Мейірбикенің жалпы жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің жалпы шаралары Мейірбике міндеттері



Дата23.08.2020
өлшемі15,77 Kb.
#76640
Байланысты:
Документ (1)


Мейірбикенің жалпы жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің жалпы шаралары Мейірбике міндеттері:


  1. Қолды жуу деңгейлерін сақтау.

  2. Биологиялық сұйықтықтармен, сонымен қатар қанмен жұмыс істегенде қолғап кию.

  3. Қолғапты шешкеннен кейін тез арада қолды жуу.

  4. Төгілген немесе шашылған зарарлы материалды тез арада жинау.

  5. Қолданылған құрал-саймандарды, күтім заттарын, таңу материалдарын нормативті құжаттарға сай тез арада зарарсыздандыру.

АІИ-да дезинфекция жүргізу схемасы

  1. Науқасты уақытша оқшаулау, жұқпалы аурулар бөлімшесіне немесе изоляторға (жұқпалы ауру түріне қарай) ауыстыру.

  2. Қажет концентрациядағы дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.

  3. Өңдеуге арналған маркерленген инвентарді дайындау.

  4. Тамақ қалдықтарын, ыдыстарды зарарсыздандыру.

  5. Заттарды камералы дезинфекция үшін клеенка қапқа салу.

  6. Бөлме жиһаздарын дезинфекциялау үшін бөлме ортасына жинау.

  7. Жылу құбырларын, плинтус, қабырға, терезе, есіктерді дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен сүрту.

  8. Қалдықтарды жинап өртеу немесе зарарсыздандыру.

  9. Қабырға және жиһаздарды өңдегеннен кейін дезинфекциялық ерітіндімен еден қайта өңделеді.

  10. Арнайы киімді камералы дезинфекциялау үшін клеенка қапқа салу.

Емдеу бөлімшесіндегі емдеу сақтандыру тәртібі

Емдік сақтандыру тәртібі - емделушілердің физикалық және психикалық тыныштығын сақтауға бағытталған емдік - сауықтыру шаралары. Оның негізінде бөлімде науқастарға дұрыс ұйымдастырылған күтім, жағымды ауруханалық орта жасау, жарақаттаушы факторларды жою, науқастың уақытын дұрыс ұйымдастыру жатады.

Бұл тәртіп келесі шараларды қамтамасыз етеді:


  1. Емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін қамтамасыздандыру.

  2. Ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау.

  3. Рационалды физикалық белсенділік тәртібін қамтамасыз ету.

Бөлімшеде тыныштықты сақтау керек, акырын сөйлесу керек, емделушілерге радио мен теледидарды қатты қоюға рұқсат берілмейді, кіші медицина қызметкерлерінің бөлмелерді жинау барысында, күндізгі және кешкі демалыс уақытындағы тыныштықты бұзбау керек. Емделушілерден бөлімшедегі күн тәртібінің сақталуын талап ету керек.

Медицина қызметкерлердің негізгі қағидасы медициналық этика мен деонтологияны сақтау болып табылады. Емделушіге айтқан сөздің оның денсаулығының жақсаруының үмітін тудыратынын әрқашан да естен шығармау керек. Емдеу мекемелерінде қозғалыс белсенділігінің 4 тәртібі қолданылады:

1. Қатаң төсек тәртібі - бастапқыда қатты ауырып түскен емделушілерге

тағайындалады. Бұл емделушілерге күтудің толық іс-шаралары жүргізілуі

керек.

2. Төсек тәртібі - біршама қозғалыс белсенділігімен сипатталады, бұрылуға,



белгілі бір уақытта аяқты түсіріп, төсектің шетіне отыруға рұқсат беріледі.

3. Палаталық тәртіп - төсек жанындағы орындыққа отыруға, тұруға және

белгілі бір уақытта палатаның ішінде жүруге рұқсат етіледі. Емделушіні

палатаның ішінде тамақтандыру, дәрет алу, жуу шаралары жүргізіледі.

4. Жалпы тәртіп - дәліздің ішінде еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге,

аурухананың ауласында демалуға рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.



Емделушілердің қозғалыс белсенділігінің тәртібін бұзуы емделушінің өзіне қатты зиян тигізуі мүмкін, тіпті өлімге дейін апарады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет