығы:
науқасты дереу оқшаулауды және ауруханаға жатқызуды ұйымдастырады;
жұқпалы ауру, тамақтан немесе кәсіби улану, егуге ерекше реакция беру туралы мекеме бастығына және жоғары тұрған медицина бастығына хабарлайды, СЭҚБ шұғыл хабарлама жолдайды;
ошақта қорытынды дезинфекция өткізуді және ошақтарда аурулармен байланысқа түскен адамдарға (дизентерия кезінде – 7 тәулік, іш сүзегі кезінде – 21 тәулік, вирустық А гепатитін кезінде – 35 тәулік ішінде) көрсеткіш бойынша зертханалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады және осы мерзім ішінде оларды асхана бойынша наряд құрамына қосуға тыйым сала отырып, медициналық бақылау белгілейді;
аурудың сылтаурату көріністеріне жол бермеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
тамақтандыру және сумен жабдықтауға, аумақты тазалауға бақылауды қамтамасыз етеді.
73. Жіті ішек инфекцияларының эпидемиялық тұтануы пайда болған жағдайда жоғарыда көрсетілген іс-шаралардан басқа, қосымша:
1) астан улану кезінде:
күдік тудыратын азық-түліктердің, тағамдардың немесе олардың қалдықтарының сынамасын одар әрі санитариялық-эпидемиологиялық мекемеге сараптамаға жолдай отырып, пайдаланудан шығарады;
тамақтың инфекциялануына және онда қоздырғыштардың көбеюіне әсер ететін себептерін айқындайды және жояды;
жуу, дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, азық-түлік объектілерін мұқият тазалайды, ыдыс-аяқ пен құрал-жабдықтарды қайнатады;
тамақтандыру жұмыскерлерінің және ас үй бойынша нарядтағы адамдардың жеке гигиенаны сақтауын бақылауды күшейтеді;
2) судан улану кезінде:
сумен жабдықтау жүйесінің, оның ішінде тарату жүйелерінің ластану себептерін айқындайды және жояды;
су құбырлары құрылыстарын, су немесе су көздеріне арналған ыдыстарды дезинфекциялайды;
сапасы кепілдендірілген ауыз сумен мекемелерде ұсталатын адамдарды дереу қамтамасыз етеді.
74. Эпидемияға қарсы іс-шаралары өткізу кезінде инфекцияның эпидемиологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
Іш сүзегі мен паратиф кезінде эпидемиологиялық талдауды жеңілдету үшін тифопаратифозтық аурулар пайда болған жағдайларда, инфекция көзі ретінде осы тасымалдаушы күдік тудырған жағдайда іш сүзегі мен паратиф бактериясының созылмалы тасымалдаушысында ол шығаратын бактериялар фаготипі белгіленеді және медициналық амбулаториялық картада көрсетіледі.
75. Тасымалдаушы басқа мекемеге кеткен кезде ол туралы мәліметтер аумақтық СЭҚБ-ге, босаған кезде ТҚҚК аумақтық департаментіне хабарланады (науқастың кету мекенжайы бойынша).
76. А, В, С, Д, Е вирусты гепатитпен ауырғандар айқындалған кезде эпидемиологиялық талдау, диагностика және емдеу жүргізіледі.
77. Ауа-тамшылық жұқпалы аурулардың негізгі алдын алу іс-шаралары:
жатақханаларды, камераларды, тамақ блоктарын, клубтарды және басқа үй-жайларды гигиеналық ұстау (температуралық режимді, желдету режимін, тазалау режимін сақтау);
жіті респираторлық вирустық аурулармен және тұмаумен ауырғандарды белсенді түрде анықтау және уақтылы оқшаулау;
профилактикалық егулер.
Ауру өршіген кезде оқшаулау-шектеу іс-шаралары жүргізіледі.
78. Тұмаумен күресудің ең тиімді шарасы вакцинопрофилактика болып табылады, ол жұқпалы аурудың эпидемиялық даму кезінде жүргізіледі.
79. Дифтерия ауруы және менингокок инфекциясы тіркелген жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар және емдеу жүргізіледі.
80. Мекемелерде ұсталатын адамдар медициналық көмекке жүгінген кезде және аса қауіпті инфекция (холера, туляремия, геморрагиялық қызу, Ку-қызбасы, лептоспироз, бруцеллез, сібір ойық жарасы) белсенді түрде анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шаралар және емдеу жүргізіледі.
81. Ұйымдастырылған ұжымдарда санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтауға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету (санитариялық өткізу пункттермен, моншалармен, кір жуу бөлмелерімен, душпен, ыстық сумен, іш киіммен қамтамасыз ету) мекемелердің бастықтарына жүктеледі.
МБ бастығы педикулезге шалдыққан адамдарды анықтау мен санациялау мақсатында мекемелерде ұсталатын адамдарды жоспарлы қарауды ұйымдастырады және жүргізеді.
Педикулездің әрбір анықталған жағдайы туралы медициналық жұмыскер СЭҚБ-ге хабарлайды.
Медициналық бөлімдер педикулезге қарсы өңдеуді өткізуге арналған арнайы жинақпен қамтамасыз етіледі.
Мекемелерде ұсталатын адамдар кемінде жылына 4 рет педикулезге тексеруге жатады, сондай-ақ мекемеге келу және одан шығу кезінде қаралады.
82. Малярия және гельминтоз, паразитарлық аурулармен ауыратын науқастар және тасымалдаушылар анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шаралар және емдеу жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет