«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»


Мекемеге жұқпалы аурулардың келуін ескерту мақсатында мекемеде ұсталатын адамдар 15



бет11/36
Дата19.02.2022
өлшемі134,24 Kb.
#132529
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
!@02.B01;. 07.
каз-МодульМПС-27.06.10., Приложение 1, likvidatsiya probelov
38. Мекемеге жұқпалы аурулардың келуін ескерту мақсатында мекемеде ұсталатын адамдар 15 тәулік ішінде толық санитариялық өңдеуден, медициналық куәландырудан өтеді және карантин үй-жайына орналастырылады.
Жұқпалы аурулармен тығыз байланыста болаған адамдар МБ бастығының қорытындысына сәйкес медициналық бақылауға жатады.
39. Сотталғандар карантин үй-жайында болған кезде осы үй-жайдан тыс жұмыстарға тартылмайды.
40. Медициналық бақылау кезінде сотталғандар арасынан жұқпалы аурулар анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізіледі.Бұл жағдайда медициналық бақылаудың ұзақтығы соңғы ауырған адамды оқшаулаған күннен бастап белгіленеді.
41. Мекемелерде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүзеге асыру үшін арнайы белгіленген күнтізбелік кезеңде эпидемиологиялық талдау (ретроспективалық талдау) жүргізіледі - ай, тоқсан, жыл.
Сонымен қатар, эпидемиологиялық талдау эпидемия ошағында да жүргізіледі (жедел эпидемиологиялық талдау).
ҚАЖ мекемелерінде эпидемиологиялық талдауды СЭҚБ мамандары жүргізеді.
42. Ретроспективті эпидемиологиялық талдауды жүргізу кезінде қызмет көрсететін адамдар арасында сырқаттанушылық құрылымы, динамикасы және деңгейі зерделенеді. Инфекция көзі, жұқтыру жолының ерекшелігі әрбір нозологиялық нысан бойынша зерделенеді. Бұдан басқа, жұқпалы аурушаңдықты одан әрі болжау үшін эпидемиялық ошақтың пайда болу себебіне тиянақты талдау жүргізіледі.
43. Эпидемиологиялық болжамдар нақты жағдайларда эпидемиялық ағымдағы үрдісті белгілеу үшін жүргізіледі және жыл мерзімнің өткен кезеңіндегі эпидемиологиялық бақылау, эпидемиологиялық талдау нәтижелері мен нақты жұқпалы аурудың эпидемиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, беріледі. Эпидемиологиялық болжам негізінде МБ бастығы жұқпалы аурудың алдын алуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді.
Параграф 2. Жұқпалы аурулар анықталған
кездегі эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені



44. Мекемеде жұқпалы аурулар (күдіктілер) анықталған кезде МБ бастығы:
ауруларды анықтау, оқшаулау және ем қабылдауға жатқызу, дәрігер-инфекционистің кеңесін алу және емдеу;
ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау;
ауру көзін анықтау мен оқшаулау мақсатында эпидемиологиялық тексеру және провизорлық іс-шараларды өткізу үшін байланыс аясын белгілеу;
медициналық бақылау, обсервациялау немесе карантин;
санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастырады.
45. Жұқпалы ауруларды уақтылы (ерте) анықтауды амбулаторлық қабылдауда, медициналық тексерістер кезінде, сондай-ақ жатақханаларды, камераларды мекеме әкімшілігімен бірлесіп аралау кезінде медициналық жұмыскерлер жүзеге асырады.
46. Науқастар және жұқпалы ауруға күдікті адамдар дереу оқшауландырылады және мекемелердің МБ жұқпалы боксына жатқызылады.
47. Жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды (күдіктілерді) ұстауға қойылатын жалпы талаптар:
инфекцияны жұқтыру механизмі әртүрлі жұқпалы ауруларды бөлек орналастыру;
оқшауланған палаталарды (бейімделген үй-жайларды) тамақтандыру және сумен жабдықтау объектілерінен кемінде 30 метр қашықтықта орналастыру;
оқшауланған палаталарды киім-кешектер мен төсек жабдықтардың толық жинағымен, ыдыстармен, науқасты күту заттарымен, киімді суға салуға арналған ыдыстармен, киім сақтауға арналған қаптармен, аурулардан бөлінетін заттарды дезинфекциялауға арналған қабылдағыштармен, сондай-ақ дезинфекциялық және дезинсекциялық заттармен қамтамасыз ету, оқшауланған палатаға түскен ауруларды гигиеналық жуу, ал көрсеткіштер кезінде санитариялық өңдеу, дезинфекциялық режимді сақтау болып табылады.
48. Кейбір жағдайларда науқастарды денсаулық сақтау органдарының аумақтық медициналық мекемелеріне жатқызу МБ бастығының қорытындысы бойынша және мекеме бастығының келісуімен жүзеге асырылады.
Мұндай науқастарды соматикалық науқастармен және сау адамдармен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
49. Жұқпалы ауруға күдікті адамдарды аумақтық денсаулық сақтау органдарына жатқызу кезінде, оларды алып жүру үшін жедел көмек көрсетуге кажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген медициналық жұмыскер бөлінеді.
50. Жұқпалы науқасты тасымалдаған көлікке эвакуациядан кейін 2 сағаттан кешіктірмей ауруды жатқызған мекеме қорытынды дезинфекциялау жүргізеді.
51. Ауру пайда болған кезде эпидемияға қарсы іс-шаралар эпидемиялық ошақ шегінде өткізіледі.
52. МБ бастығы және СЭҚБ эпидемиологы эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.
Тексеру процесінде инфекцияның болжамды көзі, қоздырғыштың таралуы мүмкін жолдары мен факторлары айқындалады, қатынаста болған адамдар аясы анықталады.
53. Жұқпалы аурулардың жекелеген жағдайларында эпидемиологиялық зерттеу кезінде МБ бастығы:
науқастан жауап алуды және тексеруді;
онымен ошақта байланыста болғандардан жауап алуды және тексеруді;
сыртқы ортаны, оның ішінде зертханалық тексеруді жүргізеді.
54. Жауап алу және тексеру нақты инфекцияның эпидемиологиялық ерекшліктеріне сәйкес және инфекцияның көздері мен жұғу жолдарын анықтау мақсатында зерттеудің зертханалық әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Эпидемиологиялық тексерістің мәліметтері ошақта өткізілетін іс-шараларды түзету үшін қолданылады.
Топтасып аурулардың (эпидемиологиялық тұтану) себебі бойынша эпидемиологиялық тексеріс кезінде МБ бастығы СЭҚБ эпидемиологымен бірлесе отырып, жасақтар, бригадалар, камералар, аурудың пайда болған мерзімдері бойынша талдау жасайды. Осындай тексерістің мақсаты әрбір ауырған адам үшін инфекцияның көзі мен жұғу жолдарын, топтасып аурудың дамуындағы барлық механизмді анықтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет