Дұрыс әдеби сөйлеу
Тыңдаушыға ойды жүйелі, нақты жеткізу барысында сөйлеушінің ішкі сезімдерінің ым, ишара, бет-бейне құбылыстары мен дене қимылдары арқылы орынды берілуі сөйлеу мәдениетінің қосалқы құралдары болып табылады.
Көп алдына шыққан адам өз тыңдаушысын баурап алуда сөздің мағынасына, сөйлемнің мазмұнына сәйкес әртүрлі қол қимылдарын – қолды сермеу, қол бұлғау, бас құралдардың да пайдасы зор. Ол қимылдар айтар ойыңа сәйкес жұмсалса, сөзіңді жандандыра түседі. Айдаладағы бірнеше адамға көз жүгіртіп, ретті жерінде сөзіңді
Айдаладағы бір нүктеге қадалмай, алдында отырған жеке адамға не бірнеше адамға көз жүгіртіп, ретті жерінде сөзіңді қостайтындай қимыл жасау дұрыс.
Мысалы, санамалап жеткізуде қолдың саусақтарын бүгу, не ашу арқылы сөзіңді негізгі мәселеге баса назар аудартуға болады. Қасын керу, көзін бақырайту, қабағын түю сияқты қимылдар арқылы да тыңдаушыңды үйіре аласың.
Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары – бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары тілдік қарым-қатынасты толықтырып, оларға қосымша мағына үстеумен бірге коммуникативті актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым-қатынастың бір түрі болып табылады.
Ым-ишараның ұлттық ерекшелігі
Халықтың мінез-құлқын жақсы білетін тәжірибелі адамдар әр адамның жүріс- тұрысынан, іс-әрекетінен, қас-қабағынан оның көңіл-күйін айтпай-ақ сезіп-біліп отырды. «Қабағың ашық қой»; «Екі езуі екі құлағында» - деп оның көңілділігін, «Иығың түсіп кетіпті ғой»- деп жабырқаулы жайын сезе қояды. Жігіттердің мезгілсіз жүруінен, әйелдердің керісуінен, қыздардың орынсыз күлкісінен әркім өзінше байлам жасап отырады және адамды сол арқылы танып бағалайды.
Әзіл-қалжыңда кейбір туысқандық қатынасты білдіретін әдет-ғұрыптар да көптеп кездеседі. Мысалы, екі жігіт бір-біріне күлімдеп, бастарын қасыса бажа болғаны. Егер жастар бір еркектің құлағынан тартып ойнап жатса, ол жездесі болғаны.
«Жақсы» дегенді бас бармағын көрсетіп, «жаман» дегенді қолын сермеп, мұрын тыржита салатын да әдет бар.
Мұның бәрі – халықтың өзіне ғана тән және өзіне лайық сипаттар, белгілер. Алайда бұларды орынсыз қолдануға мүлде болмайды. Ол әдепке жатпайды.
Халқымыз әрекетпен, күшпен, ірі іс-қимылмен немесе пәтуалы сөзбен ғана емес, бет пішінімен, дене қимылымен үнсіз отырып- ақ ойды, пікірді айқын танытып, шаруасын тындыратын болған.
Осындай дағды, ым-ишара арқылы адамдар келісу, ашу-ыза, ұялу, жеңілу, жеңу, қайғыру, қуану т.б. көңіл-күйлерінің көріністерін білдірген. Қазақтың осындай дағдыға айналған ым-ишараларының көбі күні бүгін де қолданылады. Дегенмен, заманның әртүрлі өзгерістеріне орай мұндай әдет дағдының біразы ұмыт та болды.
Халқымыздың әдет-ғұрпы мен мінезіндегі өзіне жарасып тұратын осы ұғым әрекеттер бет-пішін, түрлі қимылдар арқылы жасалады. Көбін өзімізде күнделікті жасап жүрсек те аңғара бермейміз. Өз сезімімізді, көңіл-күй, іс-қимылымызды сөз шығындамай-ақ ыммен, ишарамен, еппен сездіріп, оны дәл бейнелейтін ойлы, қызықты әрі сесті ұғымдарды толық білсек ұлтымыздың рухани болмысын да толық меңгереміз. Осынау әдет-ғұрып ишаралар сонымен бірге жас ұрпақ тәрбиесіне де үлкен қызмет атқарады. Ұлтымыздың осындай тәлім-тәрбиелік немесе сезімдік әдет-ғұрыптарының мәніне терең үңіле қарап, сырын ашар болсақ халықтың педогогикадағы, мәдениетіндегі, психологиясындағы сан қырлы астарын толық түсінеміз. Бұл әсіресе бүгінгі таңдағы қалам тербеп жүрген жастарымызға да аса 20:42 қажетті детальдық құрал.
Әдеби сөйлеудің ережелері.
Әдеби сөйлеудіңдің мәнін айқындап, өзіндік белгілерін саралап, ғылыми тұжырым жасау үшін әдеби сөйлеудің өзін, оның өзіндік ерекшеліктері қандай екенін дұрыс анықтап алу қажет. Яғни әдеби сөйлеу деп нені түсінеміз?
Әдеби сөйлеу деп – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидаларын айтады; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Әдеби сөйлеумен қатар,сөйлеу әдебіде бар. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады. Әдеби сөйлеу деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, сол шеңберде ғана қарап, әдеби тілді жазба тілмен тану, екінші жағынан, әдеби тіл тарихын халықтың қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, мәдени тарихынан бөліп алып қарау.
Тәрбиешінің әдеби сөйлеу мәдениеті балаларға үлгі, өйткені балалар тәрбиешімен тікелей араласу кезінде сөздің дыбыстық мәдениетін, байланысты сөйлеуді тәрбиешіге еліктеу арқылы үйренеді. Сондықтан тәрбиешінің әдеби сөйлеу мәдениеті жоғары, балалар дұрыс үлгі алатындай дәрежеде болуы керек. Ол талап тәрбиешіге көркем әдебиетті балаларға мәнерлеп оқу және оны әңгімелеп беруде де сақталады. Тәрбиеші көркем шығарманы оқығанда, әңгімелегенде әдеби тілдің нормасына сай мәнерлеп оқыса, жақсы интонациямен дұрыс айтса, балалар оған қызығады, оны ұзақ есте сақтайды, керісінше, тәрбиеші көркем шығарманы көңілсіз, не өте тез, не өте баяу, ешбір сезімсіз оқыса, оған балалар қызықпайды, жалығады да тыңдамайды, есінде де сақтамайды. Тәрбиеші сөзіне, сөйлеу мәнеріне сын көзімен қарауға тиіс, сөзінде кемшілік байқаса, оны түзетуге бар күшін салуы керек.
Тілдің әдеби болуы үшін төмендегідей талаптары мен ережелері бар:
1) Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады;
2) Әдеби тіл нормалан ған тіл болуы керек;
3) Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек.»Тілдің стильдік жүйелерінің саралануы — тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі»;
4) «Әдеби тіл — қоғамдық қызметі ерекше тіл». «Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі», «тілге орамды, жүрекке жылы тиетін» элементтері ұштала түседі.
Әдеби тілдің жүйелілік, нормалық, сымбаттылық қасиеттері, өмір сүру формалары мен стильдік сипаты, қоғамдық қызметі оның мәнінен, басты қасиетінен туындап, нақтылы қалыптасу жолы мен кезеңдері арқылы әдеби тілдің даму процесі айқындалады.