«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»


Дайын тағамның сапасын органолептикалық бақылау журналы



бет16/36
Дата19.02.2022
өлшемі134,24 Kb.
#132529
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
!@02.B01;. 07.

Дайын тағамның сапасын органолептикалық бақылау журналы



20_жылғы «» __ арналған мәзір

Тағамды дайындау күні, уақыты

Тағамның дайындалу деңгейін қоса алғандағы органолептикалық бағасы

Іске асыруға рұқсат (уақыт)

Жауапты орындаушы (тегі, аты әкесінің, лауазымы)

Медициналық қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты

Мекеме бастығының кезекші көмекшісінің тегі, аты, әкесінің аты

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

























Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде


санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалауды ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
ННысан


Мекеме асханасының жұмыскерлерін медициналық тексеру журналы



Күні

Жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты

Мамандығы

Тері қабатының, тері асты қабатының және кілегей қабықшасының жай-күйі

Денсаулық жағдайына қатысты түскен шағымның бар-жоғы

Медициналық қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты

1

2

3

4

5

6

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде
санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалауды ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша

ННысан
Киімдердің және төсек жабдықтарын залалсыздандыруды (дезинфекциялауды) тіркеу журналы





Күні

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

диагнозы

Залалсыздандыру объектілерінің саны

матрастар

көрпелер

жастықтар

киімдер

Аяқ киім

өзгезаттар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































Қосымшаның келесі беті



Залалсыздандыру (дезинсекциялау режимі), температурасы, ауа қысымы)

Залалсыздандыруда ұстау уақыты

Залалсыздан
дырушының қолы

Басталуы

Аяқталуы

11

12

13

14













Ескертпе: Профилактикалық залалсыздандыру жүргізілген жағдайда, журналдың 4 «ауру диагнозы» бағанынан басқасының барлығы толтырылады. Егер, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша өңдеу жасалған жағдайда (жұқпалы ауруы бар науқас анықталған кезде) ауру диагнозы көрсетіле отырып, барлық бағандар толтырылады.


















































1-тарау. Жалпы ережелер



  1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;

  2. декреттелген топ – қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтырудың анағұрлым ықтимал қаупін төндіретін адамдар;

  3. инфекциялық және паразиттік аурулар - мекендеу ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуі және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берілу мүмкіндігі әсерінен болатын және таралатын адам аурулары;

  4. өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;

  5. санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау – сотталғандар мен тергеу-қамаудағылардың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;

  6. санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар – халық арасында пайда болған инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың ошақтарын оқшаулау және жою мақсаттарында қолданылатын шаралар.

3. Қылмыстық-атқару жүйесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің бірыңғай жүйесіне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөліністері (бұдан әрі – СЭҚБ):
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ Комитеті) Медициналық қамтамасыз ету бөлімінің санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобы;
2) ҚАЖ Комитеті аумақтық бөліністерінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобы (бөлімі);
3) Қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі-ҚАЖ) мекемелерінің құрамында ұйымдастырылған санитарлық-эпидемиологиялық бекеттер;
4) тергеу-изолаторлары мен ҚАЖ мекемелерінде (бұдан әрі - мекемелер) ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы медициналық бөлімдер, медициналық пункттер (бұдан әрі – МБ, МП) кіреді.
4. СЭҚБ:
1) сотталғандар мен тергеу-қамаудағылардың денсаулығын қорғау мақсатында мекемелерде Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың және гигиеналық нормативтердің бұзылуының алдын алу, анықтау, болдырмауға бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметін;
2) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 41, 425 бабының 1-бөлігі, 702, 803-баптарымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мен әкімшілік жазаға тартуды жүзеге асырады.

  1. Мекемелердегі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру:

  1. мекемелер объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды;

2) сумен жабдықтауды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды;
3) тамақтануды ұйымдастыруды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды;
4) монша-кір жуумен қамтамасыз етуді санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды;
5) инфекциондық бақылауды жүргізуді ұйымдастыруды;
6) жұқпалы және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді;
7) жұқпалы ауруларды анықтаған кездегі эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды;
8) оба мен тырысқақ кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды;
9) аса қауіпті инфекциялық ауралар кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды;
10) паразитарлық аурулар кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралар;
11) дезинфекциялық іс-шаралар жүргізуді қамтиды.
2-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру реті


1-параграф. Мекемелер объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау


6. Мекемелер объектілерінің ұсталуын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды медициналық бөлім жүргізеді.
7. Желдету, жарықтандыру, жылу, сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін, қоғамдық тамақтану мен коммуналдық мақсаттағы объектілерді санитариялық-гигиеналық бақылауды СЭҚБ жүргізеді.
8. Өндірілетін өнімді, жұмысты және қызметті өндірістік бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындармен және дара кәсіпкерлермен жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13896 болып тіркелген).
9. Микроклиматты және жарықты физикалық өлшеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 125 бұйрығымен бекітілген Микроклиматты және жарықты физикалық өлшеу «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес бөлмелердің микроклиматын сипаттайтын оңтайлы және рұқсат етілген нормаларға сәйкес жылына екі рет мекеменің өндірістік зертханасы немесе басқа аккредитацияланған зертханамен жүргізіледі (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10637 болып тіркелген).
2-параграф. Сумен жабдықтауды
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау



10. Сумен жабдықтаудың ішкі желілерінің құрылғылары мен пайдаланылуын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды мекеме ұйымдастырады және жүргізеді.
11. МБ және МП бастығы:
1) сумен жабдықтау көздерін таңдауға қатысуды;
2) судың сапасы мен қауіпсіздігін және сумен жабдықтаудың ішкі желілерінің санитариялық жағдайын бақылауды;
3) жұмыскерлердің арнайы киіммен және жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етуді бақылауды ("Лепесток" үлгісіндегі респираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, резеңке қолғаптар) жүзеге асырады.
4) МБ сумен жабдықтаудың ішкі желілерінде жұмыс істейтін адамдардың міндетті алдын ала және кезеңдік медициналық тексерістен уақтылы және толық өтуін қамтамасыз етеді.
12. Судың сапасын өндірістік зертханалық бақылауды мекеменің өндірістік зертханасы немесе басқа аккредитацияланған зертхана Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларына сәйкес көрсеткіштерді анықтау және сынамаларды алу арқылы жылына екі рет жүргізеді (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген).
Орталықтандырылған сумен жабдықтау көздері болмаған жағдайда орталықсыздандырмаған су көздері немесе тасымалды су пайданылады. Тасымалды суды сақтау үшін өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ететін көлемді ыдыстар орнатылады.
Суды сақтауға арналған ыдыстар кемінде он күнтізбелік күнде бір рет тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады.
3-параграф. Тамақтандыруды ұйымдастыруды
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау



13. Тамақтандыруды ұйымдастыруды мекемелердің тылдық қамтамасыз ету қызметі жүзеге асырады, оларға мынадай функциялар:
1) жұмыстың сипаты мен ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі санаттағы тамақтанушылардың тамақтану режимін әзірлеу;
2) тәуліктік тамақтандыру нормалары бойынша ас дайындауды ұйымдастыру және осы нормалардың тамақтанушыға жеткізілуін бақылау;
3) ас мәзірінде тағам калориясын нақты есептеуді жүргізу жүктеледі.
14. Тылдық қамтамасыз ету қызметі тамақтану объектілерінде екі апталық перспективті маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) ас мәзірін жасайды. Перспективті ас мәзірін объектінің түрін, үй-жайлар жиынтығын және тоңазыту және технологиялық жабдықпен жарақталуын, ұйымдасқан ұжымдарда болу ұзақтығын, әр түрлі санаттарға арналған тамақтану ерекшеліктерін, жас мөлшерін, орындалатын жұмыстардың ауырлығын ескере отырып, әзірленеді.
15. Перспективті ас мәзірі мен шығарылатын өнімдердің ассортименті бұрын бекітілген ассортиментке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, сондай-ақ қайта қалпына келтіру жүргізгеннен кейін, тамақтану объектісінің бейіні немесе өндірістік үдерісі өзгерген жағдайда СЭҚБ-мен келісіледі және мекеме бастығымен бекітіледі.
16. Перспективті ас мәзірінде тағамдардың немесе аспаздық өнімдердің бір күн ішінде және кейінгі екі-үш күнтізбелік күн бойы бірнеше рет қайталануына жол берілмейді.
17. Нақты тамақтану рационын бекітілген перспективті ас мәзіріне сәйкес қамтамасыз етеді. Ерекше жағдайларда бір өнімдерді, тағамдарды және аспаздық өнімдерді олардың тағамдық құндылығын ескере отырып, басқаларына ауыстыруға жол беріледі.
18. Тамақтану объектілерінде тамақ түрлері жіктеп бөлінген ас мәзірін күнделікті жасайды, онда тамақтанатын адамдар санын, тағамның шығымын, сондай-ақ әр тағам бойынша жекелеген өнімдердің шығымын көрсету арқылы әр тамақтануға арналған тағамдар тізбесі көрсетіледі.
19. Ас мәзірін дайындау кезінде, сондай-ақ өнімдер мен тағамдарды ауыстыру күндері кемінде он күнтізбелік күнде бір рет, дайын тағам кемінде жылына төрт рет тамақтану рационының тағамдық құндылығын (химиялық құрамы мен құнарлылығы) есептеу жүзеге асырылады.
20. Тағамның үлес нормасы «Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
21. Күн сайын тағам блогында дайындалған тағамнан тәуліктік сынама қалдырылады. Бірінші тағамның жарты бөлігі тәуліктік сынамаға қалдырылып, екінші тағамның бүтіндей бөлігі кемінде 100 гр. мөлшерде (бұдан әрі-гр.), үшінші тағам кемінде 200 гр. мөлшерде алынады.
Тәуліктік сынама қақпағы жабылатын банкілерде +2+6 градуста арнаулы жерде мұздатқышта сақталады. Жиырма төрт сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тағам қалдықтарына тасталады. Тәуліктік сынаманы сақтауға арналған ыдыс (сыйымдылық, қақпақтар) бес минут қайнатылып өңделеді.
22. МБ, МП:
1) тамақтандыруды ұйымдастыруға санитариялық-гигиеналық бақылауды;
2) шикізаттың, тағам өнімдерінің сапасын, қауіпсіздігін куәландыратын құжаттардың және қосымша құжаттардың, сондай-ақ, олардың бақылауын, шығуын қамтамасыз ететін құжаттардың болуын тексеруді;
3) шикізаттың және тағам өнімдерінің тасымалдану жағдайларын, көлік құралдарының санитариялық-гигиеналық жағдайын бақылауды;
4) тамақтану объектісінде жұмыс істейтін адамдардың алдын ала және кезеңдік медициналық тексерістен уақтылы өтуін, арнайы киіммен қамтамасыз етілуін, жеке және өндірістік гигенаның сақталуын бақылауды;
5) тамақтану режимін әзірлеуге, ас мәзірін жасауға қатысады, ас мәзіріндегі калорияға теориялық есеп жүргізуді;
6) мекеме бастығына арнайы нормалар бойынша тамақтандыруын ауыстыруға жататын адамдардың тізімін апта сайын ұсынуды;
7) барлық үлес нормалары бойынша дайындалған тағамның сапасын тексеруді.
8) дайын тағамның сапасын органолептикалық бағалау нәтижелерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға жазуды;
9) асханаға жұмысқа түсетін адамдарды тексеруді;
10) мекеме асханасының жұмыскерлерін медициналық тексеру нәтижелерін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға жазуды жүзеге асырады.
4-параграф. Монша-кір жууды қамтамасыз етуді
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау


23. Мекемелерде ұсталатын адамдарды монша-кір жуумен қамтамасыз ету тылдық қамтамасыз ету қызметінің күштерімен және қаражатымен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
24. Мекеме:
1) қондырғылар, монша, кір жуу жабдықтары және ұстау бойынша санитарлық қадағалауды, дезинфекцияның сапасын, уақтылы жүргізілуін бақылауды, санитариялық өңдеуді, іш киімдерді ауыстыруды, оны жууды, салқын және ыстық сумен үздіксіз жабдықталуын;
2) монша-кір жууды қамтамасыз ету жұмыстарына тікелей жұмылдырылған адамдарға медициналық тексерісті;
3) СЭҚБ-нің монша-кір жууды қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстары мен нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етеді.
25. Моншаның өткізу қабілетіне қарай мекеме бастығының орынбасары эпидемияға қарсы іс-шараларға кететін уақытты ескере отырып, жуындыру кестесін бекітеді.
26. Мекемелерде ұсталатын адамдардың моншада жуынуы, бір уақытта ішкі киімін және төсек орнын ауыстыра отырып, жеті күнтізбелік күнде кемінде бір рет жүзеге асырылады.
27. Моншадағы үй-жайларды тазалау және дезинфекциялау әрбір жуынатын ауысымның алдында жүргізіледі.
28. Кір жуатын орында таза және кір киімдердің бірге берілуін және араласуын болдырмау арқылы технологиялық процесс ағынын сақтау көзделеді.
29. Барлық үй-жайларға күрделі жинау жұмысы кемінде аптасына бір рет жүргізіледі.
30. СЭҚБ дезинфекциялық-камералық үй-жайларды тексеру кезінде:
1) дезинфекциялық камералардың санитариялық-техникалық жағдайын;
2) залалсыздандырудың белгіленген режимінің сақталуын;
3) төсек жабдықтары мен киімдерді камералық залалсыздандырудың толықтығын;
4) барынша жоғары термометрлердің көмегімен температуралық режимді тексеруді жүзеге асырады.
31. Монша-кір жуу объектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы№ 183 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес бекітіледі (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген).
3-тарау. Инфекциондық бақылауды, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және дезинфекциялық іс-шараларды
ұйымдастыру және жүргізу


1-параграф. Инфекциондық бақылауды
ұйымдастыру және жүргізу


32. ҚАЖ емдеу-алдын алу мекемелерінде (бұдан әрі - ЕАМ) инфекциондық бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді бақылауды СЭҚБ жүзеге асырады.
33. ҚАЖ ЕАМ-де инфекциондық бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8339 болып тіркелген).
2-параграф. Жұқпалы және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

34. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру аумақтық ҚАЖ департаменттерінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының (бөлімінің) аға маман-санитарлық дәрігерлеріне жүктеледі.


35. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар:
1) мекемеге жұқпалы және паразиттік ауруларды алып келудің;
2) мекемелерде ұсталатын адамдардың арасында жұқпалы аурулардың пайда болуын, таралуы мен жоюдың;
3) мекемелер шегінен тыс жұқпалы және паразиттік ауруларды таратудың алдын алуға бағытталған.
36. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық қамтамасыз ету:
1) мекемеде және ол орналасқан ауданда санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауды;
2) мекемелерде ұсталатын адамдарды қабылдау кезінде мекемеде жүргізілетін іс-шараларды;
3) мекемелерде ұсталатын адамдардың денсаулық жағдайын медициналық бақылауды;
4) мекемелердегі декреттелген топ адамдарын профилактикалық және кезеңдік медициналық тексеру мен зертханалық зерттеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бекітілген міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына сәйкес жүргізуді (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген);
5) аумақтың, жатақхананың ұсталуын, тамақтандыруды ұйымдастыруды, сумен жабдықтауды және кәріз желілерін, монша-кір жуумен қамтамасыз етуді, жеке гигиена ережелерін сақтауды санитариялық-эпидемияға қарсы бақылауды;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығымен бекітілген «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес жоспарлы профилактикалық егу жүргізуді (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10740 болып тіркелген);
7) профилактикалық дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды жүргізуді;
8) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттауды;
9) медициналық персоналды жүйелі жетілдіруді және дайындауды;
10) жұқпалы аурулар пайда болған жағдайда эпидемияға қарсы шаралар жүргізу (объектілерге қосымша керуеттер әкелу, қажетті жабдықтармен жарақтандыру) үшін күштер мен қаражаттар даярлауды;
11) жедел және ретроспективті эпидемиологиялық талдауларды қамтиды.
37. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау эпидемияға қарсы тұруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау үшін негіз болып табылады.
38. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың міндеттері:
1) мекемелер орналасқан ауданның санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жүйелі түрде зерделеу;
2) мекемелер орналасқан аумақтың санитариялық жағдайын, су көзін үздіксіз медициналық бақылау;
3) орын алған жұқпалы аурулар, эпизоотийлер және сыртқы орта объектілерінің бактериалды ластануын анықтау туралы мәліметті уақтылы алу болып табылады.
39. Мекемелер орналасқан ауданда санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бойынша мәліметтерді зерделеу және нақтылау:
1) тұрғындардың жұқпалы ауршаңдығының құрылымымен және өсу динамикасымен танысу;
2) эпидемиялық аурулардың таралу жолдарының мүмкін болатын көздерін және мекемеде ұсталатын адамдардың тез қабылдауын зерделеу;
3) жүргізілетін профилактикалық, эпидемияға қарсы және эпизоотийге қарсы іс-шаралардың көлемі және сапасымен танысумен қамтамасыз етіледі.
40. Мекемелер орналасқан аудандағы эпидемиологиялық жағдай туралы жүйелі ақпаратқа:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөліністерінен халық арасында жұқпалы аурумен аурушаңдық туралы мәлімет алу;
2) дәрігерлердің алықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөліністері өткізетін медициналық съездер, конференциялар, кеңестер, семинарлар және қоғамдық отырыс жұмыстарына қатысуы арқылы қол жеткізіледі.
41. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде МБ бастықтары:
1) тұрғындар мен жануарлар арасындағы жұқпалы аурулармен аурушаңдық туралы, жүргізілетін профилактикалық, эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар туралы мәліметтерді жүйелі алу үшін;
2) жүргізілетін профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін;
3) консультативтік көмек алу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөліністерімен өзара іс-қимыл жасасады.
42. Мекемеге жұқпалы аурулардың келуін ескерту мақсатында мекемеде ұсталатын адамдар үш тәулік ішінде толық санитариялық өңдеуден, медициналық куәландырудан өтеді және карантин бөлімшесіне орналастырылады.
Жұқпалы аурулармен тығыз байланыста болаған адамдар МБ бастығының қорытындысына сәйкес медициналық бақылауға жатады.
43. Медициналық бақылау кезінде сотталғандар арасынан жұқпалы аурулар анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізіледі. Осы жағдайда медициналық бақылаудың ұзақтығы соңғы ауырған адамды оқшаулаған күннен бастап белгіленеді.
44. Мекемелерде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүзеге асыру үшін арнайы белгіленген күнтізбелік кезеңде эпидемиологиялық талдау (ретроспективалық талдау) жүргізіледі - ай, тоқсан, жыл.
45. Ретроспективті эпидемиологиялық талдауды жүргізу кезінде қызмет көрсететін адамдар арасында сырқаттанушылық құрылымы, динамикасы және деңгейі зерделенеді. Әрбір инфекциялық ауру бойынша инфекция көзі, жұқтыру жолының ерекшелігі зерделенеді. Бұдан басқа, жұқпалы аурушаңдықты одан әрі болжау үшін эпидемиялық ошақтың пайда болу себебіне тиянақты талдау жүргізіледі.
46. Эпидемиологиялық болжамдар нақты жағдайларда эпидемиялық ағымдағы үрдісті белгілеу үшін жүргізіледі және жыл мерзімнің өткен кезеңіндегі эпидемиологиялық бақылау, эпидемиологиялық талдау нәтижелері мен нақты жұқпалы аурудың эпидемиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, беріледі. Эпидемиологиялық болжам негізінде МБ бастығы жұқпалы аурудың алдын алуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді.


3-параграф. Жұқпалы аурулар анықталған
кездегі эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет