Имам ғазали жүректің сырлары


Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та үнемі



Pdf көрінісі
бет116/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та үнемі 
Алланы еске алады һәм күллі аспан әлемі мен жердің жаратылысына терең ой 
жүгіртіп: «Уа, Раббымыз! Сен мұны бекерге, мақсатсыз жаратпадың. Сен 
мақсатсыз, мәнсіз іс істеуден аулақсың! Бізді тозақ отынан сақтай көр!
»
398
 
398
 
«Әли Имран» сүресі,3/191. 
«
Намазды өтегеннен кейін, түрегеп тұрып, отырып немесе бір бүйірлеп 
жамбастап жатып (тіпті, соғыс жағдайында болса да) Алланы еске алыңдар
»
399

399
 
«Ниса» сүресі, 103. 
Ибн Аббас жоғарыдағы аятқа төмендегідей түсіндірме береді: «Яғни түні-күні, 
теңізде, құрғақта, үйде, жолда, баршылықта, таршылықта, дені сау кезде, ауырғанда, 
жасырын, жария әрдайым, әр жерде Алланы еске алыңдар». 
Құранда мұнафықтар «
Алланы өте аз еске алғандар
»
400
 
деп сипатталады. 
400
 
«Ниса» сүресі, 142. 
Алланы еске алу туралы тағы басқа көптеген аяттар бар. Мысалы: 
«
Ертелі-кеш іштей жалбарынып һәм (қаһарынан) имене отырып, бәсең 
дауыспен Раббыңды ауызға ал. (Ақиқаттан бейхабар) ғапылдардың қатарына 
қосылма
»
401

401
 
«Ағраф» сүресі, 205. 
«
Ол Алланы үнемі (жүрекпен, тілмен һәм іс жүзінде) еске алу болса, 
құлшылықтың ең үлкені, ең зоры
»
402
 
402
 
«Анкабут» сүресі, 45. 
Ибн Аббас жоғарыдағы аят туралы былай деп айтады: «Бұл аятты екі түрлі түсінуге 
болады: 
1) Алланың сендерді еске алуы сендердің оны еске алғандарыңнан да мағыналы; 
2) Алла Тағаланы еске алу басқа барлық ғибадаттардан жоғары тұрады». 
Бұған қатысты тағы бірнеше аят бар. 
Ал енді Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл туралы төмендегілерді айтқан: 
«
Немқұрайды кісілердің арасында Алланы еске алып жүрген кісі қураған шөптердің 
арасындағы көк шөп сияқты
». 
«
Немқұрайды кісілердің арасында Алланы еске алып жүрген кісі жауға қарсы 
соғысудан қашқандардың арасындағы соғысушыға ұқсас
». 


152 
«
Алла Тағала: «Мені еске алып жүргенде, аузы Мені зікір қылып, қыбырлап 
тұрғанда құлыммен біргемін»

– деген. 
«
Пейіш бақшаларында серуендеуді қалаған кісі Алла Тағаланы жиі-жиі еске алсын
». 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Ең жақсы іс қайсы?» – деп сұрағанда, «
Алланы 
зікір қылған тілің құрғамай жатып жан беруің
», 
– деп жауап берген. 
«
Ертелі-кеш Алланың атын зікір қылсаң, таң мен кешке күнәсіз кіресің
». 
«
Алла Тағала айтады: «Құлым Мені ішінен зікір қылса, Менде оны ішімнен еске 
аламын. Мені ел арасында зікір қылса, Мен оны одан да жақсырақ көпшіліктің 
арасында еске аламын. Маған бір қарыс жақындаса, Мен оған бір кез жақындаймын. 
Маған бір кез жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Маған қарай жүрсе, Мен 
оған қарай жүгіріп барамын
». 
Қияметте «
Жеті түрлі кісіні басқа еш көлеңке болмаған күнде Алла Аршының 
көлеңкесіне кіргізеді. Ол жетеудің бірі – жалғыз қалғанда Алланы еске алып, одан 
қорқып көздері жасқа толған пенде
»
403

403
 
Сахихул Бұхари, 660. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабалардан: «
Маған жақсылап құлақ түріңдер. 
Сендерге істеріңнің ең жақсысын, Жаратқан Иелеріңнің алдында ең таза болғанын, 
сендерді ең ұлы дәрежеге жеткізгенін, қағаз бен алтын ақша таратқаннан сендер 
үшін одан да қайырлысын, дұшпанмен бетпе-бет келіп, оны сұлата шапқаннан не 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет